Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері

339

Күні: 

Сабақтың тақырыбы: Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері

Сабақтың мақсаты:1) иіс, дәм, сипап сезу мүшелерінің қызметі, ерекшеліктері туралы түсінік беру
2) өз сезім мүшелерінің ерекшеліктерін біле отырып, пәнге қызығулықтарын арттыру

3) жеке бас гигиенасын сақтауға, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Болжамдалған нәтиже: иіс, дәм, сипап сезу мүшелерінің ерекшеліктері, олардың жұмыс істеу қызметін, сезім мүшелерінің гигиеналық ережелерін сақтауды білу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, биодиктант

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта

 

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Білімді тексеру

ІV. Оқушыларды жаңа сабақты игеруге даярлау

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

VІ. Жаңа материалды қаншалықты түсінгендігін және игергендігін тексеру

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

VІIІ. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

2.Психологиялық сәт.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақтар

  1. Құлақ қандай бөлімдерден тұрады?
  2. Құлақ қалқаны қандай қызмет атқарады?
  3. Дабыл жарғағы қайда орналасқан?
  4. Ортаңғы құлаққа нелер жатады?
  5. Ішкі құлақтың құрылысы қандай?
  6. Құлақтың қандай бөлігінде тепе – теңдік мүшесі орналасқан?
  7. Адам ұшақта отырғанда неге құлағы бітеліп қалады?

 

ІІІ. Білімді тексеру

Кестемен жұмыс

 

Бөлімі Құрылысының ерекшелігі Атқаратын қызметі
Сыртқы құлақ
Ортаңғы құлақ
Ішкі құлақ

 

ІV. Оқушыларды жаңа сабақты игеруге даярлау

Мағынаны ашу

Тән сезіп, көзбен көрмек,

Мұрын иістен, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінің мұндағы ойы-хабар алып,

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сипап сезу – бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар: саусақ, тері ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралаған жүйке ұштары болып табылады.

Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезімталдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшықет сезімі аймағына бағытталады.

Дәм сезу мүшесі. Тамақты оның иісімен бірге қабылдағанда дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді. Тіл ұшы — төтті нөрсеге, орталык-арткы бөлігі — ащы, алдыңғы және бүйір бөліктері тұзды нөрсеге сезімтал. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді. Тілдің өр түрлі бөліктерінде орналаскан рецепторлардан жүйке талшыктары қозуды мидың белгілі бір бөлігіне өткізеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді.

Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей калған кезде тамақ дәмі өзгереді

Иіс сезу мүшесі адам үшін маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, ашып кеткен тамақ туралы хабар береді. Мұрын қуысының үстіңгі мүрын қалқанында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл — пішіні түйреуіш тәрізді және кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал.

 

Иіс сезу анализаторы
● Иіс сезу рецепторы жүйесінен
● Иіс сезу жиынтығынан
● Иіс сезу орталығынан
Дәм сезу рецепторы орналасады
→ тілдің ұшында
→ артқы бөлігінде
→ жиегінде
→ жұмсақ таңдайда
→ жұтқыншақтың артқы жағында

Сипап сезу – тері анықтайды
→ қаттылығын
→ жұмсақтығын
→ тегістігін
→ жылылығын
→ суықтығын
VІ. Жаңа материалды қаншалықты түсінгендігін және игергендігін тексеру

Сөйлемдерді толықтыр

1.Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал.

  1. Лимонның дәмін тілдің орталық-артқы бөлігі сезеді.
  2. Соқыр адамда сипап сезу өте жақсы дамиды.
  3. Ауру сезімдерін терідегі бос жүйке ұштары қабылдайды.

 

  1. Дәм сезу рецепторлары – бұл тіл бүртіктері.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

Графикалық диктант

  1. Тері — бір сезімнің жиынтығы.-
  2. Ауырсынудың арнайы тітіркендіргіші болмайды.+
  3. Дәм сезу аймағы ми қыртысының лимбика аймағында орналасады.+
  4. Иіс сезу орталығы — ми қыртысының шүйде аймағы. —
  5. Зат бейнесі сары даққа түскенде ол өте анық көрінеді.+

VІІІ. Бағалау

Сабаққа қатысу деңгейіне қарай оқушы білімін бағалау

 

ІХ. Үй тапсырмасы

  • 22 оқып келу, 49-50-суреттерді салу