Мидың құрылысы және бөлімдері.

 

Сабақтың тақырыбы :  Мидың құрылысы және  бөлімдері.

Сабақтың мақсаты:

Оқу материалын оқушыларға 63% өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгерту, оқу техникасының көлемін,сапасын және шапшаңдығын арттыру,ойлау шапшаңдығын, жады мен зейінді дамыту.

Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау.

ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді      ұйымдастыру;

есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;

пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;

өз бетінше білім алуға үйрету,ең негізгіні бөліп алу, салыстыра  білуге дағдыландыру;

өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету,өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету

Көрнекілігі ,дидактикалық материалдар:тірек-конспект,интерактивті тақта,

ООМ,

                             Сабақтың барысы:

 

Сабақтың

құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібіТүсініктеме
1кезең.

Ұйымдастыру

кезеңі.

Оқушылардың зейінін жинақтау:            ООМ

АБВСДЕ
      
      
      
      
      

 

Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі

 

 

 

 

2кезең.

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру.

Жетекші білім  метод амалдарын  өзектендіру кезеңі

 

Үй тапсырмасы бойынша ТСҚ жазу.

Жаңа тақырып тірек-конспект арқылы түсіндірілді

Кіріспе жасауға-15 мин
3кезең.

Стандарттық

және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру

 

Мәтінмен және тірек сөздермен  жұмыс.

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады:

Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталынып, тақтаға жазылады.

Тақтадағы тірек сөздерді оқушылар есте сақтайды,уақыт біткен соң сөздер жабылып, есте қалғандарын дәптерге жазады.

Сөздер ашылып, салыстырылады,ұмытып кеткен сөздермен толықтырады

 

Мәтінді оқу жылдамдығы 1бетке 3мин.ООМ-да  оқушылардың тапқан сөздері «+», «- » таңбамен белгіленеді.

Тірек сөздерді дәптерге жазу.21 сөзге3мин уақыт беріледі.ООМ-да

Неше сөз жазғандығы тексеріліп. бормен сөз саны жазылады

4кезең.Білімді өз бетінше қолдану

 

Аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында,қиылыс сұрақтар қойылады

1.Ми бастың ми сауытының ішінде орналасады ма (ия)

2.Мидың орташа салмағы 2000-4000г болама  (жоқ)

3.Ми 20жасқа дейін дами ма (ия)

4.Ми  ақ, сұр затынан тұрады ма(ия)

5. Миды жұлынмен байланыстыратын өткізгіш жолдар сұр заттан түзіледі ме (жоқ)

6.   Өткізгіш жолдар ми бөлімдерінің өзара байланысын қамтамасыз етпейді ме? (жоқ)

7. Ми қарыншалары дегеніміз ми сұйықтығымен толған мидың қуыстары ма? (ия)

8. Ми қарыншаларының қызметі қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару, ми ішіндегі қысымды реттеу ме? (ия)

9. Ми құрлымдық және қызметтік бөлімдерге байланысты 5-ке бөліне ме? (жоқ) (бағаналы, қыртыс асты, алдыңғы ми сыңарларының қыртысы)

10. Ми сопақша ми, мишық-артқы ми, ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми сыңарлары бөлімдерінен тұрады ма? (ия)

11. Сопақша ми мишықтың жалғасы ма? (жоқ)( оның ұзындығы 2,5-3 см)

12. Сопақша мимен ортаңғы миды байланыстыратын ми көпірі ме? (ия)

13. Мишық мойын-тұлға, аяқ-қол бұлшық еттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтап, реттейді ме?(ия)

14.12 жұп бассүйек-ми жүйкелері ортаңғы мидан таралады ма? (жоқ)(Ми бағанасынан )

15. Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан ми бөлімі ортаңғы ми ма? (ия)

16. Аралық ми зат алмасу,жүрек-қан тамырлары жүйесі,ішкі секреция бездері,зәр шығару,ұйқы жұмысын реттейді ме? (ия)

Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.5баллдық шкаламен түрлі түсті бормен баға қойылады
5кезең.

Бақылау  және өзін-өзі бағалау

 

 

Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырады Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап,сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс –бұрыстығын сұрақ қоюшы  оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді.5+30

Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін 30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады.Осы тақырып бойынша 1нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады 2нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады.

Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұхсат етілмейді

6кезең.Түзету және  рефлексия

 

Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру.Жіберілген қателерді талдау.Өтілген тақырып бойынша ТСҚ жазу.

 

Жіберілген қателерді талдау.
7кезең.Қорытындылау

 

Тез және сапалы жұмыс жасаған ,толық жауап берген оқушыларды  мадақтау.Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау,барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау.Барлық оқушы мадақталады.ООМ-да  әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 баллдық шкаламен бағаланады

 

8. кезең.Үй тапсырмасы4белгіден кем алған оқушылар  үйге тапсырма алады 14параграфты оқу,деңгейлік тапсырмаларды орындау4белгіден кем алған оқушылар  үйге тапсырма алады 31,32параграфты оқу,деңгейлік тапсырмаларды орындау