Құстар-біздің досымыз

64

Арқалық түзеу мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология апталығына арналған «Құстар- біздің досымыз »

атты ойын

 

 

 

 

Дайындаған: Жұман А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қаласы

Ойын:                           Құстар-біздің досымыз

Мақсаты:

         Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы олар жөнінде мағұлмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету, олардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.

Отанын, жерін, орманын,көлін, табиғатын сүюге баулу.

 

Көрнекілігі: Альбомдар, «Құс-табиғат байлығы»-атты буклет, кітап көрмесі, үнтаспа

 

Барысы:(Бейнетаспадан ормандағы құстардың әртүрлі әсем дауыстары көрсетіледі)

 

Жүргізуші: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі-құстар. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәрәптеп ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.

 

І-тур.

Әр команда ортаға шығып команда аты, эмблема, девизін қорғайды.

 

ІІ-тур.   Викторина.

  1. Құстың негізгі мекені не? (Ұя).
  2. Қандай құс хат тасушы атанған?    (К өгершін).
  3. Қай құста мүлде ұя болмайды?(Көкек).
  4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт).
  5. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960 рет).
  6. Құстар қандай пайда келтіреді?
  7. Қарлығаш өзінің жемін қалай ұстайды?
  8. Қыстайтын құстарға неге қосымша жем шашады?
  9. Жыл құстары неге көктемде келеді?

 

ІІІ тур.  Жұмбақты шешу.

 

  1. Көңілдің көркі, сәні екен,

     Ұшқанда сазды ән екен.

     Ақындар оны мақтаған,

    Бұл қандай құс?                                   (Аққу).

 

  1. Ақ сарайын талқандап,

   Шықты біреу талтандап.                            (Балапан).

  1. Маң-маң басқан жүрісі,

   Барлық құстын ірісі.

   Қашқанда құстай ұшпайды,

   Қуғанын бірақ ұстайды.                      (Түйеқұс).

  1. Ауыл да, қала да мекені

    Жолаушы жүрсек шығарып салады,

    Алдынан шығады

    Жаныңды еркелетеді.                          (Қарлығаш).

  1. Өзі сақ, өзі ұсақ,

     Шықылықтап тұрмайды.

    Құйрығы ұзын, өзі ала

    Бұл қандай құс?                                   (Сауысқан).

  1. Көктемде құстар келгенде,

   Ең алдымен келетін

  Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс балалар ?                        (Қараторғай).

    

IV-тур

 


  1. Басы тарақ,арты орақ.
  2. Тал басында

  Түндіксіз отау.

3.Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

 Басына бөрік келер, құндыз ұстап,

Үстіне ақ қамзолын келіп алып,,

Жүреді екі қолын артына ұстап.

  1. Тіріден өлі туады,
  2. Өліден тірі туады.
  3. Бар екен бір мақұлық шағын ғана,

Мекені күндіз оның биік жарда.

Ұмытпайды ол мақұлық күндіз тікті,

Ұшады кешке таман күн батқанда.

  1. Бір нәрсе екі аяқты , сегіз бармақ,

Іліксе дүниенің бәрін алмақ.

Өзінің тілі бар да тістері жоқ

Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.


 

             V тур: Ән конкурсы

 Оқушылар құстар туралы бір ән орындап береді.

 

     VI тур         Капитандар сайысы.

  Осы аталған құстар қай шығарманын кейіпкерлері?

 

 

            VIІ тур. Үй тапсырма.

  Біздің өлкеде мекендейтін құстар туралы әңгіме. 

 

                 Қорытындылау.