Малды көктемде бағып күту.

63

Дүниетану

 Тақырыбы: Малды көктемде бағып күту.

Мақсаты:

 а) жаңа сабаққа оқушыларды белсенді қатыстыру,мәтін    мазмұны, 4 түлік бойынша   мағлұмат беру.

ә) әдет-ғұрып, салт дәстүрді бірге тәрбиелеу.

б) өлі –тірі  табиғатқа қызығушылықтарын,қабілеттерін             арттыру.

 Көрнекілігі: бүктемелер, демострациялық  материалдар,сурет «Мал  өрісі» шаблондар.

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу жұптық жұмыстар

Түрі: ойын сабақ :

                              Барысы:

І Ұйымдыстыру: — Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз мал өрісінде өтеді:Сабақ кейіпкерлері – төлдер.

— Төлдің қандай түрлерін білесіңдер?

— бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.

ІІ. (Есік қағылады, Алдаркөсе келеді)

  • Ассалаумағалуйкум, Алдаркөсе
  • Уағалейкумассалям, балалар?
  • Алдаркөсе өзінің қоржынын ала келіпті, сыйлықтары бар екен. Оларды алу үшін сабаққа қалай қатысуымыз керек.

Ойын: «Төлдерді өріске айда»

Мұғалім: — Мен сендерге төлдер суретін таратамын. Сыртында сұрақтар бар. Дұрыс жауап берген бала тақтадағы өріске апарып қояды.

Сұрақтар:

  1. «Бота» туралы тақпақ айт.
  2. Қошақанды суреттеп бер.
  3. Төлдерді сүйсініп не деп атайды.
  4. Төлдердің қимылын білдіретін сөздерді ата.

а) Оқулықпен жұмыс: (мәтін оқылып, сұрақ-жауап алынады)

ә) – Малды қалай бағып күтеміз?

   — Мал мен жабайы аңның айырмашылығы.

  — Үйден мал тіршілігі туралы әңгіме.

Сергіту сәті: Ән: «Төлдер»

 

б) Дәптермен жұмыс: түйе – бота, сиыр – бұзау, жылқы – құлын, қой-қозы, ешкі – лақ.

— Малға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

— Малды теппе,

— Малды басынан ұрма.

— Малға теріс мінбе.

в) «Төлдерді шақыру» ойыны

Мұғалім: — Балалар біз төлдерді өріске айдағанбыз. Енді оларды, қалай шақырамыз. Бота – көс-көс, құлын – құру-құру, қозы – пұшайт-пұшайт, лақ-шөре-шөре, Алдаркөсенің сыйлығын тапсыру.

  1. Үйге тапсырма: 91-бет, эссе «Төлдер»
  2. Қорытынды: пысықтау, бағалау.