Терінің құрылысы мен қызметі .Тері аурулары

64

Сабақтың тақырыбы :§54. Терінің құрылысы мен қызметі .Тері аурулары .

Сабақтың мақсаты :терінің құрылысы мен қызметі,тері аурулары туралы түсіндіре отырып білім беру.                                                                                                                                   Тәрбиелілігі : денсаулық сақтауға , тері және жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.                                   Күтілетін нәтиже : оқушылар терінің құрылысы, атқаратын қызметі , оны күту туралы , оны зерттейтін ғылым туралы біледі.                                                                                                       Қажетті ресурстар :плакаттар, интерьактивті тақта, слайдтар,түрлі бояулар, стикерлер  мен қағаздар.                                                                                                                                            Сабақтың типі : жаңа сабақ.                                                                                                           Сабақтың түрі : аралас сабақ .                                                                                                             Сабақтың әдісі :СТО технологиясы, диалогты оқыту,топтық жұмыс.                                                                                                                                          Қолданылатын стратегиялар :БЛУМ стратегиясы,Раунд-робин , рефлексиялық бағалау, екі жұлдыз ,бір тілек.

Сабақтың барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс -әрекеті Жұмыс түрі
1.ұйымдастыру 3 минут Оқушылармен сәлемдеседі, сыныпты түгендейді, 2.психологиялық дайындық жасайды,топқа бөлінуді ұсынады,

3.олар   түрлі түсті фигуралар арқылы топқа бөлінеді

  Топқа бөлінеді, назарларын сабаққа аударады ,мақсатпен танысады. ұжымдық

 

1.Білу деңгейі    7 минут        Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Жұмыс түрі
 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру :

 

 

 

 

 

 

 

 

І.«Кім жылдам ?» сұрақтары

1.Зәр шығару жүйесі деген не ?

2.Уремия қандай ауру ?               3.Бактерия әсерінен бүйректің қабыну ауруы қалай аталады ?

4.Нефрон деген не ?

5Урология ғылымы нені зерттейді ?

Тез қимылдап , сұраққа жауап беріп ,  өздеріне ұпай жинайды , бірін-бірі тыңдап, қолдау көрсетеді. Топтық жұмыс
6.Алғашқы зәрдің құрамы қандай ?

7.Алғашқы зәрдің  мөлшері қандай ?

8.Ақырғы зәрдің мөлшері қандай ?

9.Бүйрек қайда орналасқан ? 10.Пішіні мен құрылысы қандай ?

ІІІ Жаңа сабақ . 10 минут 1.Тері деген қандай мүшеге жатады деп ойлайсыңыз ?                                                 2. Ағза тіршілігінде терінің  қандай маңызы бар ?

Одан ары оқушыларға оқулықпен жұмыс жасауды  ұсынады.

 

Тақырып бойынша білетіндерін дәптерлеріне жазып, оны ортада айтады.

Тері денені сыртынан жауып,қорғайды, теріде шаш,түктер  болады.

топтық
 

2. Түсіну .

Мағнаны тануы

 

  жоспар бойынша тапсырма береді:

1.Терінің   атқаратын қызметі

2. Терінің құрылысы

3.Тері аурулары, олардың пайда болуы мен емделу шаралары

 

Оқулықпен жұмыс жасайды,ойларын жинақтап, өзара талдап, ортаға бір оқушы  шығып ,  түсінгенін айтады. Топтық жұмыс
3.Қолдану    5 минут Тақырыптан түсінгендерін қолдана білуге үйрету мақсатында  биологиялық  диктант  береді.

1-тапсырма : Интерьактивті тақтадан көрсетіледі.                                                               1.Тері ——- қабаттан тұрады.                              2.Сыртқы қабаты——-деп аталады.

Ол —— және — жасушадан тұрады. Мүйізді қабаттан ——,—,—, пайда болады.

Тері безі және май безі ——қабатта орналасқан.                                      Май безінің қызметі——

Дерматология ғылымы————

 

Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып , дәптерге      жауап жазады,кейін кезекпен оқып шығады, өз қателерін түзетеді, өз ұпайларын бағалау бетшесіне жазып отырады.  Жеке жұмыс
4. Талдау  7 минут Оқылған тақырыпты  талдай білуге үйрету мақсатында тапсырмалар береді: Тапсырмалар әр топқа беріледі:                                                                  1-топқа :Эпидермис қабатының құрылысы мен қызметі                                           2-топқа:Дерма қабатының құрылыс мен қызметі

3-топқа :Тері аурулары ,олардың алдын алу және теріні күту туралы

 

 Сұрақтарға талдау жасап, тапсырманы  орындайды ,постер қорғайды, алған ұпайларын жазып отырады Топтық жұмыс
5.Жинақтау (ой тұжырым кезеңі )   3

минут

Раунд-робин тәсілімен сабақты тұжырымдап,сөйлем құрастыруға нұсқау береді.  Әрбір оқушы бірін-бірі қайталамай бір сөйлеммен бүгінгі сабақтан не ұққанын айтып шығады  Жеке жұмыс
6.Рефлекциялық бағалау    5

минут

Екі жұлдыз ,бір тілек парағына өз пікірлерін жазуға береді смайликтер беріледі ( риза сезімі, ойланып отырған сезімі, ренжулі сезімі бейленген ; оқушылар өздері таңдағандарын ұсыныс парағына жапсырады. Әр оқушы өтілген сабақтан алған әсері, ұсынысын жазып , сұрағын қояды. сабақтың ұнаған ұнамаганы тұстарын көрсетіп ,өз тілектерін жазады. Жеке және топтық жұмыс
ІY.Бағалау      3

минут

 бағалау  бетшесін алдын-ала беріп қояды. , оқушылармен бірлесе отырып, бағалайды.

 

 

Әр оқушы өзін-өзі бағалайды Жеке жұмыс
Y.Үйге тапсырма :     2

минут

§54§55 .Тері ауруларына реферт жазу

 

 

Үй тапсырмасын күнделікке жазады. Жеке жұмыс