Егемен елдің Елбасы

121

Тақырыбы: Егемен елдің Елбасы

Мақсаты:1.Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру;

2.Елбасының өмірін,еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып, елжандыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу.

  1. Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, танымдық ойын, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі : Интерактивті тақтадан портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Елбасының қанатты сөздерін слайд түрінде көрсету.

 

Тәрбиеші:Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.Қараңдаршы, біздің шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар( шеңбер бойымен алдын ала дайындалған айналар қойылған)

Әрбірін өз айналарыңды алып, артына қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.Егер күлкі бейнеленсе — онда бір- бірімізге күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе — қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесейік, жүрек бейнеленсе – құшақтасайық. Көзімізді жұмамыз.

Тәрбиеші: Көзімізді ашсақ ертегі әлеміне тап болдық.

Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір- бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болған екен. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешіуіне дес бермеген, қажыр – қайраты қаһармандығы, адалдығы, бірлік- берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртының назарын аударыпты. Бақыт деген құстан « Қайда барып тұрақтайсын?» десе, « Ынтымағы жарасқан елге»  деген екен. Ал бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты.

Ендеше балалар бұл қай ел?

  • Қазақстан

Осы елдің бағына туған, нұрлы ғұмыр, нұрлы мекеннен, жанарына нұр тұнған балалықтан, санасына сыр тұнған дала даналықтан бастау алады.

Егеменді Отанымның

Қасиетті қазағымның

Елбасы кім айтыңдар?

  • Н.Ә. Назарбаев
  • Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың маңызды тақырыбы: «Егемен елдің Елбасы»деп аталады.

Әлия: Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 – шілде де Алматы облысы, Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Көрініс.

Таңертенгі астың кезі.

Сұлтан ( Мэлс): Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы (Айжан) :Ол қандай түс , балам? ( елең ете қалады)

Сұлтан:Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төмееен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін, балам. Мансабың, жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен. (Анасы баласына ақ батасын беріпті).

Жанерке:1958 жылы орта мектепті бітіріп, Теміртау қаласына жұмысқа тұрады.

Айжан: 1991жылы 1-ші желтоқсанда Бүкілхалықтық сайлауда Президент болып сайланды.

Мэлс: Еліммен бірге, есейіп өсіп толамын

Ақылын тыңдап, үлкеннің тілін аламын.

Елімнің қамын ойлаймын деген Елбасы

Қазақтың ұлы Назарбаевтай боламын!

Айжан:  Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағың

Тарихтан тартып бабалар жолын жалғадың

Ерлік пен елдік мұратын туғып төбеңе,

Болашақ, қамын,халқыңның қамын жырладың

Әлия:Ақылым өсіп, азамат боламын еңселі

Адам да болам, артатын маған ел сенім

Үлгісі болған намысты ұлдың – Елбасым

Өзімнен алам ұлылықтың нағыз өлшемін.

Аружан:Талай елге танытып қазағыңды

Өркениет өлкесіне өріс алдың

Мойындатып туымды байтақ елге,

Тәуелсіздік төріне сен апардың.

Жанерке:  Сананы түйіткілдерден тазартайық,

Айтпаған шындық сөзді тартар айып

Авторы, сәулетшісі Астананың

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан.

Жамбыл бабамыз ақындығы қызып, жолбарыс көргенде қозады екен.

« Қазақстан картасы»

( Танымдық ойын сайысы)

Тәрбиеші: Картасына қарасаң

Ұқсайды алып балыққа

Өзі ірі ел, санасақ,

Ол алғашқы ондықта

« Бұл қай ел?» деп сұрасаң

Жүздеген ұлт өкілі

Өндірісті кәсіп етеді.

Ол – Қазақстан Республикасы.

1 Қазақстан Республикасының Президенті кім?

2 Елбасымыздың туған жері(Алматы облысы,Қарасай ауданы,Шамалған)

3Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды?(Туркия Астанасы – Анкарада )

4 Қазақстанның түңғыш ғарышкері кім? ( Т. Әубәкіров)

  • Қазақстанның ұлттық валютасының туған күні? ( 15 қараша 1993жыл)
  • Елбасының анасының аты? ( Әлжан)

7 Әжесінің аты? ( Тетебала)

Қорытынды

Бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылай келе, сендердің сабақты жақсы оқитындарына, болашақта біздің Елбасымыз сияқты болатындарына сенім арта келе, Н. Назарбаевтың « XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген сөздермен аяқтағым келеді.