Сыныптан тыс іс-шара: «Білімді бестік» сайысы

Сыныптан тыс іс-шара: «Білімді бестік»  сайысы

Сайыстың мақсаты: әрбір оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, биология пәнін қызыға оқуға ынталандыру, ой – өрісін кеңейту.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, презентация.

Түседі бүгін білім жарысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысына

Талапкердің талабы таудай екен,

Аямас тиіп кетсең намысына – дей  келе, сайыскерлерімізді қошеметтеп қояйық.

Сайысқа төрелік етер қазылар алқасы сайланады.

Жарысқа 2 – топ қатысады.Әр топ өзін – өзі таныстырады. (Сұңқар, Құлагер)

Сайыс кезеңдері:

1) « Өзінді – өзін сына » кезеңі. Әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі.

2) « Сандықшада не бар? » 10 ұпай.

3) « Қызықты сұрақтар » 10 ұпай.

4) « Құпиялы ағаш » 10 ұпай.

5)  Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген ораторлық (30 ұпаймен бағаланады) Егер мен . . .

6) Қорытынды

Мұғалім:

Жарыс заңы ежелден, женімпазды анықтау. Женімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау. Сәт – сапар тілеп бәріңізге сайысты біз басталық. Көрсетіп өнерлеріңізді қалмаңыздар жасқанып.

Топтардың өзін – өзі таныстыруы.

І. « Өзіңді – өзің сына » кезеңі.

1)  Жасушаның  құрылысы мен химиялық құрамын зерттейді? (Цитология)

2) Тірі организмдердің  кіші өлшем бірлігі? (Жасуша)

3)  Г.Мендельдің үшінші заңы? (Тәуелсіз тұқым қуалау)

4)  Адамда омыртқа жотасының саны? (33 — 34)

5)  Митоз фазалары? (Интерфаза, профаза, метафаза, анафаза, телофаза)

6)  Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым? (И.И.Мечников)

7)  Балықтарды зерттейтін ғылым? (Ихтиология)

8)  Қазақстанда « Қызыл кітап » тұңғыш рет жарыққа шықты? (1978 жылы)

9)  Жылықанды жануарлар? (Сүтқоректілер, құстар)

10)  Қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары? (Эритроциттер)

ІІ. « Сандықша »

1 –топқа:

XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайдй. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейде  XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда таруына III Петрдің еңбеі зор. Сандықшада не бар? (Картоп)

2 – топқа:

Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл. Одан түрлі ыдыс – аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын бұйымдар жасалынады. Әсіресе, оның басқа металдармен қоспасы өте құнды. Мұндай қоспалар әрі берік, әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңінен қолданылады. Ол таза күйінде ХІХ ғасырдың басында өндіріле бастады. Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті. Біразға дейін  мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат, сирек кездесетін зат ретінде қолданылған. Сандықшада не бар? (Алюминий)

ІІІ. « Қызықты сұрақтар » кезеңі. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі.

1)            Шай қайнатып шағала,

Бәрін шайға шақырды.

Келді тоғыз шағала,

Неше шағала шай ішті? (10)

2)   Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

3) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)

4) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (Екеуі де тең)

ІV. « Құпиялы ағаш » кезеңі.

1 – топ:

Халық арасында мынандай аңыз бар. Бұл жерде аң көп болған. Осы жер тұманданып тұрған екен. Аңға барған адам бұл жерден қайтпайды. Бұл қай жер? (Барсакелмес)

2 – топ:

Халық арасында мынандай аңыз бар. Өте ертеде, қазақтар далада көшіп жүрген кезеңде шыңда бір тау – бүркіт өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырғи көзімен қарап отырады. Сұлтандар осы бүркітті атайын десе, оқ құс ұясына жетпейді. Кейбіреулері ұясына шығып өлтірейін десе де шыға алмайды екен. Бұл қай жер? (Оқжетпес)

V кезең. Сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген ораторлық.

« Егер мен . . . »

А: « Егер мен биология пәнінің мұғалімі болсам. . . »

Б: « Егер мен газ құбырының бастығы болсам. . . »

VІ.  Қорытынды.