Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы.

55

 

Сабақ №  8
Мерзімі 26 .09 . 2014.
Сыныбы 7  «  Д »
Пәні Биология
Сабақтың тақырыбы Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы.
Сілтеме (дереккөздері) 7 сынып биология оқулығы   Алматы   «Мектеп»  2012.
Мақсаты  Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білуге жағдай қалыптастыру .
Міндеттері 1. Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы туралы білім беру,үйрету.

2.Қорытындылау,салыстыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Салауатты өмір салтын  сақтауға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктерімен, тіршілік әрекеттерімен   танысады.
Көрнекілігі Қарапайымдардың  суреттері,мәтін,кестелер,бағалау парағы.
Әдіс- тәсілдері Топтық жұмыс,сұрақ-жауап.
Сабақта орындалатын тапсырмалар Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2.Топтық жұмыс. 3  мин 1.Оқушыларды топқа бөлуді қорапшалар және кубиктер арқылы іске асыру.

2.Оқушыларға кубиктердің ұнатқан түстеріне қарап таңдап алуды ұсынады.

3.Түстеріне қарап топқа бөлінетінін айту.

1. Оқушылар топқа бөліну үшін қорапшалардағы   кубиктерді  алады.  2.Түстеріне қарап таңдап алынған кубиктер бір топқа жиналады .

3.Түстеріне қарап топ құралады.

2.Бононың алты қалпағы 8 мин Оқушыларға түсті тақияларды (тақияның өзінің атқаратын тапсырмасы бар) таратып тапсырмаларды орындауды ұсынады Оқушылар тақияның түсіне қарап берілген тапсырмасын орындайды.(қызыл-эмоция, қара-жағымсыз жақтары,ақ- ақпарат, жасыл- жұмбақ ,өлеңдер, көк-қорытынды)
3.Сәйкестендіру. 8 мин Қарапайымдардың суреттерін  типтеріне сәйкестендіру мақсатында таратады. Үй тапсырмасы бойынша алған білімдерін көрсетуге тырысады және сәйкестндіруді  орындайды.
4. Сергіту сәті. 2  мин

 

 

 

Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылардың бәрі оған қатысады.
5. Постермен жұмыс. 18  мин Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы    туралы білімдерін постерге түсіріп, қорғауды ұсынады.

 

Топтағы оқушылар өз қабілеттерін танытуға тырысып, жұмысты өз ара бөліседі, бірі сурет салады, бірі баяндауға дайындалады, бірі үйымдастырады,бірі басқа топтан ақпарат жинайды,бірі уақытты өлшейді,  жазады жиналған және өздері оқып үйренгендерінен.

 

6. Тест жұмыс.  4  мин

 

Қарапайымдар  туралы  білімдерін тест арқылы тексеру мақсатында тест таратады. Оқушылар тақырып  бойынша алған білімдерін көрсетуге тырысады және тесті шешеді.
7. Үй тапсырмасы. 2  мин Тақырып бойынша түсінгендерін ой қозғау ретінде эссе жазу тапсырылады және жиынтық бағалары айтылып,қойылады.

 

 

 

Оқушылар үй тапсырмасын алады, өз-өздерін де бағалай алады .