Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

1 – бастаушы:

— Құрметті достар! Өнер – білім мерекесін бастаймыз. Ақыл көпке жеткізеді. Өнер көкке жеткізеді. Өнерлінің өрісі ұзақ. «Өнер – ердің қанаты»- дейді.

Балалар, бұл – жолбасы, даналыққа

Келіңдер түсіп байқап қаралықта

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық — өшпес жарық кетпес байлық

Жүріңдер,іздеп тауып алалықта. – деп Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқандай, ешкімнен кем болмай, ешнәрседен қалып қоймай өз білімімізді,өз өнерімізді мына отырған халыққа көрсетейік.

2 – бастаушы:

Өмірде ұшқыр уақыттың ықпал етпейтін бірде-бір сапасы жоқ. Уақыт табы біздің басқан әрбір қадамымызда қалып жатыр. Қайда, кәне демеңіз, әдебиет пен өнерден де, біздің қарапайым өмір тіршілігімізден де, жұмыс стиліміз бен салтымыздан да, мінез – дағдымыздан да уақыттың лебі есіп тұрады.

1 – бастаушы:

Отанды сүю үшін міндетті түрде ұлы нәрсенің алдында тағзым етудің қажеті жоқ. Ол үшін балалық шағың өткен аула жағасының жасыл құрағы жайқалып, желкілдеп өскен жас талдарының сыбдырына ұю, тыншыған өзен көшедегі кездейсоқ жүргіншілердің жүздері көктемгі дала жайлаудың көкжиекпен астасқан  шайдай ашық аспаны, қалқыған ақша бұлттар сияқты қарапайым көзтаныс көріністерді ұнатсаңыз да жеткілікті. Егер сіз осыларды көріп, шаттана алсаңыз жер бетінде басқа өмір сүрмегеніңіз әрі өзіңізді оның перзенті деп есептеуге толық хақыңыз бар.

2 – бастауышы:

Қазақстан дегенде кейбіреулер тек қана далалы өлкені елестетеді. Қалыптасып қалған бұл ұғым бүгінде өзгерді. Ол Хан тәңірі секілді, көк тіреген пирамидасы бар таулы, далалы өлке.

Ол көлдер өлкесі, өйткені мұндағы Көкшетаудың көгілдір көлдерін, әлемдегі айдыны жарқыраған ең үлкен, көл теңізі Каспийді, Тянь-Шаньның мәңгі мұзаттарының ортасында мөлдіреп жатқан көз жасындай  көлдерді, кім болса да, табиғат сұлулығының інжу-маржандары  деп біледі. Қазақстан кең байтақ ол-Алтай тайгасы, Іле тоғайы, Қостанай мен балқаш жағалауындағы сексеуілдері жайқалған орманды өлке. Ол – шөл далалы, ақ бас таулы, өзенді өлке. Ол шөл далалы, ақ бас таулы өзенді өлке. Осылардың барлығы да кең байтақ Қазақстанды, оның байлығы мен берекесін паш етеді.

1 – бастаушы:

Өлең жазсын, сурет салсын, сырнай тартсын – осының  бәрі өнерлігіңді, білімділігіңді білдіреді. Білімсіз өнер болмайды, өнерсіз білім болмайды.

Өйткені: Өнер —  ағып жатқан бұлақ,

Ілім – жанып тұрған шырақ

2 – бастаушы.

Өнердің қай түрімен айналыссаң да, жүректен шыққан жөн.

1 – бастаушы:

Сонымен,ортаға өнерімізді салайық, би билейік, ән шырқайық, көрініс көрейік. «Өнер құдіреті, немесе райынан қайтқан хан» туралы қойылым көрейік.

2 – бастаушы.

Өнер, білім туралы мақал-мәтелдерде бар. (Жандос, Руслан, Жомарт, Мархабат, Алтынбек, бақыт, Ғабит, Қалижан, Қорғанбек.)

1 – бастаушы.Би.

2 – бастаушы:

«Сырлы әуен» атты конкурсымызды бастаймыз. Музыка аспаптар туралы не білеміз? Домбыра (Ринат) Қобыз (Салтанат), Шертер (Салтанат), Жетіген (Қарлығаш), Сыбызғы (Жанар), Мүйіз сырнай (Жандос), Шаңқобыз (Айнұр)

1 – бастаушы.

Спорттың өзі де өнер. Жомарт Абубакиров.

2 – бастаушы. Ән.

1 – бастаушы:

Өнер білім туралы жұмбақтарда бар екен. Шешіп көрелік.

2 – бастаушы:

Санамақтар да бар (Ернұр)

1 – бастаушы: Би.

2 – бастаушы:

«Нар идірген» атты аңыз тыңдалық. Өнердің тағы бір құдіреті Ботасыз қалған нарды жұбатқан күй.

1 – бастаушы: Ән.

2 – бастаушы:

Сонымен, біз бар өнерімізді салдық ортаға. Ұнаған, ұнамағанын өздеріңіз шешерсіздер. Құрметті көрермендер. Ал енді мерекемізді ұйымдастырып отырған Бауыржан ағайымыздың өзі өнерлі ағай екен. Қыл қаламнан ұшқан бейнелер. Ағай өз көрмесін ұйымдастырып отыр. (көрмемен таныстыру)