Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар.

106

Оңтүстік Қазақстан облысы,  Мақтарал ауданы.

О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі Жораева Разия

7 «В» сынып

 

Сабақтың тақырыбы:  Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар.

Сабақтың мақсаты:      Білімділік: Раушан гүлділер тұқымдасы және бұршақ тұқымдастардың құрылыс ерекшеліктері, тіршілік жағдайы, көбеюі және сан алуандылығына сипаттама беру.

Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың сана-сезімін ояту.

Тәрбиелік: Экологиялық білім беру. Оқушыларды табиғатты ұқыпты, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Бүктеме, кеспе қағаздар, гүлді өсімдіктің суреті, макеті.

Сабақтың барысы:       1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау.

Оқушылардың білімділік деңгейін анықтау.

 

Сұрақ-жауап алу.

 

  1. Баобаб қандай өсімдік?
  2. Медицинада дәрі ретінде қолданылатын қандай өсімдік?
  3. Баобаб өсімдігі туралы қандай аңызды білесіңдер?
  4. Құлқайыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді атаңдар?
  5. Шитті мақта дегенді қалай түсінесіңдер?
  6. Көсек дегеніміз не?
  7. Мақта талшықтары қайдан алынады, оны қалай пайдаланады?
  8. Мақта гүлінің құрылысын талдап, диаграммасын сызып, формуласын жазыңдар?

 

І. Кестемен жұмыс.

 

Мына берілген өсімдіктерді қай класс, қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыздар.

 

Өсімдіктер Класы Тұқымдасы
1 Бамбук
2 Қызан
3 Соя
4 Қойбүлдірген
5 Шайшөп
6 Көкпек
7 Мақта
8 Жауқазын
9 Інжүгул

 

ІІ. Кезең. Тест сұрақтары.

 

  1. Лалагүл тұқымдастырынң гүлшоғыры.

А) шашақгүл

Ә) себетгүл

Б) шатыршагүл

В) шоқпаргүл

 

  1. Бұршақ тұқымдастар гүлінің құрылысын көрсетіңіз

А) А6К5Ж1

Желкен

Ә) Т5К5                                                         Ескек     А(9)+1Ж1

Қайықша

Б) К4К0А3Ж1

В) Т(5)К(5)А3Ж1

 

  1. Күлтесі біріккен, гүлі түтік, тілше, құтыша болатын тұқымдастарды көрсетіңіз.

А) күрделі гүлділер

Ә) лалагүл тұқымдастары

Б) раушан

В) астық тұқымдастары

 

  1. Дара жарнақты өсімдіктер класына жататын тұқымдас

А) алқа тұқымдасы

Ә) астық тұқымдасы

Б) бұршақ тұқымдасы

В) раушангүл тұқымдасы

 

  1. Тамырында түйнек бактериялары болатын тұқымдас.

А) астық тұқымдасы

Ә) лалагүл тұқымдасы

Б) құрқашаш тұқымдасы

В) бұршақ тұқымдасы

 

  1. Картоп өсімдігінің жемісі қандай?

А) дәнек

Ә) жидек

Б) бұршаққап

В) бұршаққын

 

Жаңа сабақ.

 

Раушангүлді және бұршақ тұқымдастар қосжарнақты өсімдіктер класына жатады. Раушангүлді өсімдіктердің ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлшоғыры алуан түрлі болып келеді. Алайда бұлардың гүл құрылысы ұқсас. Жемісі – шырынды, құрғақ. Бұнақденелілер тозаңдандырады. Жемісі  құстар, жарғанаттар және су арқылы таралады. Раушангүлділер тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Мысалы, бадамнан бағалы дәрі-дәрмек дайындалады, шие шайыры халықтық медицинада тері бөртпелерін емдеуге қолданылады.

Бұршақ тұқымдастар тамыр түтікшелері арқылы бос азотты сіңіріп, тамыр түйнектерін түзеді. Гүл құрылысында ерекшелік бар. Гүл бөліктері «желкен, ескек қайықша» деп аталады. Жемісі – бұршаққап. Құрамында нәруыз көп болады.

 

Жалпы өсімдіктер екі түрде өседі.

 

 

Жабайы                                                                                    Мәдени

 

 

 

Долана, тікенгүл                 Тағамдық                                         Дәрілік

бүлдірген, итмұрын

 

 

 

Алмұрт, алма, өрік, бүлдірген, алхоры, құлпынай
Алма, алмұрт, алхоры, өрік, шабдалы
Шырын, компот, салат дайындалады әрі кептіріп алады
Жемістерінің дәнінен, тамырынан дәрі алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Алманың табиғатқа берер қандай пайдасы бар?

Алманың табиғатқа берер пайдасы өте көп. Біріншіден табиғатқа көрік береді. Екіншіден жұпар иісімен ауаны тазартады.

  • Адамға берер қандай пайдасы бар?

Адамға берер пайдасы өте көп. Біріншіден жесе тамақ. Екіншіден одан неше түрлі сусындар, тағамдар жасалады. Үшіншіден адамға пайдалы емдік қасиеті бар. Олардың бойында А, В1, С дәрумендері, кальций, калий, магний, натрий, фосфор микроэлементтері, минеральды тұздар бар.

  • Қандай ауруларға емдік қасиеті бар?

Жүрек қан тамырлары ауруларына, ас қорыту жүйесі, бас ауруы, ревматизм, күйік ауруларына және тұмауға ем.

 

Қанқызыл долананың жемісі, гүлдері және жапырақтары дәрі ретінде жүрек ауруын емдеуге пайдаланады. Ол коронарлық тамырларды, ми тамырларын кеңейтеді. Жүрекпен миға оттегінің көбірек келуін қамтамасыз етеді.  Ұйқыны ретке келтіріп, ауыр науқастан соң, жүйкенің қозғыштығын төмендетіп, денсаулықты бұрыңғы қалына келтіреді.

Итмұрынның кейбір түрлерінің құрамында апельсин лимоннан он есе көп дәрумен болады. Жеміс құрамындағы С витамині 2-ден 18 пайызға дейін  жетеді. Сондай-ақ, Р, К, және В тобының митаминдері бар. Итмұрынның кептірілген 10-15 жемісі адамның тәуліктік мұқтаждығын қанағаттандыра алады.

 

Сабақты бекіту:

 

  1. Раушангүлді өсімдіктер құрылысының ерекшелігі неде?
  2. Раушангүлділердің құрылысы қандай?
  3. Бұршақтың жемісі қалай аталады?
  4. Бұршақтың орамжапырақ жемісінен айырмашылығы бар ма?
  5. Раушангүлді өсімдіктердің пайда-зияны қандай?
  6. Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы азотты түйнектердің маңызы қандай?

 

 

Үйге тапсырма.

 

Бағалау.