Тіршілік. Тірі табиғаттың негізгі құрылымдық деңгейлері.

Сабақ №3                                                          Күні:

Cабақтың тақырыбы: Тіршілік. Тірі табиғаттың негізгі құрылымдық деңгейлері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды организмдердің негізгі құрлымдық деңгейлері мен таныстыру.
  2. Тірі организмдердің негізгі жаратылыс деңгейлерінің ерекшеліктерін ажырата білу.
  3. Ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, кесте.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, дамыта оқыту, баяндау, кесте толтыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:

Тірі ағзалардың өлі денелерден айырмашылығы қандай?

Тірі ағзалар қандай заттардан құралады?

Тірі ағзалар қасиеттерінің қайсысы бәріне ортақ?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіршіліктің жаратылу деңгейі. Тірі табиғат күрылымының жаратылу деңгейі біркелкі қалыппен баспалдакты бейімделу аркылы кұрылатын қатармен сипатталады.

ДеңгейлерДене құрылымыҚай ғылым зерттейді
Молекулалық, жасушалық, жасушаішілікағза жасушалары, сондай-ақ біржасушалылардың жасушаішілік кұрылымдары молекулалардан күраладыгенетика, химия, физика
Мүшелік-ұлпалықкөпжасушалы ағзалар мүшелер мен ұлпалардан қүраладыцитология гистология
Ағзалықжеке түрлері құраладыөлкетану, жануар

тану, вирусология, анатомия, физио­логия, морфоло­гия, гигиена

Популяциялық-түрлікбелгілі түрлер өзара еркін шағылысадыЭкология, эволюциялық ілім, мате­матика, генетика
Биогеоценоздызат алмасуы және қуат алмасуы негізінде тірі ағзалармен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи күрделі жүйеэкология және жалпы биологиялық ғылымдар
БиосфералықБарлық биогеоценоздардың жиынтығы. Жердегі барлық құбылыстар кіредіэкология, физика, химия, геология, география
  • Әр деңгей бойынша мысалдар келтіру

ІІІ.  Бекіту сұрақтары:

  1. Ағзаға сипаттама
  2. Тірі материя жаратылымының барлық деңгейлеріне қандай қасиеттер тән?
  3. Популяция, биогеоценоз, биосфера – түсінік беру.

ІV.  Үй тапсырмасын тексеру: Қазақстандық ғалымдар биологияның қай бағыттарын жетілдіруде?

Олардың еңбектеріне талдау

  1. Үйге тапсырма беру. § 2