Сорғыш құрттар

586

 

Сабақтың тақырыбы: Сорғыш құрттар

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сорғыш құрттар және оның құрылысы мен паразиттік тіршілігі туралы түсінік

беру

Дамытушылық: Сабақтан алған білімдерін дамыту. Тіл, ойлау, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.               

 Тәрбиелік: Гигиенаны сақтауға,аурулардың алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ игерту

Сабақтың әдісі: Түсіндірме

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  3. Оқушы назарын сабаққа аудару.

«Өзіндік бағалау» (басбармақ арқылы) әдісі:

Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?

Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  • 13 .Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі.

 «Тізбектей сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.

 

Сұрақтар топтамасы:

      

        1.Сиыр цепені жайлы не білесіңдер?

2.Ол қандай жерлерде тіршілік етеді?

3.Оның дене бөліктерін атаңдар?

4.Сиыр цепенінің дене ұзындығы канша?

5.Олар қалай көбейеді?

6.Денесінен тәулігіне қанша жұмыртқа шығарылады?

 

 

 

 

  III. Үй тапсырмасын бекіту

 

                                                      Семантикалық  карта

 

Құрттардың  құрылыс ерекшеліктері Ақ сұлама Сиыр цепені
Пішіні жалпақ      +         —
Екі жақты симметриялы      +         +
Таспа тәрізді      +         —
Тыныс алу мүшесі      —         —
Дене ұзындығы 4 – 10 м      —         +
Дене ұзындығы 1- 2 см      +          —
Қан тарату жүйесі      —          —

 

  1. Жаңа сабақ.

«ББҮ» сызба әдісі

 

Білемін Білгім келеді    Үйрендім

 

Дене пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, араларында 1,5 м-ге жететін түрлері де бар. Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір-бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады. Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында не бүйірінде негізгі түтіктер орналасқан. Олар дененің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады. Тыныс алу және қан айналым жүйелері болмайды. Жүйке жүйесі жұп ми ганглияларынан тұрады. Одан денесінің алдыңғы жағы мен ауыз сорғышына және артқы бөліміне қарай үш жұп ұзына бойы жүйке бағаналары тарайды. Сезім мүшелері өте нашар дамыған. Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған. Аталық жыныс жүйесі тарамдалған екі тұқым бездерінен тұрады. Олардан қос тұқым жолы шығып, кейін олар қосылып, тұқым қапшығына айналады да, тұқым шығарғыш түтікпен шағылыс мүшесіне жалғасады. Аналық жыныс безі – біреу. Одан шығатын жұмыртқа жолы кеңейіп кішкене қапшыққа – оотипке (Мелис денешігіне) айналады. Дененің екі бүйірінде сарыауыз бездері орналасқан, олар оотипке жалғасады. Оотиптен жыныс клоакасына ашылатын – жұмыртқаға толы жатын басталады. Ары қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Олардың судағы жұмыртқасынан кірпікшелі дернәсілдер – мирацидий шығады. Әрі қарай дамуы үшін олар аралық иесінің (ұлудың) денесіне өтеді. Бұдан соң, мирацидий кірпікшелерін тастап, қозғалмайтын спороцистаға айналады. Оның денесіндегі партеногенетик. жұмыртқалары бөлініп, келесі ұрпақ – редия пайда болады. Соның ішінде гермафродитті дарабастың дернәсілі – церкарий дамиды. Редиядан шыққан церкарий екінші аралық иесінің (балықтардың, бақалардың, су жәндіктерінің) денесіне еніп, циста түзіп, метацеркарийге айналады. Омыртқалы жануарлар сол екінші аралық иені жейтін болса, метацеркарий оның ішегіндегі қабырғасынан босап, гермафродитті дарабасқа айналып, дамуын аяқтайды. Сорғыштар – адам мен жануарларда трематодоз ауруының қоздырғыштары болып саналады. Мысалы, бауыр сорғыш – мүйізді ірі қара малдар мен қойлардың және адамның бауырында паразиттік тіршілік етеді.

 

         Мәтінмен жұмыс

Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі – аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт деп аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы  өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.

Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал  су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.

Видео ролик

  1. Жаңа сабақты бекіту

а) Анаграмма

1.б у р а ы ғ о р ы ш с – бауырсорғыш

  1. г е м р а ф р о т и д – гермафродит
  2. қ т а р ұ р т – құрттар
  3. л ч и и к н а- личинка
  4. г м е л ь и н о л о т и я г — гельминтология

 

ә) Венн диаграммасы

   Сиыр цепені
      бауырсорғыш

 

 

 

 

 

 

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

  • 14 Сорғыш құрттар оқу,қосымша ақпарат іздеп келу.