Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне әсері

39

Сабақтың тақырыбы: Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне әсері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне зиянды  әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы  оқушы білімін арттыру

А) білімділік:  Оқушыларға темекінің тарихы және темекі құрамындағы зиянды заттар туралы оқушы түсініктерін кеңейте түсу.

Ә) Дамытушылық: Шылым шегудің зиянды жақтарын аша  отырып, өз денсаулығын сақтауға оқушылар жауапкершілігін ояту.

Б)Тәрбиелік: Оқушыларға,Қазақстан-2030 ел президентінің Қазақстан халқына жолдауына  сәйкес болашақ  ғасыр  иелеріне терең білімді тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді  меңгерту.

Сабақтың түрі:  Танымдық сабақ.

 

Сабақтың әдісі:   СТО-технологиясының әдіс- тәсілдері.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Плакаттар, Түрлі-түсті суреттер, Буклеттер.

Пән аралық байланыс: Медицина, Валеология,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы назарын сабаққа аудару, сынып оқушыларын 4 топқа бөлу

Жаңа сабақ:

  1. Қызығушылығын ояту: 4-топ оқушыларына темекінің зияны бар ма? Деген сұрақ қою  Дөңгелек үстел әдісі  бойынша оқушыларға жұмыс жасауды ұсыну

Темекі-тісті сарғайтады, Темекі-улы, Темекі-адам өмірін қысқартады, Темекі-түтін,Темекі-никотин

  1. Мағынаны тану кезеңі: Топтық жұмыс Мәтінді 4-топқа бөліп иберу

1-топ Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне әсері қандай?

2-топ  Ауаның тазалығын қалай сақтау керек?

3-топ  Темекі тарихынан не білеміз?

4-топ   Халық арасында қандай зиянды әдет-ғұрыптарды білесіңдер.(Нашақорлық, насыбай туралы айту)

Әр топтан 1-1 оқушы берілген мәтінді мазмұндайды

Дискуссиялық карта    әдісімен жұмыс  жүргізу

Тақырыбы: Темекі адам ағзасын улаушы емес пе?

                                Ия                        Жоқ
1.      Тіс сарғаяды 1.     Тіс ауырғанда шегеді
2.      Өкпе қараяды 2        Шаршағанда шегеді
3         Ауа ластанады        3,    Қызық көру үшін
4       Никотин      Т,б

Қорытынды :  Темекі адам өміріне қауіпті өте зиян

Оқушылармен Қай топ жылдам? Деп аталатын денсаулық туралы мақал мәтел жарысын ұйымдастыру

  1. Тілеп алған аурудың емі табылмас
  2. Таза ауа жұтқаның, талай жылды ұтқаның
  3. Өз денсаулығың өз қолыңда
  4. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде
  5. Сақтанған сау болар
  6. Тәні саудың, жаны сау
  7. Емнің алды еңбек
  8. Жұпар ауа жанға дауа
  9. Денсаулық зор байлық

Жарыс ұйымдастырылып болған соң оқушылармен темекінің зияны деп аталатын суретпен жұмыс жүргізу.  Суретпен ой қозғау жұмысын жүргізіп болған соң А: Шамкеновтың «  Шылымшы » деген  өлең жолдарын   оқушылармен талдау жүргізу

Тартпа шылым

Бұл ақылым

Бермес білім

Жас өспірім жеткіншек

Жас гүліңді

Бұлбұлыңды

Бал күніңді

Көп сарғайтпа көп тілек

Шылым улы

Жұтпа буды

Тұншығуды

Әуес көріп қызык па?

Таза жүрек

Балғын сүрек

Бізден тілек

Айналмасын бұзыққа

Бұзып тісті

Кірлет пе ішті

Мұндай істі

Қылма сізден өтініш

Уды шегіп

Ауру егіп

Бойға сіңіп

Боп жүрмесін өкініш

Шылымнан шет

Аулақтан кет

Бас қамыңды ет

Ере берме есерге

Емес өнер

Көңіл бөлер

Көрген сенер

Құр түтін ғой шылымшы

  1. Ой толғаныс кезеңі

1.Бүгінгі сабақта нені білдіңіз?

2.Қандай сұрақтарыңыз бар?

Сабақты қорытындылау

Оқушылар жаңа сабақты сиқырлы таяқша әдісі арқылы  бір-бір сөзден айтып шығады

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру

  1. Дискуссиялық картамен жұмыс

Тақырыбы: Темекі шегу  сән бе?

  1. Темекінің зияны бойынша топтастыру құрап келу.