Гүлдің құрылысы.

230

Гүлдің  құрылысы.

Биология  пәнінен 6-сыныпта «Гүлдің құрылысы» тақырыбында ойын түріндегі аралас сабақ өткіздім. Сабақта оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру; ойынның түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау  қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшандық қабілеттерін дамыту; оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды.

Гүл құрылысының сызбанұсқасы, өсімдіктің көбеюіне  арналған кестелер, кеспеқағаздар, сөзжұмбақтар, «өсімдік көбеюі» кубигі, тірек-сызбалар, кеппешөп қолданылды.

Ойын-түріндегі бұл аралас сабақта ауызша баяндау, көрнекіліктерді демонстрация-лау, ойын элементтері орын алды.

Ұйымдастыру кезеңінен кейін үй тапсырмасы сұралды.

  1. «Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны.

Шарты. Кубиктің алты жағына өсімдіктің өсімді мүшелері мен көбею тәсілдері көрсетілген. Оқушылар кубикті лақтыру арқылы түскен көбею жолын сипаттап, мысалдар арқылы түсіндіреді. Мысалы,

  1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею:

а) тамырсабақ;          б) пиязшық

ә) түйін;                     в) мұртша.

  1. Негізгі өсімді мүшелерінің бөліктері арқылы көбею:

г) телу арқылы.

  1. «5» алғын келсе ойыны.

«5» алғысы келсе жәшіктен оқушылар сұрақтар алып, 1 мин ішінде жауап беру керек.

  1. Өсімдіктің өсімді (вегативті) мүшелерін атаңыз.
  2. Кеппешөптен, суреттен өсімдік мүшелерін көрсетіп атаңыз.
  3. Мүше дегеніміз не?
  4. Өсімдік мүшелері неше топқа бөлінеді?
  5. Өсімдік біртұтас организм екенін дәлелденіз.
  6. Фотосинтез деген не?

Жаңа сабақ өсімдіктің көбею мүшелерін талдаумен басталады.

Гүл

Көбею мүшелер                Жеміс

Тұқым

Өсімдіктер өсу мүшелеріндегі қоректік заттар жеткілікті болған кезде гүлдейді. Гүл тек гүлді өсімдіктерге тән мүше. Осылайша ары қарай гүлдің құрылысы да сызбалар арқылы талданып түсіндіріледі.

Жеміс

Гүл

                       Тұқым

 

                                                 гүл сағағы

                                                 гүл табаны 

                                                 тостағанша жапырақша   

Гүл бөліктері                        күлте жапырақша

                                                 аталық

                                                 аналық

 

                                    тостағанша жапырақша                                         жай гүлсерік

Гүл серігі                                                                        Гүлсерік

                                   күлте жапырақша                                                    қос гүлсерік

 

Жай гүлсерікте-тек тостағанша жапырақшасы болады (қызылша, емен, қымыздық) немесе күлте жапырақшасы ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл). Қос гүлсерікте –тостағаншада, күлтеде болады (алма, өрік, шие).

Аталық –гүлдің көбеюге қатысатын бөлігі.

                               Тозаңқаптан

Аталық     

                               Жіпшеден

 

Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралады. Тозаңқапта тозаң түзіледі. Аналық –гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі.

                              Аузы                   жеміс       

Аналық                 Мойны              

                            Жатын                  тұқым

 

Жаңа сабақты бекіту кезеңінде оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. «Білімінді тексер» деңгейлік тапсырмасы оқушылар білімін жүйелеуге арналды.

  1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. (Ж)
  2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы. (Г)
  3. Тозаң ұясы бар. (А)
  4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. (К.Т)
  5. Үлпекке айналған. (Т)
  6. Бунақденелілер қоректенеді. (К)
  7. Шірне бөледі. (К)
  8. Жабысқақ сұйықтық бөледі.(Ж)
  9. Ұшы ілмекке айналған. (Т)
  10. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. (Ж)
  11. Хош иісті. (К)
  12. Мойны бар. (Ж)

Сабақты бекітуде « Гүл» сөзжұмбағының да маңызы зор болды.

 

        Г    
  Ү      
    Л          

 

  1. Ерте гүлдейтін ірі гүлді бөлме өсімдігі. (Қозыгүл)
  2. Гүлдің бір бөлігі. (Күлте)
  3. Гүлдің ең жіңішке бөлігі. (Гүлсағақ)

Жаңа тақырыпты көрнекі түсінікті баяндау және ойын элементтерін пайдалану сабақтың мазмұнын аша түсіп, оқушылардың тиянақты да терең білім алуына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            «Ауызша журнал» сабағы      

Өткен тақырыпты қорытындылап, оқушылар білімін тиянақтауда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы зор. Осы орайда 6-сыныпта өсімдіктанудан «Өсімдіктердің қоректену ерекшеліктері. Тамыр-негізгі қоректену мүшесі» тақырыбы оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, танымдық, ізденушілік қабілеттерін дамыту, отансүйгіштіккке, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі емес «ауызша журнал» сабағы түрінде өткізілді.

Журнал парақтары:

  1. Сауалхана.   Жаңға шипа- дертке дауа.
  2. Ойлан, тап.       Табиғатты аяла.
  3. Ғажайып өсімдіктер.   Сандар сөйлейді.
  4. Еңбек етсен ерінбей….   Әдеби бет.
  5. Сөздің көркі -мақал.

1-бет. Сауалхана.     

Мұнда оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар берілді.

  1. Қоректену дегеніміз не?
  2. Өсімдіктердің қоректену жолдары қандай?
  3. Өсімдіктердің қоректенуінде қандай ерекшеліктер бар?
  4. «Органикалық заттардың фабрикасы» дегенді қалай түсінесіздер?
  5. Негізгі тамыр деген не?
  6. Жанама тамыр деген не?
  7. Қосалқы тамыр неден пайда болады?
  8. Тамыр жүйесі деген не№
  9. Кіндік және шашақ тамыр жүйесінің айырмашылығы қандай?

2-бет. Ойлан, тап!

Бұл бетте оқушылардың зеректігін анықтайтын ойындар берілді.

  1. Сөзжұмбақ шешу
     
                                                            
Т А М Ы Р
  1. Өсімдікке қажетті қоректік зат. (Тұз)
  2. Негізгі тамырдан пайда болатын тамыр. (Жанама)
  3. Тынайтқыш. (Шымтезек)
  4. Қоректік заттарды сіңіруге әсер ететін күш.(Қысым)

5.Түкшелері бар тамыр аймағы.(Сору)
2. Ойдағы жұмбақ.

Мұғалім бір өсімдікті ойлайды. Оқушылар сұрақ қою арқылы жасырған өсімдікті табады.

Мысалы, оқушы:-Өсімдіктің биіктігі қандай?

Мұғалім:-25-30см.

Оқушы:-Жемісі қандай?

Мұғалім.— Жеміс бермейді.

Осындай сұрақтар арқылы оқушы өсімдікті анықтайды.

3.Сәйкестендіру тесті.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдаршалармен тамыр аймақтарын жазылған аттарымен сәйкестендіру керек.

3-бет. Ғажайып өсімдіктер.

Оқушы шықшылдық және шыбынжұт өсімдіктері туралы хабарлама жасады, салған суреттерін көрсетті. Мұнда оқушылардың ізденгіштігі байқалды.

4-бет. «Еңбек етсең ерінбей …» тақырыбында ақыл-кеңес бұрышы.

Оқушы:- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей» дейді халық мақалы. Топырақты дұрыс өндеп күтпесе, ол жақсы өнім бермейді.

біз өз есігіміздің алдындағы бақшада ата-анамызға көмектескенде мынадай жағдайларды ескеруіміз керек. Топырақты бір қазып, аударуымыз керек. Сонда арам шөптердің тамыры қиылып, зиянкез жәндіктердің дернәсілдері жойылады. Көңді де күзде шашып тастау керек, сонда ол біртіндеп шіріп минералды заттарға айналады. Көктемде, жазда үстеп қоректендіруге болады. Онда ағаштың түбін арнайы дөңгелетіп қазып, соған езілген тынайтқышты құямыз. Ағаштың түбін қазғанда тамырды зақымдамау үшін әр түрлі тереңдікте қазамыз.

Минералды тынайтқыштар туралы химия пәнінің мұғалімі айтып берді.

5-бет. Сөздің көркі -мақал.

Бұл бөлімде бір оқушы тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтты. Басқа оқушылар оның мағынасын түсіндірді.

-Күз суар, күз суармасаң, жүз суар.

-Ағаш өсірсең аялап, болар басыңа сая бақ.

-Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.

-Жеміске жылдам піс деме, иісі анқымай тістеме.

-Сабырлық көктей жұлмауға үйретеді.

-Ас атасы-нан.

Нан атасы дән.

6-бет. Жаңға шипа, дертке дауа.

Мұнда тамырының дәрілік қасиеті бар өсімдіктер туралы хабарламалар айтылды.

Бақбақ – биіктігі бес сантиметр, сындырғанда сүт сияқты ақ түсті сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, шеттері тілінген қауырсын сияқты тамыр мойнына жабыса өседі. Қазақстанда Еуропа, Кавказ, Орта Азияда ылғалы мол шабындық жерлерде, ашық алаңдарда, өзен жағалауларында, жол бойында өседі. Бақбақ тамырының дәрілік қасиеті бар. Тамырынан ұнтақ жасап, асқазан жұмысын жақсарту және тамаққа тәбет арттыру үшін күніне үш мезгіл тамақ алдында сумен араластырып ішеді. Бұл жағдайда ұнтақ өте аз мөлшерде, пышақ ұшымен ғана алынады.

Көкпек –көпжылдық өсімдік. Оның тамыр сабағы айтарлықтай жуан, тамыр бүрлері өте жиі болады. Сабағы түзу боп өсетін оның биіктігі 35 см-ден 120 см-ге дейін жетеді. Кезектесіп келетін жапырақтарының сыртқы түкті, пішіні жұмыртқа тәрізді сопақ келеді. Көкпек тамырынан жасалған препараттарды қақырық түсіретін дәрі ретінде тыныс мүшелерінің созылмалы іріңді ауруларына, созылмалы және асқынған бронхитке қарсы қолданады. Біздің республикамызда Ақтөбеде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстарында өседі.

7-бет. Табиғатты аяла.

Топырақтың қоректі қасиеттерін арттырып, ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу үшін адамдар аса қуатты техника күшін жұмсайды. Топырақтың түріне қарай бірін суарады, екінші бірін құрғатады. Енді бірін түрлі әдістермен өңдейді. Мұнан топырақтың болашағы да адам әрекетіне бағынышты екені көрінеді. Қазіргі табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану мәселесі бүкіл халықтың міндеті болып отырған уақытта, топырақты қорғауға да зор көңіл бөлінуге тиіс. Бүгінгі таңда республикамызда астық дақылдарын егу алаңын кеңейту көзделіп отыр. Оның ішінде Алматы облысы да ауылшаруашылық аудандардың бірі болып есептеледі

8-бет. Сандар сөйлейді.

  1. Өсімдікке келген 1000 л судың тек 1,5-2 литрі қоректенуге жұмсалады, ал қалған 998 литрі өсімдік бойымен өтіп, оның ұлпаларында судың әрдайым жеткілікті болуын қамтамасыз етеді.
  2. Жүзгін атты өсімдіктің тамыры 15-20 метр тереңдікте болады және ол қандай құмды боран болса да мызғымайды.
  3. Тамырдың 1 мм2 бетінде 200-ден 400-ге дейін тамыр түкшелері болады, тамырдың сору беті 18 есеге жуық өседі.
  4. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы:

Жантақ тамырының ұзындығы 25-20 м, жылыжайда өсірілген қарабидайдың барлық тамырының жалпы ұзындығы шамамен 623 км-дей болған.

  1. Топыраққа шашылған 1т азот тыңайтқышы қосымша 10 т қант, 20 т астық алуға мүмкіндік береді.

9-бет. Әдеби бет.

Оқушылар табиғат, өсімдіктер туралы ақындардың өлеңдерін жинақтап, ортаға салды.

Ей, табиғат шеберсің-ау, шеберсің

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің

Ұлан-ғайыр байлығымды місе етпей

Аш көзденген адамдарға не дерсің?!

Айын анау, күнің мынау, жер мынау

Ей адамдар, жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар ағайын,

Асырайда ол сені,мені,елді де.

                          М. Мақатаев

Қазақстан-шатықтың елі шалқыған,

Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын,

Қазақстан-батырлар елі, ер елі.

Бауырмалдық достықтың елі өрелі.

Қазақстаным, Сары жайлау,Асқар тауларым

Қазақстаным-байтақ далам, пәк далам!

Халқымның салмақ, сабырлығын сақтаған

Өресі биік, өрені жүйрік өлкемнің

Қожасы болып туғаным өшпес бақ маған.

 

Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланып,тақырып қорытындыланды. «Ауызша журнал» сабағы оқушылар білімін тиянақтауға, жүйелеуге, шығармашылық ізденістеріне жол ашуға, туған жер табиғатын аялауға кең мүмкіндік береді.