Тері аурулары.Паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары.Қышыма қотыр ауруы.Жылу реттелуде терінің рөлі.Теріні шынықтыру.Жылу өту,күн өту және үсу,күю кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.Терінің және киімнің гигиенасы

260

Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары.Паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары.Қышыма қотыр ауруы.Жылу реттелуде терінің рөлі.Теріні шынықтыру.Жылу өту,күн өту және үсу,күю кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.Терінің және киімнің гигиенасы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тері аурулары туралы жалпы мағлұмат беру: Дамытушылық:талдау,ойлау,салыстыру,қорытынды шығару ,биологиялық тілде сөйлей білу, шығармашылықпен  жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту;Тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға – тері ауруларымен ауырмауға, күйген,үсікке шалдыққан кезде,күн өткенде алғашқы көмекті көрсете білу;ұжыммен,топпен жұмыс істей білуге, басқа адамның жауабын тыңдай білуге, адамгершілікке,еңбек ете білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайдтар,оқулық,топқа бөлуге арналған қима қағаздар, асық, қоржын,сұрақтар,жағдаяттар тапсырмасы,сағат

Әдісі: сұрақ-жауап,жағдаяттарды шешу,тапсырмалармен жұмыс,өзін және жолдасын тексеру блогымен жұмыс,бірін-бірі бағалау,ойын,жұмбақтар шешу

Қолданылған технология: М.М.Жанпеисова

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесіп,сынып оқушыларының сабаққа қатынасуын тексеру.Оқу құралдарын түгендетіп,назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Сабақтың тақырыбы,мақсаты айтылып,сынып оқушыларын 3 топқа: түрлі-түсті қағаздарға жазылған тақырыпқа байланысты бөлу.

1 топ: Тері аурулары

2 топ: Теріні шынықтыру

3 топ: Тері гигиенасы

ІІІ.Сабақтың кезеңдері

  • І. Қоржыннан алынған сұрақтар: Әр топқа 2 сұрақтан беріледі. Нөмірленген асықтың сұрақтары төмендегідей:

1.Терінің атқаратын қызметі қандай?

2.Тері қандай қабаттардан тұрады?

3.Терінің сыртқы қабатының құрылысы мен қызметі қандай?

4.Терінің түсі неге байланысты?

5.Нағыз тері қандай ұлпалардан тұрады? Май және тер бездері қандай қызмет атқарады?

6.Терінің мүйізді түзілісіне не жатады?

2) ІІ. Мылқау  сурет – Плакатпен жұмыс

3) ІІІ.Тест сұрақтары-Оқушылардың бірін-бірі топтың ішінде тексеруі

1.Теріге әсер етеді:

А) тек атмосфералық қысым

В) Су

С) температура,ылғалдылық,қысым,күн радияциясы

2.Газ алмасудың 1%

А) мұрын арқылы

В) табан арқылы

С) тері арқылы

3.Адам тер арқылы тәулігіне шығарады:

А)1,5 л су

В)2 л су

С) 20 л су

4.Терморецепторлар орналасқан:

А)мезодермада

В) дермада

С)эктодермада

5.Эпидермис қалыңдығы:

А)4 мм-ге дейін

В) 2 см

С) 3 см

6.Тер,май бездері,шаш түбірі,тырнақ негізі орналасқан:

А) дермада

В)эпидермисте

С) эпикардта

7.Энергия көзі:

А)су

В)ақ май ұлпасы

С) тұздар

 

8.Тері қатысады:

А)жылу реттеуге

В)ас қорытуға

С) зәр шығаруға

9.Қан тамырлары мен жүйке болмайды:

А) эпидермисте

В) көз алмасында

С) бұлшықетте

10.Түк түбірі орналасқан:

А) май бездерінде

В) эпидермисте

С) мезодермада

 

ІҮ.Жаңа сабақ — §56-203-206 беттер.Оқулықпен жұмыс- 10 минут

1.Топтық жұмыс (мәлімет беру)-постермен жұмыс,өз тақырыптарын қорғауы

1 топ: Тері аурулары

2топ: Теріні шынықтыру

3 топ: Тері гигиенасы

2.Жұмыс дәптерімен жұмыс: 43 тақырып-25 бет, 1 тапсырма: Дұрыс тұжырымды белгіле

2тапсырма: 1) Шынығу дегеніміз не?

  • Шынығудың элементтері
  • Шынығудың нәтижесі

3.»Жанға шипа,дертке дауа» айдары (Оқушылар ұлттық емдеу тәсілдерін айтады)- Есте сақта!

1.Шиқанға пиязды отқа пісіріп,жылы күйінде байлайды

2.Шаш түсе берсе,ақ ешкінің сүтімен жуады

3.Сүйелді кетіру үшін малдың жүнінен есілген жіпті өртеп,күлін суға араластырып жуады

4.Терідегі жараны қайың ағашының қабығымен сүртеді

5.Терінің бөртуі,күйік секілді жараларға компресс түрінде асқабақтың ұлпасын езіп басады.

6.Жылқы денесінен шыққан терді «Лишай» деген тері ауруын емдеуге  болатындығы анықталған.

Ү.Сергіту сәті “Өз жартыңды тап”Музыка ойналып жатады,оқушылар мақалдың жартысын табады.

1.Байлық  байлық емес, денсаулық- байлық

2.Денсаулық- зор байлық.

3.Апыл-ғұпыл ішкен ас,асқазанға түскен тас

4.Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

5.Тәні саудың — жаны сау

6.Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады.

7.Ауырып ем іздегенше ,

Ауырмайтын жол ізде.

 

ҮІ.Қорытындылау- Тест

1.Бронх демікпесін асқындырады:

А) гипофиз     В) бактериофаг  С) саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары

2.Тері қышыма қотырын жұқтырады:

А) таспа құрт   В) қотыр кенесі    С) маса,бүрге

3.Жылу өту ауруы болады:

А)ыстық сусын ішкенде   В)жылу факторларының әсерінен дененің қатты қызуынан           С) жыл мезгіліне байланысты

4.Күн өткенде:

А) көз нашар көреді    В) тістер түседі     С)қол-аяқ тартылады

5.Төрт дәрежелі болады:

А) күйік       В) ас қорыту     С) жүрек жұмысы

6.Тері бозарып,домбығады:

А) ысығанда     В) үсік шалғанда      С) күйгенде

7.Тері жансызданып,ұлпалар мен сүйектер семіп қалады:

А) бірінші дәрежелі күйікте     В) бірінші дәрежелі үсікте    С) үшінші және төртінші дәрежелі үсік кезінде

8.Сүйел,ұшық  жұғады:

А) бодо арқылы    В) вирус арқылы      С( бактерия арқылы

9.Витилиго ауруы пайда болады:

А) меланин пигментінің түзілуінің бұзылуынан   В) С витамині көбейгенде  С) кератин пигиенті жетіспегендіктен

10.Теміретке пайда болады:

А) бактериофаг арқылы   В) қаракүйе арқылы   С) паразиттік саңырауқұлақ арқылы

 

ҮІІ. Маңызды түйін : Әр топтың тарау бойынша алған өз ойлары қорытындыланып айтылады.

ҮІІІ.      Бағалау  Әр топ өздерін бағалайды. 

Бағалау  парағы

Оқушының аты – жөні  Зейіні Сұрақ қоюы Сұраққа жауап беруі Ойлауы,ойын жеткізуі Салыс

тыруы

Шығармашылығы Қоры

тын

ды

Топпен,жеке жұмыс жасауы Жиын-

тық балы /бағасы/

 

ІХ.Үйге тапсырма:§56 203-206 беттер оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын қорыту тесті:

1.Теріге әсер етеді:

А) тек атмосфералық қысым         В) Су

С) температура,ылғалдылық,қысым,күн радияциясы

 

2.Газ алмасудың 1%

А) мұрын арқылы       В) табан арқылы      С) тері арқылы

 

3.Адам тер арқылы тәулігіне шығарады:

А)1,5 л су                      В)2 л су                    С) 20 л су

 

4.Терморецепторлар орналасқан:

А)мезодермада             В) дермада                С)эктодермада

 

5.Эпидермис қалыңдығы:

А) 4 мм-ге дейін         В) 2 см                           С) 3 см

 

6.Тер,май бездері,шаш түбірі,тырнақ негізі орналасқан:

А) дермада                 В)эпидермисте              С) эпикардта

 

7.Энергия көзі:

А)су               В)ақ май ұлпасы                        С) тұздар

8.Тері қатысады:

А)жылу реттеуге           В)ас қорытуға              С) зәр шығаруға

 

9.Қан тамырлары мен жүйке болмайды:

А) эпидермисте             В) көз алмасында          С) бұлшықетте

 

10.Түк түбірі орналасқан:

А) май бездерінде           В) эпидермисте           С) мезодермада

 

«5»- 9-10 сұрақ  «4»- 6-8 СҰРАҚ  «3»- 5-3 «2»- 2-1 СҰРАҚқа жауап бергенге

 

 

Жаңа сабақты қорытындылау тесті:

 

1.Бронх демікпесін асқындырады:

А) гипофиз     В) бактериофаг  С) саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары

2.Тері қышыма қотырын жұқтырады:

А) таспа құрт   В) қотыр кенесі    С) маса,бүрге

3.Жылу өту ауруы болады:

А)ыстық сусын ішкенде   В)жылу факторларының әсерінен дененің қатты қызуынан           С) жыл мезгіліне байланысты

4.Күн өткенде:

А) көз нашар көреді    В) тістер түседі     С)қол-аяқ тартылады

5.Төрт дәрежелі болады:

А) күйік       В) ас қорыту     С) жүрек жұмысы

6.Тері бозарып,домбығады:

А) ысығанда     В) үсік шалғанда      С) күйгенде

7.Тері жансызданып,ұлпалар мен сүйектер семіп қалады:

А) бірінші дәрежелі күйікте     В) бірінші дәрежелі үсікте    С) үшінші және төртінші дәрежелі үсік кезінде

8.Сүйел,ұшық  жұғады:

А) бодо арқылы    В) вирус арқылы      С( бактерия арқылы

9.Витилиго ауруы пайда болады:

А) меланин пигментінің түзілуінің бұзылуынан   В) С витамині көбейгенде  С) кератин пигиенті жетіспегендіктен

10.Теміретке пайда болады:

А) бактериофаг арқылы   В) қаракүйе арқылы   С) паразиттік саңырауқұлақ арқылы

 

 

 

«5»- 9-10 сұрақ  «4»- 6-8 СҰРАҚ  «3»- 5-3 «2»- 2-1 СҰРАҚқа жауап бергенге