Балдырлардың бөлімі. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы

87

Биология
6 сынып
Күні: 25.12.2014ж
Сабақтың тақырыбы:
Балдырлардың бөлімі. Біржасушалы және көпжасушалы  балдырлардың жалпы сипаттамасы. №17 зертханалық жұмыс
Сабақтың  мақсаты: Балдырлар,олардың әртүрлілігі,біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршлік әрекеті жөнінде түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі:
Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ  арқылы  анықтау
Дамытушылығы: Оқушыларға қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Сөздік қорын ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс, слайд суреттер, үлестірмелі парақша, микроскоп,зертханалық құрал-жабдықтар ,зерзат,электронды оқулық.
Сабақтың әдісі: СТО, диалог, жеке жұмыс,топпен жұмыс, баяндау.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау.

Тапсырмалар Оқушылардың іс-әрекеті
1 деңгей
а. (2 мин) (тану) Өсімдіктерге тән ортақ белгілерді жаз Өсімдіктерге тән ортақ белгілерді жаз

1.

2.

3

4

5

6

ә. (2 мин) (еске түсіру) Өсімдіктердің жіктелуін (систематикасын) ретімен жазу 1
2
3
4
5
6
7

3.Жаңа сабақ.
Теңізде өсіп тұған ол бір орман,
Жел соқса теңіз үшін болған қорған.
Ризоиды  арқылы бекінеді,
Ертеден халық бұдан йод алған.
Бұл не?-                                                    (Балдыр)

Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктер.Олардың біржасушалы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өсімдіктердің денесін таллом деп атайды. Балдырлардың жасушасы көбіне бір ядролы, цитоплазмада органоидтары мен вакуолі және түсі әртүрлі болатын хроматофорлары  болады. Балдырлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бір жасушалы жасыл балдыр  хламидомонада жыныссыз көбейгенде жасушасы брнеше рет екіге бөлініп,зооспора түзеді. Хламидомонада мысалымен жыныстық үдерісті алғаш 1875 ж орыс альгологы  Н.Н.Горожанкин дәлелдеді. Бұл кезде цитоплазма бірнешеге бөлініп, гаметалар пайда болады.  Гаметаның қосылуынан пайда болған зигота бұйығып, зооспора түзеді. Хлорелланың екі талшығы мен қызыл көзшесі болмайды. Сонымен қатар , тек споралар түзіп, жыныссыз көбейеді. Біржасушалы балдырдың көпшілігі фитопланктон құраса, көпжасушалы жасыл балдырдың өкілдері спирогира мен улотрикс ағын сулардың фитобентосын түзеді. Диатомды балдырлардың да біржасушалы түрлері бар. Көпжасушалы қызыл және қоңыр балдырлар теңіздерде өседі. Тағам өнеркәсібінде пайдаланылатын ламинария сияқты өкілдері су түбінде ризоидтарымен бекінеді. Балдырлар сонымен қатар,медицина мен түрлі өнеркәсіп салаларнда да қолданылады.

Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсініру (видеофильм)

Жаңа сөздермен жұмыс

  1. Таллом төменгі сатыдағы өсімдіктердің (балдырлар,саңырауқұлақтар,
    қыналар) денесі.
  2. Хроматофор (гр. «хромос» бояу,бояулы) жасушасында балдырға түс беріп тұратын хлоропластар.
  3. Гамета (гр. «гамете») аталық және аналық жыныс жасушалары.
  4. Зооспора жыныссыз көбейту үшін пайдаланылатын балдыр және кейбір саңырауқұлақтардың жасушалары
  5. Фитопланктон — судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат.
  6. Фитобентос  (гр. phyton — өсімдік, bentos — тередік) — өзендер мен су қоймалардың түбінде өсетін түтік өсімдіктер, өсімдіктекті организмдер жиынтығы.

 «Ой қозғау»

Оқушының аты-жөні _________________________________________
Сыныбы ____________________________________________________
Күні_________________________________________________________

Тапсырмалар Оқушылардың іс-әрекеті
І деңгей (3 мин) (іздеп табу) мәтін  бойынша біржасушалы балдырлардың таралу аймақтарын тауып жазу Біржасушалы балдырлардың таралу аймақтары

1

2

3

Көпжасушалы балдырлардың таралу аймақтары Көпжасушалы балдырлардың таралу аймақтары

1

2

3

ІІ

деңгей

Тақтамен жұмыс

Хлорелланың құрылысын анықтау

Хломидомонаданың құрылысы
ІІІ

деңгей

Біржасушалылардың көбеюін толтырып жаз
Балдырлардың аттарын оқулық бойынша толтыру (мәтінмен жұмыс) Жасыл балдырлар

 

Қоңыр балдырлар

 

Қызыл балдырлар

 

 

4.Сергіту сәті

  1. Бекіту. №17 зертханалық жұмыс

«Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы»

Мақсаты: Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы танысу.

  1. Хламидомонаданың сыртқы құрылысы
  2. Спирогираның микроскоптық құрылысы.

Қорытынды:

  1. Қорытынды:
    а)  
    3 топқа балдырлардың атауларын беріп, тақтада тұрған балдырлардың суреттеріне сәйкестендіріп табу керек.
    б) Анықтама бер.   Қағазға әртүрлі сөздер жазылады оқушылар оған анықтама береді.

  2. Үйге тапсырма: §14,15,16 мазмұндау Эссе жазу.
  3. Бағалау.