Тәжірибелік жұмыстардың биология пәнін оқытудағы маңызы.

54

 

 

Тәжірибелік жұмыстардың биология пәнін оқытудағы маңызы.

 

 

Төрежанова Светлана Кеңшілікқызы №2 мектеп –гимназия биология пәні мұғалімі .Шалқар қаласы Ақтөбе облысы

 

Биология сабақтарының ғылыми –методикалық берілу маңызын ашуда , тәжірибелік жұмыстардың  маңызы зор .

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін де дамытады .

Ал, бұл тәжірибелік жұмыстар мектеп лабораториясына сәйкестендірілген.

 

1- сабақ :Адам ағзасымен жалпы танысу .

Мақсаты: адамның  табиғаттағы орнын анықтау , адам туралы ғылымның өмірге керектігін дәлелдеу .

 

1-тәжірибе

  Саусағымыздың буындарының үстінде тері неге қыртыстанып тұрады?

Оқушылар  қолдарын партаға қояды .Саусақ үстіндегі теріні қолменен ұстап тұрып, саусақты сол буыннан бүгуге тырысады Бірақ ,мүмкін емес .

Яғни , саусақтың қалыпты жұмысы буындағы жиналған теріге байланысты .

 

2 –тәжірибе

Әртүрлі мүшелердің өзара заңдылықтарымен танысу .

1 .Алақан ұзындығы беттің биіктігіне тең .

2 Білектің ұзындығы аяқ киімнің ұзындығына тең , ал аяқ киім ұзындығы жұдырығымыздың дөңгелек қимасына тең.

3 .Барынша жайылған екі қолымыздың аралығы екі аяғымыздың ұзындығына тең .

4 .Мұрнымыздың ұзындығы құлағымыздың  ұзындығына тең.

 

2-сабақ :Жасушаның химиялық құрамы және оның өмірлік маңызы .

 

Мақсаты :Органикалық және минералды заттар туралы түсінік беру , зат алмасуды,

жасушадағы ферменттерді таныстыру .

 

1- тәжірибе

Жас еттің , картоптың жасушалары құрамында сутегі асқын тотығын суға және оттегіне ыдырататын ферменттер болады .

Стакандағы сутегі асқын тотығына жас еттің бөлігін немесе  аршылған картоптың түйірін тастаймыз . Н 2О 2 көбіктенеді .

Бұл ақуыз –катализатордың бар екендігіне мысал .Фермент « каталаза » деп аталады.

 

. 2Н 2О 2                  2Н 2О  + О2

2- тәжірибе:

Каталаза ферменті ақуызды табиғатты.

 

Оған көз жеткізу үшін,  сутегі асқын тотығына  піскен ет, картоп түйірлерін саламыз.

А лдындағы жағдай қайталанбайды.

Себебі, біріншіден, ақуыздың ферменттік қасиеті етті қайнатудан жоғалды.Екіншіден, жасушаның құрылысы бұзылды.

 

 

 

 

 

Жұмыстың тақырыбы, мақсаты , керек құралдар оқушы дәптеріне жазылып келіп, әрі қарай төмендегідей үлгіде орындалады.

 

       Не жасалынды?    Не байқадың?   Қорытынды.

 

   3- сабақ:

   Ассимилияция  және диссимиляция- зат алмасудың екі жағы.

 

Мақсаты: тірі және өлі табиғат бірлігін және зат алмасудың маіызын ассимиляция және диссимиляцияның байланыстарын түсіндіру.

 

1- тәжірибе:

Логикалық есептеу. Тауықтың астына жұмыртқаны салудан бұрын, оны өлшейміз. Ал одан балапан шыққан бойда, оны өлшейміз. Қайсысының салмағы көп ?

     Тауық астына салғанға дейінгі жұмыртқаның ба, әлде осы жұмыртқадан шыққан балапанның ба?

Жауабы: балапанның салмағы аз. Жұмыртқадан, себебі балапанның жасуша, ұлпаларын түзуге энергия жұмсалынды. Ол жұмыртқада органикалық  заттардың диссимиляциясы нәтижесінде түзілген. Ал бұл энергия қоры сол жұмыртқаны туған тауықтың организміне жинақталған. Балапан ұлпасының түзілуіне күн энергиясының да қатысы бар.

 

   4- сабақ:

      Ми бөліктері және оның  қызметі.

 

Мақсаты: Мидың ми сауытында орналасуы, құрылысы және қызметі, бөліктерінің шартсыз рефлексті іске асыруын  таныстыру.

 

Оқушыларға көздерін жұмып, қолдарын алға созып, сұқ саусығын мұрынының ұшына тигізу керектігі түсіндіріледі. Бұған 30 түрлі бұлшық ет қатысады. Осы бұлшық еттердің кезектесіп дұрыс жұмыс жасауын жұлын басқарады. Тақта алдына оқушы шақырылады. Оған бір аяғының ұшымен екінші аяғының аяғының артына тигізіп, екі қолдың алақандарын бір- біріне кигізіп, шынтақтарын жақындату тапсырылады. Дененің тепе- теңдігі бұзылған жағдайда да аяқтарын орынына қоюға рұқсат етілмейді.

Белгілі бір уақыттан соң, бұлшықет тонусы өзгереді. Дененің теңселуі күшейеді.

Ортаңғы ми бұлшықеттерді қалыпқа келтіріп, дененің теңселуін болдырмауға тырысады.