«ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» ОЙЫНЫ

«ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» ОЙЫНЫ

Ойынның мақсаты:         Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

 

Ойын шарты:                     Ойынға әр оқу топтарынан өз еріктерімен 9 оқушы қатыстырылады. Оларды 3 оқушыдан 3 турға бөлеміз. Олардың міндеттері; тақтада жасырылған сұрақтарды тауып, дұрыс жауабын беру (әріптеп немесе бірден). Ойын кезекпен жүргізіледі. әрбір турда жасырылған сұрақтың жауабын тапқан оқушы финалға өтеді. 3 тур аяқталғаннан соң көрермендерге де сұрақтар беріледі. Финалға шыққан 3 оқушы финал сұрағына жауап береді. Финалдан жеңіп шыққан 1 оқушы ақтық сынға қатысады.

 

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

 

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

 

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!

 

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортағы

 

Алдымен «Ғажайып алаң» ойынын бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

 

  1. Әсілбек Нұрлыхан 175 оқу тобы І курс
  2. Тәйкенова Әлия 170 оқу тобы ІІ курс
  3. Дастанов Фараби 168 оқу тобы ІІІ курс

 

1-турдың сұрағы:   Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар оқылық»

өлеңіне ән шығарған сазгер?  Жаяу Мұса

 

Келесі кезекті әнге берейік:

 

 

 

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

 

  1. Әшімханов Бегалы 175 оқу тобы І курс
  2. Бектайтегі Балнұр 170 оқу тобы ІІ курс
  3. Әмірбеков Тоқтарбек 171 оқу тобы ІІ курс

 

2-турдың сұрағы:   1936 жылы абстрактілік есептеуіш машиналарының идеясын ұсынып, оның негізін салған ғалым?                                                    Алан Тьюринг

 

Келесі кезекті әнге берейік:

 

 

 

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

 

  1. Елубай Бекзат 175 оқу тобы І курс
  2. Шылмырзаева Толғанай 170 оқу тобы ІІ курс
  3. Ахметов Еламан 174 оқу тобы І курс

 

3-турдың сұрағы: Клапан қандай бөлшектің әсерінен ашылады? Күйенте

Келесі кезекті әнге берейік:

 

 

Көрермендер ойыны:

Сұрағы:          Алматы облысының территориясында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғатын қатты жел?  Сайқан

 

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс-досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды «Көрермен Жеңімпазға»

 

Ақтық ойынға жолдама алатын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

  1. Тәйкенова Әлия 170 оқу тобы ІІ курс
  2. Бектайтегі Балнұр 170 оқу тобы ІІ курс
  3. Елубай Бекзат 175 оқу тобы І курс

 

Сұрағы: Өз мүдделерін қорғау үшін ірі кәсіпорындардың бірігуі? Корпорация

 

Ақтық ойынның сұрағы:            Жайық, Сырдария өзендері туралы алғашқы мәліметтер қалдырған кім? Геродот

 

Ақтық ойынның жеңімпазы болып Тәйкенова Әлия иеленді.