Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Куб сантиметр.

Сабақтың тақырыбы:        Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Куб сантиметр.

Сабақтың мақсаты:  1. Тік бұрышты параллелепипед туралы ұғымды тереңдету оның көлемін табуды меңгерту, куб сантиметр ұғымымен таныстыру.

Көлемнің өлшем бірлігі жайлы жан-жақты меңгертіп, оқушының ой-өрісін, ауызша есептеу дағдыларын арттыру; көлемді таба білуге төселдіру.

  1. Өз бетінше ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілетін арттыру.
  2. Шапшаңдыққа, топтық есеп шығару арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың көрнекілігі:       Тік бұрышты параллелепипедтер, электрондық оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың барысы:

І Бағдарлау – мотивациялық кезең (10минут)

Психологиялық дайындық, оқушылар назарын сабаққа аудару.

— Оқушылар, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтайық.

—  Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — деп бүгінгі сайыс сабақта белсенділік көрсетейік.

(сыныпты 2 топқа бөлу) Геометриялық фигуралар таратып отыру

1.Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. (№9 105 бет)

а) 4910645:5-81208:8=88178                  б) 94068:9*5-1990=50270

ә) 72102:6+61074:9= 18803                     в) 93102:6*7+87061= 195680

 

  1. «Күш – білімде» дегендей 2 топ сұрақтарға жауап береді.

1-топқа                                                                 2-топқа

Текшенің неше өлшемі болады?

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?

 

Параллелепипед текше бола ма?

Текше мен тік бұрышты параллелепипедтің ұқсастығы бар ма?

 

 

 

 

 

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (20 минут)

  1. «Есептер әлемінде» Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің түсіндірмесі)

№1 106 бет Тік бұрышты параллелепипед тәріздес жәшіктің өлшемдері 5дм, 2дм

және 1дм  V — ?

V= 5*2*1=10(дм3)                           5дм = 50см

2дм = 20см

1дм = 10см

V= 50 * 20 * 10 = 10000(см3)

  1. «Кім зерек?» сайысы бойынша 2 топ түсінгендері бойынша есеп шығарады.

1-топ: №2 106 бет                           2-топ: №3 106 бет

V= 5*3*2 = 30(дм3)          V= 9*4*6 = 216(м3)

  1. «Сәл, дамылдайық» (музыка ырғағымен)

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

  1. «Кім жылдам?» жарысында бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. №4 106 бет ауызша

 

Жәшіктің ұзындығы6дм6дм5дм4дм6дм
Жәшіктің ені2дм3дм4дм3дм4дм
Жәшіктің биіктігі1дм1дм2дм2дм3дм
Жәшіктің көлемі

 

  1. Сурет бойынша есеп құрастыру (әр топтан бірінші кім шығарады?)

Тігінші – 1 сағатта – 5 қалпақ

Шәкірті – 1 сағатта – 3 қалпақ      7 сағатта ? қалпақ

1-тәсіл: 5*7 = 35 (қ)

3*7 = 21 (қ)

35 + 21 = 56(қ)

2-тәсілін кім бірінші шығарып болды?

(5+3) * 7=56 (қ)

Жауабы: олар 7 сағаттық жұмыс күнінде барлығы 56 қалпақ тігеді.

 

  1. Сызба бойынша есеп шығар. (кім бірінші өз бетімен шығарады?)

      В.19км/сағ                                             5 сағат         М.?км/сағ

                                                                                    

 

 

 

 

 

380км

19*5 = 95(км)

380 – 95 = 285 (км)

285 : 5 = 57 (км/сағ)

57 : 19 = 3 (есе жылдам)

Жауабы: мотоциклші велосипедшіден 3 есе жылдам жүрген.

 

ІІІ. Рефлексиялық — бағалау кезең (10 минут)

  1. «Шапшаң есепте»

1-топ:  2*1380 = 2760           2-топ: 1380 – 5 = 1375

5+1380 = 1385                       1340 : 4 = 335

12008 : 8 = 1501                    14096 : 8 = 1762

  1. «Ойлан, тап» шығармашылық тапсырма

Үшбұрыштарды белгіленуі  бойынша ата

Бір кесінді жүргізгенде қандай     фигура шығады?                                                            

  1. «Мен бүгін не үйрендім?» Рефлексиялық жаттығу.

Оқушылар сабақтан алған әсерін, жетістігін, кемшілігін жазады.

Менің жетістіктерім                        Менің кемшіліктерім

Бағалау, жеңімпаз топты анықтау. (геометриялық фигураларды санау)

Жа – рай – сың – дар!

  1. Үйге тапсырма.(5 минут)
  2. №9 106 бет 2,3,4 бағаны
  3. №7 теңдеулерді шешу тәсілдерін салыстыру 106 бет
  4. Қожанасырдың өтірік жасын табу. 107 бет

Математика – ақыл – ойдың әуені» атты

көңілді тапқырлар ойын сайысының

б а ғ д а р л а м а с ы

 

Барысы:

1 – оқушы:

 

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ұзақ ұйықтап жұмса түз бесігінде,

Естімеппін Архимед есімін де.

Жерді қозғау қиялы былай тұрсын,

Жемісі де тимепті несібіме.

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп жолға салып

Сары құзы ақсақалға көрсетті елге.

Бұл жерде танысасың Пифагормен,

Кемеңгер, ол – философ кезінде өткен.

Кездесесің дәл сондай тағы да бір

Ғылымдармен жер жаһанда білім еккен.

Архимед, Пифагорың айтқаным бұл

Талаптанып, білімге зейінінбұр.

Таудан аққан, төбеден төкті олар нұр,

Судай тасыр, әр бесік белден асқан,

Дүниеге сан алуан өнер шашқан.

Білім алып, олардың жолын қуған,

Әрбір адам өмірде өрге басқан.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар шегесіздер.

Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты да, әрі сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер!

Ендеше, «Ақыл – ойды тәртәпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» деп Ломоносов айтқандай,

«Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлар ойын сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Бұл сайыстың негізгі мақсаты:

Математика пәніне деген қызығушылығын артыру, оқушылардың ой — өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін — өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Олай боса, бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен танысайық:

І топ

ІІ топ

Ендеше, топтарға әділ баға берер әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән — математика атанғансың!» — деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік.

 

І – ші шартымыз «Тез жауап…» деп аталады. Мұнда топ басшылары тез – тез сұраққа жауап береді, қалған мүшелері П әрпінен басталатын математикалық атауларды жазады.

П әрпінен басталатын математикалық атаулар: ( топ мүшелеріне)

Пифагор, процент, периметр, плюс, параллель, перпендикуляр, пирамида,  паралелограмм, ….

Сұрақтар ( топ басшыларына)

Сұрақ – А

  1. 12 – ні 10 есе арттыр (120)
  2. 62 – 6 неге тең? (130)
  3. қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10)
  4. Ең үлкен үш таңбалы сан? (100)
  5. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)
  6. Бір жазықтықта жатпайтын, бір – бірімен қиылыспайтын түзулер (Айқас)
  7. Минуттың 1/60 бөлігі (секунд)
  8. Кері сандардың көбейтіндісі (1)
  9. Екі нүктенің арасындағы түзу ( кесінді)

Сұрақ – В

  1. Жарты түзудің басқаша атауы (сәуле)
  2. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
  3. 52 – 5 неге тең? (20)
  4. 25% — санның қандай бөлігі? (1/4)
  5. Бір жазықтықта жататын, бір – бірімен қиылыспайтын түзулер ( параллель)
  6. 1 – қандай сандардың көбейтіндісі (кері сандардың)
  7. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламаы кім? (Әл – Фараби)
  8. 360 санын 10 есес кеміт (36)
  9. Глобус қандай геометриялық денені бейнелейді? (шар)

ІІ шартымыз – «Геометриялық лото» деп аталады.  Мұнда оқушылардың алдында әртүрлі геометриялық фигуралардың суреті салынған. Кез – келген фигураға байланысты сұрақ оқылады, ол қай фигура екенін табу қажет. Оқушылар сол фигураның бетіне жұлдызшалар  жабыстырады.

 

  1. Табаны паралелограмм болатын призма қалай аталады? (паралелепипед)
  2. Барлық қабырғалары бір – біріне тең болатын тік төртбұрыш қалай аталады? (квадрат)

 

  1. S=ав – қай дененің ауданы? Паралелограмм)

 

Сайысымыздың үшінші шартына да келіп жеттік, «Ақ серек, көк серек». Бұл шартта

Түрлі – түрлі есепті шығарамыз,

Арасында сурет сап жарысамыз.

Ойға оралымды, формула құрастырып,

Мақалдап бәрін жүзеге асырамыз.

Байқағанымыздай топ мүшелері жеке – жеке жұмыс жасайды.

( формула құрастырады, сурет салады, есеп шығарады, мақал – мәтел жазады,

өз өнерін көрсетеді)

 

      * Формула:

1

2

  • Цифрларды байланыстырып мақал – мәтел айту
  1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
  2. 5 бармақ жиналса, жұдырық болады
  3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды
  4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді
  5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл
  6. Ат баспаймын деген жерін 3 басады
  7. 5 саусақ бірдей емес
  8. 1 тал кессең, 10 тал ек
  9. 1000 – ның қамын бір ойлар,

Біреудің қамын 1000 ойлар т.б.

 

(Топ мүшелері бір ән бітемін дегенше тапсырмаларды орындайды.)

 

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – арқан тарту. Қазақ жастарының алтыбақанды жығып, жинау негізіндегі ойыны. Аяқ арқан жылқы қылынан жасалады. Осы арқанды екі жақ боп тартатын ойын. Әрине күш және жылдамдық керек.. Қазір біз сол ұлттық ойынды ойнайтын боламыз.

Мұнда логикалық тапсырмалар арқанға ілінген. Топ мүшелері соны орындайды. Жауапқа байланысты әр топ арқанды өздеріне қарай жинайды.

 

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
  2. Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

(2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы  = 6 адам)

  1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )
  2. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 –ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)
  3. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
  4. Қалтам қанша?

Өзімде бар сан қалта,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте, кәне, ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы, пальтом бар.

Онда да төрт қалтам бар. (он бес)

 

Сайысымыздың соңғы шарты «Нысана көздеу» Мұнда қазақы өлшемдерге байланысты сұрақтар қойылады, жауаптарын сурет арқылы береді.

 

 

 

 

  1. Қарыс сүйем дегеніміз не?

( бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері)

 

 

 

 

 

 

 

  1. Білем дегеніміз не?

( ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының

                                                                              арасындағы  қашықтық)

 

 

 

 

 

 

 

  1. Білу үшін шырағым,

Білмегеніңді сұрағын.

Бір аттасаң алдыға,

Сол болады бір …                 (адым)

 

 

 

 

 

  1. Жүрген елдің ойында,

Ескі өлшемдер мол екен.

Бір сызықтың бойында,

Созсақ сұқ қол, бармақты

… деген сол екен.                (сүйем)

 

 

 

 

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарамын дегенше, мына бір көріністі тамашалап көрейік.

Ертеде данышпан деген патшаның елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.

Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.

Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.

Данышпан: «Байлық»- бір жұттық, «Бақыт» — баянсыз, «Ақыл» — еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.

Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.

Міне, бұдан шығатын қорытынды: ақылды, білім болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек.

«Білім азбайды, ақыл тозбайды»

«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды әркез есте ұстай жүріп бүгінгі білім сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз әділқазыларға беріледі.

(марапаттайды)

Осымен «Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлардың ойыны аяқталды.

Алддыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі, — деп қоштасамыз.

 

Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар! 

    

Қорытынды

                                                     

 

Қорыта келе, айтарымыз компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып  математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды  жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақ өтсе сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1 Использование персональных компьютеров при обучении учащихся 5-6 классов решению математических задач //Сборник научных статей ІҮ Международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ». – РЦИО, Алматы, 2006.–С.281-283. (Б.Баймуханов)

2 5-6 сынып оқушыларын математикалық есептерді шешуге үйрету //«Ұлт тағлымы» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы,  2007.– №6. – Б.97-100. (І.Ж.Есенғабылов)

3 Оқушыларда математикалық есептерді шығара білу біліктіліктерінің қалыптасуының психологиялық негіздері // «Қазақстан жоғары мектебі» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2007.– №1. –Б.23-26.

4 Ақпараттық-компьютерлік технологияларды алгебра сабағында оқыту құралы ретінде қолдану // Кредиттік жүйе аясында білім беруді басқару» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.–Талдықорған, 2009.–Б.109-114. (Б.Баймұханов)

5 Macromedia Flash программасының мүмкіндіктерін пайдаланып электрондық оқулық жасаудың әдістемелік негізі // «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы.– 2009.–№2. –Б.12-14.

6 Білім берудегі компьютерлік-ақпараттық технологиялар // Білім берудегі қашықтан оқыту технологиялары-2009» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Қарағанды, 2009. –Б.222-224.

7 Компьютерлік технологияларды негізгі мектепте оқу процесінде қолданудың қазіргі жағдайы мен бағыттары // «Ұлт тағлымы» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы,  2009.– №3(1). – Б.84-89.

8 Оқытуда қолданылатын компьютерлік жүйелер және олардың негізгі компоненттері // «Ізденіс» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. – Алматы, 2009. – №3(2). – Б.242-247.

9 Компьютерлік технологияларды негізгі мектепте алгебраны оқытуда қолданудың дидактикалық негіздері //«Білім-образование» ғылыми педагогикалық журналы.– 2009.– №4. –Б.8-11.

10 Организация процесса обучения алгебре с использованием компьютерных технологий // «Использование технологий дистанционного обучения в высшей школе» Международная научно-практическая конференция. – Караганда, 2009. –С.123-126.

11 Возможности использования компьютера при изучении основных содержательно-методических линий курса алгебры основной школы // Международная научно-практическая конференция. – Семей, 2009. –С.174-178.

 

  1. Кручинин В.В. Разработка компьютерных учебных программ. – Томск: Изд-во Том.гос.университета, 1998. – 211 с
  2. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті

50 елдің қатарына кіру стратегиясы» — Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16

  1. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Егемен Қазақстан газеті 3/ІІІ-2005. №13
  2. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004 .№5
  3. «Тәрбие тағылымдары» /озық іс-тәжірбиелер жинағы/ Алматы .2007ж
  4. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Ә.Назарбаевтың 20/ІІ-2007ж Қазақстан халқына жолдауынан.
  5. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы. 2007ж. №4
  6. Интернет материалдары: «Gooqle» және «Mail.ru» сайттары. 2008, 2009 ж.

Қосымша материалдар.

МАБ-ға арналған тест жұмыстары

Ұстаздарға  көмек  болсын  деп  біраз  ойын  топтамасын  жіберіп  отырмын.

№1.  Кубик  жасау  үшін  неше  шаршы керек?

№2 . Тіктөртбұрыштан  қалай шаршы  жасаймыз?

№3. Қағазды  4-ке  бүктеп,  ортасынан  кессе  неше  бөлік  болады?

№4. Ат  сиырдан  қарарақ,  сиыр  иттен  қара Ең  қарасы  қайсысы?

№5. 2  таяқшаның  неше  ұшы  бар?  2,5 таяқшада  ше?

№6. Қыздың  4  лентасы  болды. 1-уін  теңдей  2-ге  бөлді. Қызда  қанша  лента  болды?

№7. Аулада  қаздар  жүрді. Дана  6  аяқ  санады. Аулада  қанша  қаз  бар?

№8. Ағашта  бірнеше  құс  отырған.  Оларда  8  қанат  болды.  Ағашта  неше  құс  отыр. ?

№9. 2  бала  3  сағат  шахмат  ойнадлы.  Әр  бала  неше  сағат  ойнады?

№10. 2  қатар  полкада 3-тен  кітап  болды.  Тағы  кітап  сатып  алдынды  да, әр  полкаға  бұрынғыдай  кітап  қойылды.  2 қатар  полкіде  неше  кітап  болды?

№11. Бауырсақ  қонақ  үйге  келеді. 1  күнге  1  теңгеден  төлеу  керек. Бауырсақта  1  теңгелік  және   3  теңгелік  бар  еді.   3  күн  тұрса  қалай  есеп  айырысыр  еді?

№12. Әкесі  мен  баласына  40  жас.   3 жылдан  соң  оларддың  жасы  қанша  болады?

№13. Дана  13  пен  18  жұлдыз  аралығында  туды. Туған  күнін  табу  үшін  неше  сұрақ  бересіз. «Ия», «Жоқ»  деген  жауап  қана  қабылданады. 1 ші  сұрақ  қандай  болады?

№14. 1  ден 1000 –ға  дейінгі  сандар жазу  үшін  қанша  цифр  керек?