Орта факторлары және тірі ағзалар.

63

№  51  сабақ.   Күні 12.ІҮ. 2013 ж.  «А» « Б»  сынып  Мұғалім   Смаилова Шолпан

 

 

Сабақтың тақырыбы:        §52 Орта факторлары және тірі ағзалар.

 

Сабақтың мақсаты:            Орта факторлар мен тірі ағазалар арасындағы

байланысты  білу.

Сабақтың міндеттері: Білімділік: орта факторларын анықтау және оларды

ажырата  білу

                                          Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін

дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын

қалыптастыру, тіл байлықтарын арттыру, оқу-

дағдысын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.

                                      Тәрбиелілігі: Топтық жұмыс жасау арқылы

ұжымдылыққа, бір-бірін сыйлауға және

ұйымшылдықпен нәтижеге жетуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

— алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан

талдайды;

— негізгі ұғым мен заңдылықтарды меңгереді;

— дәлелді де дәйекті шешімдер қабылдай алады;

                                    Топтық жұмыс нәтижелері:

  • Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады;
  • Ортақ пікірлерді ортаға салады, түйін жасайды;
  • Әрбір оқушы білімін толықтырады.

Сабақтың түрі:           Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтыі әдісі:            сұрақ-жауап, СТО стратегиялары:

  • Ой шақыру;
  • Негізгі идеяларды суреттеу;
  • Ой бөлісу, ортаға салу.

Көрнекілігі:      Слайд арқылы суреттер, карталар, үлестірмелі   материалдар,

бағалау парағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1 қадам
1.      Топқа бөлу:

Тірі ағазаларды тіршілік ету мекендері арқылы топқа бөлу.

2.      Бағалау парағын таратады.

3. Суретті талдауды тапсырып, спикердің қорғауын қадағалайды. Осы тапсырмалар арқылы үй тапсырмалары сұралады.

1.Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

2. Әр топ жетекшісі бағалау парағын толтырып отырады.

3. Суретті талдайды.

4. Спикер қорғайды

 

2        қадам. Қызығушылығын ояту
1.Оқушыларға орта факторлары ұсынылады, олардың ерекшеліктері мен қасиеттері айтылады.. Уақыт беріледі де, аяқталған соң әр топтан спикер шығып жауап беруін қадағалайды. Бұрынғы мен жаңа білімді ұштастырады. Белсенділігін арттырады. 1.Орта факторлар  сипатына қарай топтастырады.

.

3        қадам. Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс

1. §52 парграфты  оқып

2.         1   топ – жарық

2        топ –  температура

3        топ – ылғалдық

3.Постерге түсіруін қадағалайды.

1. Оқулықпен жұмыс

2.     1   топ – жарық

2        топ –  температура

3        топ – ылғалдық

 

3.Постерге түсіріп, спикер  қорғайды.

4 қадам. Ой толғаныс.
1.      №4 зертханалық жұмыс. «Ағазалардың экологиялық факторларға бейімделгіштігің анықтау». Суреттер мен кеппешөптер, микропрепараттар  ұсынып   ағалардың  ортаға бейімделуін анықтап беру.

2.      Берілген кестелерді толтырып бейімделгіштін себептері туралы қорытынды жасау.

Берілген  препараттар, кеппешөптер

мен суреттерді талдап, тірі ағалардың тіршілік ортасына бейімделуін анықтау, мысалдар келтіріп және кестеге түсіру керек.

Берілген тапсырмаларды орындайды, спикер қорғайды.

 

5 қадам. Қорытынды.
3.      Бағалау.  Топ жетекшілерінің бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. Рефлексия парағын таратады. Топ жетекшілері топ мүшелерінің бағасын жариялайды.

Оқушылар рефлексия жазады.

Үйге тапсырма.
1.      Оқулық мәтіні оқу.

2.      Сұрақтарға жауап беру