Үш таңбалы санға көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу;

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайында түсінік беру.

  1. Дамытушылық:

Баған түрінде көбейту мен бұрыштан бөлу жағдайларын негіздеу. Ой -өрісін дамыту, өз  бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;

  1. Тәрбиелік:

Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.  Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: Жаңа материалды меңгерту;

Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, қайталау;

Сабақтың  көрнектілігі:  ИНТЕРАКТИВТІК тақта, оқулық, слайдттар, электрондық оқулық, ACTIVote құрылғысы.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,

Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.

ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.

Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.

ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.

І. Жаңа сабақ.

Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.

Ендеше хатты оқиық.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек

Көктем келді, бірақ жер бетін су алып, бәйшешектер шықпай жатыр

Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, бәйшешектер гүл ашады. Көмектесіңдерші,  балалар!!!

Балалар, бұл хат кішкентай қонжықтан келіпті. Көмектесеміз бе қонжыққа?

Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, ормандағы алаңда бәйшешектер гүл ашады.

ІV. Жаңа тақырып

Бүгінгі біздің тақырыбымыз Үш таңбалы санға көбейту және бөлу

Тақтаға назар аударамыз.

а) Электрондық оқулықпен жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру

1) көбейту                                     

ә) Тапсырмалар орындау.

1)   427

* 346

2562

+   1708

  1281

147742

2) Бөлу

 

 

2)   74340     236

708       315

354

236

118 0

118 0

0

ә) Интерактивті тақтада жұмыс

524                           Ең алдымен бірінші толымсыз көбейтіндінің мәнін табамыз,

*126                  ол үшін 524 – і  6 бірлікке көбейтеміз – мәні 3144, енді 524  — і 2 ондыққа

3144                   көбейтеміз, мәні 1048, үшінші толымсыз көбейтіндінің мәнін табу үшін

1048                     524 – і 1 жүздікке көбейтеміз, мәні 524 енді қосамыз. 524 пен 126 ның

524                       көбейтіндісінің мәні 66024

66024

 

 

66024    126

630       524

302

252

504

504

0

  1. Сергіту сәті

VІ. Қызығушылықты ояту

 

Жылдамдықты қалай табамыз?   V=S / t

Уақытты қалай табамыз?     t = S/ V

Қашықтықты қалай табамыз?    S = V * t

VІІ. Есеп шығару

 

Пойыз 4 сағатта 224 км жол жүреді.  Егер оның жылдамдығы тік ұшақтың жылдамдығынан 3 есе кем болса, тік ұшақтың жылдамдығы қандай?

Шешуі:

  1. 224 4             2.   56

20   56                                               *    3

24                                                    168 км / сағ

24

0

Жауабы: тік ұшақтың жылдымдығы 168 км / сағатына

Оқулықпен жұмыс:  184 бет № 5

Дәптермен жұмыс

ACTIV studio бағдарламасында флипчартта  сақталған тест  сұрақтары бойынша жұмыс: 

1) Баған түрінде дұрыс жазылған мысалды анықта

А)   5700                      В)   5700              С)  5709

*       9                          *     9                       *    9

 

7800  бен 2 – нің көбейтіндісі нешеге тең?

А) 156000           В) 15600           С) 1560

 

Бөлінгіш пен бөлгіш өз  ара тең болса бөліндінің мәні нешеге тең?

А)  0           В) 1            С) бөлінгіш

Бөлуді қай амалмен тексереді?

А) Азайтумен           В) Қөбейтумен   С) Қосумен

5) көбейткіштің бірі 1 – ге тең болса, көбейтіндінің мәні нешеге тең?

А)  1          В) 0            С) екінші көбейткішке

VІІІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?

Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.

Слайд «Бәйшешектер гүл ашты»

Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.

Көктем келіп бәйшешектер гүл ашсын.

Үйге тапсырма: 185 бет № 7