Өсімдіктер әлемімен қоштасу сабағы

38

Раимбекова Күлжан Құрмашқызы

Биология және химия пәндерінің мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы

 

Биология 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемімен қоштасу сабағы

Білімділік мақсаты: Өтілген материалдарды талдап, тығолардың бір-бірімен тығыз байланысын көрсете отырып, оқушылардың алғаш білімдерін жинақтап, тексеру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің гүл топтарына жататын өсімдіктерді білу. Әр түрлі тапсырмалар беру, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қорытындылау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеппешөптер, қосымша оқулықтар, суреттер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. I Оқушылардың меңгерген білімін анықтау мақсатында «Орман алқабы» ойынын …. ағаштардың, көлдің сурет салынған плакат тақтаға ілінді. Оқушыларға саңырауқұлақ құстар, балықтар, гүлдер, жапырақ суреті салынған карточкалар арқылы тапсырма берілді. Жауап бергендер карточканы тиісті жерлерге жапсырулары керек

  1. Жапырақ суреті салынған карточка. Жапырағы тікенекке айналған қандай өсімдік? (Сексеуіл, кактус)
  2. Гүлдің суреті салынған карточка. Жауқазын қандай тұқымдасқа жатады? (Лалагүл тұқымдас)
  3. Көбелек суреті салынған карточка. Лалагүл тұқымдас өсімдіктер не арқылы тозаңданады (бунақдене арқылы)
  4. Саңырауқұлақ суреті салынған карточка. Қандай балдырларды білесің?
  5. Гүлдің суреті салынған карточка. Қазанның шыққан отанын атаңыз. (Оңтүстік Америка)
  6. Құстың суреті салынған карточка. Саңырауқұлақтың топырақ астындағы бөлімін атаңыз (Жіпше).
  7. Балықтың суреті салынған карточка. Қандай өсімдік симбиоздық тіршілікке бейімделеді?

2 тапсырма. «Аукцион»

3 оқушы өздері салған өсімдіктердің суретін аукционға салды. Сатып алушылар сол өсімдіктердің а) отанын ә) түрін б) мүшелері ерекшеліктерін в) пайдасын білуі керек. Сонда ғана суретті сатып ала алады.

3 тапсырма. Графикалық диктант.

Оқушыларды 3 топқа бөлем

1 топ: «Бактерия»

2 топ: «Саңырауқұлақтар»

3 топ: « Қыналар»

Сұрақтар:

  1. Өлі ағзалармен қоректенеді
  2. Ауру туғызады
  3. Жыныссыз жолмен көбейеді
  4. Селбесіп тіршілік етеді
  5. Жеуге жарамды түрі болады.
  6. Хлорофилл дәні болады
  7. Қолайсыз жағдайда спора түзеді
  8. Өсімдік түрлері
  9. «Картоп пәлесі» ауруын тудырады
  10. Құрамында жіпшумақ болады.
  11. Тірі және өлі ағзаларды ыдыратады
  12. Медицинада дәрі жасауға пайдаланады.

«Бактерия» тобының жауабы:

 

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

«Саңырауқұлақтар» тобының жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

«Қыналар» тобының жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

4 тапсырма. Танымдық ойындар. Сөзжұмбақ шешу.

  1. Алқа тұқымдасына жататын өсімдік ( темекі)
  2. Көктемді аққүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады (алма)

  1. Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы (бидай)
  2. Тұздықпен жүреді кәне кім айтып береді (пияз)
  3. Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы (қарағай)
  4. Ыстық жақта өсетін өсімдік (Анар)
  5. Біреуін жерге беріп, күзде оны тереді (Тұқым)
  6. Өсімдіктің жер астындағы мүшесі (тамыр)
  7. Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай оңбайды (шырша)
  8. Маймыл өзі аршып жейтін жеміс (банан)
  9. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік (соя)
  10. Картоп қандай тұқымдасқа жатады? (алқа)
  11. Еті-қызыл, сүті-тәтті, күзде жерде өсіп жатады (қарбыз)

 

Т
А
Б
И
Ғ
А
Т
Т
Ы
А
Я
Л
А

 

Мұғалім сөзі: Табиғат –күрделі де көп түрлі. Біз оны неғұрлым көп танып, түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бола түседі. Табиғат бізге өмір сүруге қажеттінің бәрін береді, тамақ киім, баспана.

5 тапсырма. Ең, ең, ең

  • Әлемдегі ең үлкен гүлді атаңыз. ( Арнольд Раффлези)
  • Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде (Танзанияда Серенгетти қорығы)
  • Ең үлкен шырынды жеміс (Асқабақ)
  • Ең улы сапңырауқұлақ (Шыбынжұт)
  • Ең жеңіл сабақ (Бальза)
  • Ең ұзақ жасайтын ағаш (Секвоя 3000-5000ж)
  • Жер жүзіндегі ең ұзын сабақ (Ротант пальмасы)
  • Ең ұзын жапырақты ағаш (Цейлон пальмасы)
  • Ең үлкен құрғақ жеміс Оңтүстік Азияда өсетін Цитада ағашының бұршақ қынының ұзындығы 1,8 м, ені -1,5 м)

6 тапсырма. Дәрілік өсімдіктер.

Мәдени өсімдіктердің шығу тегі туралы баяндап, оқушыларға алдын ала әзірлеткен материалдарын жұмбақ түрінде айтқызып және сынып оқушыларына оны шешкізу мақсат етіледі.

  1. Жолжелкен Меңдуана 3. Ошаған 4. Бақ-бақ 5. Алмұрт

Дәрілік өсімдіктерді қалай қолдану керек. Хабарлама

7 тапсырма. Гербарий  (кеппешөп) арқылы әр тұқымдасқа жататын өсімдіктерді іріктеу.

  • тапсырма. Уақыт жетсе жұмбақтар айтып жіберу.
  1. Қорытындылау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 38 бабында Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті делінген.

Білсең егер, табиғатта зор мән бар,

Онда аң, құс, жануарлар, ормандар,

Жерің, суың, таза ауаң қажетті,

Шын жүректен оны сендер қорғаңдар!

  1. Оқушыларды бағалау.