«Сұрыптау» тарауын қайталау

70

 

Сабақтың тақырыбы: «Сұрыптау»  тарауын қайталау

 

Сабақтың мақсаты:

                                        1.Білім беру:Сұрыптау тарауын қайталай отырып, өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер селекциясында қолданылатын тәсілдерді оқушылардың қалай меңгергендіктерін тексеру.

  1. Тәрбие беру: Осы тәсілдердің бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылығын, оның ішіндегі ең тиімдісін ажырата білуге дағдыландыру.
  2. Дамыту: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдермен бастай отырып, оқушылардың ойын сабаққа бағыттап, жинақтау.Оқушылардың есте сақтау, ой өрісін дамыту.

Әдіс тәсілдер :       Сұрақ – жауап, сұхбат, әңгімелесу,  түсіндіру,

суретпен жұмыс, терминдік сөздермен жұмыс,

тестік тапсырмалар

Көрнекіліктер:      Плакат, оқулық , тақта, сызбалар, слайд,

компьютер, үлестірмелі қағаз, тест

 

Сабақтың түрі: Қайталау

 

Сабақтың барысы:     Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ай- күнді, тақырыпты жазу.
  2.        Оқушыларды тізімдеу.

                                           3.Үй тапсырмасына жұмылдыру.

 

 

 

Қайталау сабақ:

Адам меңгермейтін білім бар ма?

     Жойқын істі тындырар күшің барда.

    Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алга қойган мақсатың, ісің барда!

I   бөлім.  Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша жалпылама сұрақтар қою.

  1. Селекция деген үғым нені білдіреді?
  2. Қолдан сүрыптауға сипаттама беріңіз.
  3. Табиғи сұрыпталуға сипаттама беріңіз.
  4. 4. Биотехнология деген үғым нені білдіреді?
  5. 5. Гендік инженерия деген үғым нені білдіреді?
  6. Сұрыптаудың қандай әдісі бар?

(тозаң қоспасымен тозаңдандыру,үйлестіру,алдын ала өсімді жақындасу, тәрбиелеу-ментор әдістері)

 

II  бөлім.  «Құпия сан»  ойыны.

Ойын шарты: тақтаға дайын сегіз сөз ілінеді. Мүғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар кестедегі жауапты қоюлары қажет.

1. Биотехнология 8. Жеке сүрыптау
2. Аутбридинг 9. Депрессия
3. Инбридинг 10. Ш. Берсиев
4. Гетерозис
5. Полиплоидия
  1. Қазақстандық тары өсіруші. 10
  2. 2. Туыс емес дараларды будандастыру.    2
  3. 3. 1914 жылы Американдық генетик К. Шелл енгізген ұғым.  4
  4. Тиімсіз көріністер. 9
  5. Ұрпақ алуға болатын жеке дараларды бөліп алу. 8
  6. Жақын туыстық қатынасы бар өсімдіктерді будандастыру. 3
  7. Өнер, шеберлік,  ғылым деген мағынаны білдіретін ұғым.  1
  8. 8. Хромосома санының   гаплоидты   жиынтыққа   еселеніп   ар-туы. 5

 

III бөлім.   « Компьютерден  шыққан басқатырғылар (жалғасын тап)«

 

  1. Әр түрлі тұқым қуалаушылығ бар ағзаларда шағылыстыру… (будандастыру)
  2. Зең саңырауқұлақтары антибиотиктер, оның ішінде… алуға пайдаланылады. (пенциллин)
  3. Қазақстанның академигі … үй қолтұқымын сұрыптады. (Мұхамедғалиев)
  4. Бальмонттың жетекшілігімен 1934-1946 жылдары қазақтың … шығарылды. (биязы жүнді қойы).

 

ІҮ бөлім.

Сәйкестендіру тесті

 

Мәдени   орталықтар Өсімдік атаулары Дұрыс жауап
1.  Оңтүстік Азия А.   Картоп 1.  Е,  Ө
2.   Шығыс Азия Ә.   Мақта,   кокос 2.  Д
3.   Оңтүстік-Батыс  Азия Б.   Банан 3.  Г,  Ғ
4.   Жерорта  теңізі В.   Зәйтүн  ағашы 4.   В
5.   Абиссиния   орталығы Г.   Бидай 5.   Б
6.   Орталық Америка Ғ.  Қара бидай 6.  И,  3
7.  Анд  (Оңтүстік Америка) Д.   Соя,   тары 7.  А
Е.   Күріш  
Ж.   Қант  қамысы  
3.   Үрмебұршақ  
И.   Асқабақ  

 

Ү Бөлім .Сұрыптау

Қазақстанның және әлемдегі осы заманғы сұрыптаудың табыстары (Слайдта көрсетілген суреттердің атаулырын атау және дәптерге жазу)

 

 

ҮІ Бөлім. Генетика және селекция негіздері бойынша тест жұмысы

 

  1. Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:

А)8.                В)1.             С)2.                  D)4.                                     Е)6.

  1. Адам ұрығында жүйке жүйесінің түзілуі… басталады.

А) бір апталық ұрығыңда.                 В) төрт апталық ұрығында.                  С) үш апталық ұрығында

  1. D) екі апталық ұрығында.  Е) бес апталық ұрығында.
  2. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын:

А) бұлшық ет.                                      В) зәр шығару жүйесі.                          С) жүйке тақташасы.

  1. D) ішек. Е) хорда.
  2. Аллельдік гендердің орналасуы:

А) әр жұп хромосомада.                 В) жыныс хромосомада.                  С) бір аутосомда және жыныс хромосомада.

  1. D) гомологты хромосомада. Е) тақ гендер.
  2. Ата-аналары бір-бірінен екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру —

А) тіркес тұқымқуалау заңы.          В) толымсыз доминанттылық.       С) моногибридті шағылыстыру.

  1. D) дигибридті шағылыстыру Е) гаметалар тазалығы ережесі.
  2. 6. Комбинативтік өзгергіштік дегеніміз:

А) митоз барысында генетикалық материал көшірмесі                     В) хромосома кұрылысының өзгеруі

С) гаметалардың кездейсоқ қосылып, жаңа үйлесімдердің түзілуі.

  1. D) сыртқы орта жағдайына эсері Е) хромосомалар санының өзгеруі
  2. Аналогиялық мүшелерге жататындар:

А) қүс қанаты мен иттің табаны.                                    В) бүршақтың мүртшасы мен кактустың тікенегі.

С) көртышқан мен бақаның алдыңғы қолдары                    D) егеуқүйрық пен бақаның алдынғы қолдары.

Е) кұс қанаты мен көбелектің қанаты.

  1. Аталык және аналық жыныс жасушаларының қосылуы –

А) тозаң.                 В) тозаңдану.                         С) ұрықтану.                D) тұқымбастама.              Е) тұқым.

  1. Ұрпағында ажырамай өзінің белгілерін таза күйінде сақтап қалуы:

А) белгісінің басым болуы.      В) гетерозигота.   С) гомозигота.     D) гендердің жиынтығы.       Е) белгісінің жоғалуы.

 

 

  1. Мейоздық кезеңде хромосомалар жиынтығы:

А) екі есе азаяды.                      В) бір жұбы артып кетеді.             С) кездейсоқ өзгеріске ұшырайды

  1. D) екі есе көбейеді. Е) өзгеріссіз қалады..
  2. Жыныссыз жолмен көбегоге жатады:

А) спорамен                          В) дәнегімен         С) тұқыммен                  D) гүлмен                 Е) жеміспен

  1. Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші:

А) Цитоплазма.                     В) Митохондриялар.  С) Лизосомалар.      D) Хромосомалар.  Е) Вакуоль.

  1. Аллополиплондия:

А) әр түрлі түр жэне туыстардың түтас геномдарын қосу                 В) туыстарды өзара будандастыру

С) әр түрлі түрлер өзара будандастыру                                           D) көп белгісі бар түрлерді өзара будандастыру

Е) әр түрлі белгісі бар туыстарды өзара будандастыру

  1. Митоздык бөліну кезінде аналық жасушадан қанша жас жасушалар пайда болады?

А) 5                                      В)3                                      С)2                 D)1                                      Е)4

  1. Гетерозиготалы ағзада  екі  жұп  белгісі  бойынша түзілетін  жұп гаметасы:

А) 2                                      В) 8                                      С)1                D) 6                                Е) 4

 

 

 

_________ сынып _____________  ФИО       ________________________________

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
C C C D D C E C C A A D A C E

 

 

 

Эксперттің қорытындысы

 

Оқушы-ның аты, тобы Жалпылама сұраңтар Құпия сан Кім көп біледі? Сөйкестендіру тесті Сұрыптау  Тест жұмыс Қорытынды

 

Үйге тапсырма : 9 тарауды қайталау