Үш таңбалы санға көбейту және бөлу

55

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға  көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:   1. Білімділік:  Үш таңбалы санға  көбейту және бөлу туралы түсінік беру, есеп шығару жолдарын түсіндіру.

Разряд, дәреже, кластарды қайталау.

  1. Дамытушылық: Ой -өрісін дамыту, өз  бетінше

тапсырма орындау қабілетін дамыту;

  1. Тәрбиелік: Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың  типі: жаңа сабақ

Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, қайталау; сұрақ-жауап

Сабақтың  көрнектілігі: оқулық, кесте, карточкалар

Сабақтың  барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:  Балалар, бүгін бізде сабақта кім жоқ? Кім кезекші?

Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.

ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік тілеу

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тапсырмалар.

І. Жаңа сабақ.

  1. Кестеге тақтадағы сандарды жазу (класс, дәреже, разряд ұғымдарын) қайталау. Сұрақ: Қандай класстар болады? 1-дәреже дегеніміз ол қандай сан?

Берілген сандар:  1 456 419, 451 460, 4 127 170, 4500, 1214, 700,  12,  1

  1. Ауызша есепте: 4800:60 4800 : 80  900 ● 20  30 ●40  60 ● 20   2400 : 60
  2. № 1 184-бет. 5-тің 457 – көбейтіндісінің мәнін табамыз. Яғни 5 ● 457 = 2285

Енді бөлу арқылы тексереміз.

2285: 457=5 Бірінші толымсыз бөлінгіш үш таңбалы сан бола алмайды яғни 228<457, сондықтан 4 төрт таңбалы сан 2285- ті 457-ге бөлеміз, ол үшін 2285:100=22 шығады, 22-ні 4-ке бөлеміз, 5 шығады. Бөліндінің мінінің байқау цифры 5.

  1. Өз беттерімен жұмыс істейді. Есепте:

№ 3  Бөлуді орында және тексер:

3720: 465=8    2552:319=8    2944:736=4    5562:927 =6

№ 4 Қалдықпен бөлуді орында:

3781:465 =         2698:319=    2987:736=       5693:927 =

  1. № 5 Есепті шығар:

үстел-6

Парта-5

Барлығы-33000 тг

1 үстел-? Тг

1 парта ?

Үстелдерге-? Тг

Парталарға-? Тг

Шешуі: 5+6=11     33000:11=3000  3000 ●5=15000           3000●6=18000

Жауабы: 1 үстел- 3000 тг, 1 парта-3000 тг, үстелдерге-15000 тг төледі, ал парталарға-18000 тг төледі.

  1. Тікбұрыштың периметрін өрнек түрінде жаз:

Ені-4 см

Ұзындығы-х см артық.

Р-?

Р=4 см + 4 см + х см + 4 см + 4 см + х см

Дөңгелек пен шеңбердің қандай айырмашылығы мен  ұқсастығы бар?

Жарыс ұйымдастыру № 7  1,2,3-қатар.

№ 8 (1)  Есепте:

VІ. Сабақты қорыту:

VІІ. Бағалау      Үйге тапсырма: 184-бет, № 6, 185-б, № 8 аяқтау.