Ауыз қуысында астың қорытылуы.

52

Ауыз қуысында астың қорытылуы.

Мақсаты: Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, ферменттердің ролі, тіс және оның құрылысы туралы танысып, тіс күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылған әдіс: Дамыта оқыту

Көрнекілік: Слаид, электрондық оқулық, тіс және ауыз қуысының моделі, плакаттар.

Пән аралық байланыс: химия, математика, валеология, медицина, латын тілі, халық педагогикасы пәні.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

«Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасында «Азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту» бөлімі бар. Онық мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлық, есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, балалардың денсаулығын нығайту, қоршаған ортаны сақтау.

Үй тапсырмасы «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбы сұралады.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Отыз екі мықты,

Қаз-қатар боп шықты.

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті.               (Тіс)

Есігін ашсаң, сайраған бұлбұл,

Есігін жапсаң, жайраған құр күл.      (Тіл)

Тіс пен тіл ауыз қуысында орналасқандықтан жаңа білім беру тақырыбы:

Ауыз қуысында астың қорытылуы

Ас қорыту өте күрделі процесс. Тамақтың өзгеріске ұшырауы ауыз қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен ас тіс және тілдің көмегімен механикалық өзгерістерге ұшырайды. Шайнау-рефлексті әрекет. Жақсылап шайналған ас сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды. Барлық сауықтыру туралы кітаптарда тағамды ұзақ уақыт шайнап және мұқият жұту дағдысы 60 жастағы американдық Флетчердің есіміне «флетчеризм» деп аталып көрсетіледі. Ауызға келіп түскен тағамды тістер майдалайды.

Тіс эволюциясы

 

32 тіс,  16+16

 

6-9 ай сүт тіс

 

6-7 жаста тұрақты тіс

 

19-22 жас аралы-ғында ақыл тіс

 

 

 

 

 

 

Пішініне қарай

 

 

 

Күрек тіс

(бір түбірлі)

 

Сойдақ /ит/ тіс

(бір түбірлі)

 

Азу тіс

Кіші азу (екі түбірлі)

Үлкен азу (үш түбірлі)

 

Формуласы:

Күрек тіс (incisivi) – і,   Сойдақ тіс- (canini)- с, Кіші азу тіс- (praemolaress)-  pm,

Үлкен азу тіс- (molaress) – m

2       1             2         3

(  і — ,  с— ,   pm — ,  m—) * 2 = 32

2       1             2         3

Тіс құрылысы:

 

 

 

Тіс қаптамасы

Қызыл иектен шығып тұрған бөлігі

 

Тіс мойыны

Қызыл иек асты

 

Тіс түбірі

Жақ сүйектің тіс қуысына кіріп тұратын бөлігі

 

Әрбір тістің үсті ақ түсті зат эмальмен (кіреуке) қапталады. Ол тісті үйкелуден және бактериялардың енуінен сақтайды. Оның астында қатты сүйекке ұқсас тығыз зат— дентин жатады.Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қантамырлар мен жүйке талшықтары өтеді. Қантамырлар тіске кенеулі зат, ал жүйкелер оған сезімталдық  қасиет береді.

Сілекей бездері

 

 

 

 

Екі шықшыт безі
Екі жақ асты безі
Екі тіл асты безі
Ұсақ микроскопиялық без

 

Сілекей құрамы:

Таза күйінде 98-99% су, 1,5% әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық, қалған мөлшері органикалық зат: нәруыз және ферменттерден тұрады.

Муцин- сілекейді жабысқақ ететін нәруыз. Лизоцим-микробтарды жоюға қатысатын нәруызды зат. Птиалин (амилаза) ферменті – крахмалды, мальтаза –дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын ферменттер.

Тістерді күту

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістің сау болуы қажет. Ауру тістер – микробтардың жиналатын орны. Тістің ауруға шалдығуы кіреуке қабатының жарылып, сынуынан басталады. ( тіспен жаңғақ шағу, темірді тістеу, ыстық және суық тағамды бірінен соң бірін ішкенде, т.б). Оны тек тіс дәрігері- стомотолог емдей алады. Тістерді зерттейтін ғылым- стомотология. Тісті  дұрыс күтпесе тіс тасы, тіс жегісі, қанжел, қанқұрт аурулары пайда болады. Тіс ауруларынан сақтану жолдарын үнемі есте ұстау керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мақал- мәтелдердің де ролі зор. Мысалы:

  1. Денсаулығы ғалымның – денсаулығы адамның. Білім заңы. 48-бап.
  2. Адамның өмірі ұзақ, бірақ  оны өзі қысқартады. Сенека.
  3. Салауатты күн кешу, саналы өмір сүрумен үндесу.
  4. Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі.
  5. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
  6. Саулықтың кепілі – салауатты өмір.
  7. Апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас.

Білімді бекіту: Сабақта электрондық  оқулық пайдаланылып, тапсырмалары орындалып, проблемалық  сұрақтарға жауаптар алынды.

Үйге: Шығармашылық жұмыстар берілді. Тіс туралы қосымша жұмбақтар, өлеңдер жинастыру, тіс пастасын жарнамалау.

 

 

 

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қарай өткізілген «Кең дала –Қазақстанның алтын бесігі» деп аталатын слаидтар шеруі. (Сынып сағаты)

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылы Абай атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі

Смағұлова Құралай және мектеп кітапханашысы Марқабаева Альмира

 

 

 

Кең дала – Қазақстанның алтын бесігі

(Презентациялар  шеруі)

Мақсаты:

Оқушыларды Отансүйгіштікке, патриотизмге  тәрбиелеу. Оқушы бойында туған жерге, атамекенге деген сүйіспеншілік сезімді ояту.

Кіріспе: Кең даламыз Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын мектеп оқушысы, жастар. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған заманда тек білімді болу жеткіліксіз. Әрбір тұлғаның бойында ізгілік, қайырымдылық, Отансүйгіштік қасиеттер болу керек. Ақпарат құралдары дамыған озық технологиялар заманы болғанымен, кітап адамның рухани азығы болып қала бермек.

Тәрбие бағыты:  Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие;

Қазақстан (Қазақстан картасы, слаид)

Елордасы — Астана қаласы

Әкімшілік бөлінуі: 14 облыс

Республикалық маңызға ие 2 қала: (Астана, Алматы)

Халқы: 14 952,7 мың адам

Мемлекеттік тілі: қазақ тілі

І. Екі Отан жоқ,

Жалғыз Отан мекенің!

                                М.Мақатаев

ІІ.Әйнегі —  күн, шатыры – аспан,

Кең дала… Төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан – Республикам  менің!

                               Дихан Әбілев

ІІІ.Ашқанда тарих парағын…

ІV.Ойы терең, тілі майда, сөзі шоқ.

V.Қазақ хандары: Жәңгір хан, Абылай хан, Кенесары хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан.

 Тарихи тұлғалардың қол жеткізген жетістіктеріне қарап отырсақ, сол кездің өзінде қазақ мемлекетінің өте күшті болғанын айғақтайды. Егеменді мемлекетімізде  елім деп еңіреген ерлердің басына  қандай кесене орнатсақ та аз.

VІ.Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін,

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

                                                        Мұхтар Шаханов

VІІ. Айбын болған еліме,

Айдын болған көліме

Айналайын үш биім

Пана болған жеріме.

VІІІ. Қазақтың үш биі Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс болған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген сөз содан қалған.

ІХ. Наше знамя- независимость,

Наша цель – мир и благоденствие.

В этом мире у нас есть

Лишь одна Родина это-Казахстан!

Х. Ұлы дала перзенттері: Абай, Ыбырай, Шоқан.

Шынайы бақытқа жету үшін үнемі ізденіп, оқу қажет. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады.

ХІ.Биікке самғар қырандай,

Ой салады тұрысың.

Халқың үшін қашанда,

Ірілерден ірісің. (Абай ескерткіші)

ХІІ. “Земля моя! Была ты колыбелью и стала нам родимой навсегда.  

 Здесь рождены, отсюда мы взлетели, как птицы вылетают из гнезда”.

                                                                                                      М.Макатаев

ХІІІ. Сахара сазгерлері: Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы, Қорқыт ата

Көшпелі елдің  көшінен түсіп қала жаздап, қадау-қадау өнерпаздардың қол жалғауы арқылы көнеден бүгінге жеткен саз өнері қазір арнасын кеңейтіп, өрісін ұзартып, өресін биіктетуде.

ХІV . Қоңыраулы найза қолға алып,

Жарқылдатып алдаспан.

Қазақ батырлары: Райымбек,Қарасай, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Сырым.

Қазақ  тәуелсіздігі  осындай батырлардың арқасында тағдыры  мен келешегін қорғап қалды. 

ХV. Ашық аспан астындағы асыл мұралар  — Ақыртас, Сауран, Аспара, Баладж.

 Қазақстанның ежелгі қалаларының атаулары халық аузындағы аңыз әңгімелерде ғана сақталады.

ХVІ. Алты Алаштың ардақтылары:

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедұлы.

Бұл адамдар отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады.

ХVІІ. Ғылымды іздеп, дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім.

Шәкәрім Құдайбердіұлы , Жамбыл Жабаев, Қаныш Сатпаев, Әлкей Марғұлан,Мұхтар Әуезов

ХVІІІ. Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқыңның
Батыр шыққан даңқынан…

Батыр Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров.

Әрбір халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғаған батыл істерін мақтан етіп, үлгі-өнеге қылған. Себебі елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлары.

ХІХ. Ерліктің қос қанаты деп білемін…

Әлия мен Мәншүк

Жеріне лайық елі туады,

Еліне лайық ЕРІ туады.

ХХ. Қыршын ғұмыр, қызғыш жыр

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев.

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кезегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

ХХІ.  Қазақстан – қасиетті гүл бағым,

Бақытыңды, шаттығыңды жырладым.

Алматы-жері жайсаң облыс,

Ақтөбе — өлке, ақ тарысы —  мол ырыс.

Атырау – мол Қазақстан мұнайы,

Жамбыл – жайлау,қазыналы, шұрайлы.

Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы,

Көкшетау – көп көгілдір көл аймағы.

Қарағанды – қара алтынның қоймасы,

Қостанай құт, қызыл бидай қамбасы.

Қызылорда – күрішті Сыр сағасы,

Орал – көне Ақжайықтың жағасы.

Өскемен — өр, Шығыста Алтай аясы,

Павлодар – Қара Ертістің саясы.

Қызылжар – солтүстігім орманды,

Семей аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.

Талдықорған – жер жаннаты, көп бағы,

Ақмола – Арқада астық алқабы,

Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы.

                                                                                Ермек Өтетілеу

ХХІІ. Для казахского народа нет ничего лучше и дороже, чем родной язык: острый как алмаз, чуткий как парящий орел, мягкий как свинец, и оружие, и щит, и древнии и вечно молодой “огненный”.

                                                                                            Н.А.Назарбаев

ХХІІІ. Туған өлкеңді сүйе біл, тарихыңды тани біл!

 

ХХІV. Қазақстан табиғатының ғажайып жерлері.

ХХV. Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран –
Шырқатты биік арманды.

 ҚР Әнұран авторлары- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов.

ҚР Мемлекеттік Ту авторы- Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков,

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.

ХХVІ.Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны-

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

          Менің елім, менің елім,

          Гүлің болып егілемін,

          Жырың болып төгілемін, елім!

          Туған жерім менің- Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Тірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

ХХVІІ. Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Арманға тоймас адамзат …

Ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

Ғарыш кеңістігін игерудегі  еңбегі мен ерлігі, батырлығы үшін қос ғарышкер

«Халық Қаһарманы» атағына ие болды.

ХХVІІІ. Астана- болашақтың қаласы,

Келешектің кемел Елордасы.

 Астананың сән салтанатын көрсететін слаидтар.

ХХІХ. Астана Саммиті- Қазақстан халқының салтанаты

Елдігіңе мың бір шүкір еткіздің,

Тілегіңе қолың созып жеткіздің,

Мынау жаңа ғасырда:

Жер жаһандық –

Саммитті де тұңғыш болып өткіздің!

Хамитбек Мұсабаев

ХХХ. Ортақ Отанымыз – Қазақстан

ХХХІ.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының  — БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді арқаулық құндылықтары  қалыптастырылды”.

                        “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына     Жолдауынан.  Астана, 28 қаңтар 2011 жыл

ХХХІІ.Қазақстан – қысқы Азия ойындарының Отаны

Орындалып ойдағы тілегіміз,

Болды біздің бейбіт күн тірегіміз,

Азиада алауын жарқыратып,

Бар әлемге жар салып тұр еліміз.

ХХХІІІ.  Алаш атын аспанға,

Шығарар олар бір таңда,

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

                                           М.Жұмабаев

 

  1. Денсаулық – Гайдар көшесі 81 үй, тел: 241-17-10, 270-68-82 (факс)
  2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар Л.Хамиди 4а үй, 3 қабат, 5-офис тел: 397-73-84, Басылатын жері Тянь-Шань көшесі 9а
  3. Биология және салауаттылық негіздері: Жамбыл көшесі 25 үй. Тел: 291-53-41

Қазақстан мұғалімі газеті Жамбыл көшесі 25 үй, 8 қабат тел: 291-71-58. 291-60-58

  1. Ауыл мектебі
  2. Республика ұстаздары. Газет
  3. Мектептегі мерекелер. Мамыр 2,13-7. тел: 55-72-94
  4. Биология Қазақстан мектебінде. Зенкова 13,(пересечение ул.Гоголя) офис 106.тел 234-78-89, 395-22-16