ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ

56

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ

 

ШҚО, Семей қаласы «№2 Кешкі мектебі» КММ

 

Қазіргі кезде қоғамымызда зор саяси және әлеуметтік өзгерістер жүріп жатыр. Осыған байланысты адамдардың тұрмыс-тіршілігінің, сана-сезімі мен әдеп-ғұрпыптың да өзгерістерге ұшырайтыны – заңды құбылыс. Бұл-болашаққа біздің ұрпақтарымыздың жаңа өмір салты бойынша өмір сүреді деген сөз. Олай болса ол қандай өмір салты болмақ, біздің ұлттық рухани болмысымызға сай келе ме деген сұрақтар төңірегінде қазірден бастап ойланып, оның теориялық негізін жасауымыз керек, демек балаларымыздың сол бағытты  тәрбиелеуге назар аударуымыз керек. Ол үшін ұлтымыздың өткендегі өмір салты мен дәстүрлерін зерттей отырып, оны қазіргі жағдайымызбен салыстырса болашағымыздың бітім-болмысын болжауға болады.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік  идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса  көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педаготардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян.

Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. [1]

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық  үлгісі қалыптасуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда  көп нұсқалық  қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

В.Г. Белинский; «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И. Менделеев; «Тәрбиесіз білім – есуастың  қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазір ортамызда «Қиын балалар», жасөспірімдер, ата-анасы  көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға  душар болған жастарымыз көп.[2]

Біздің мақсатымыз – оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М. Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы – жастарымыз  дұрыс тәрбиеге наннан да артық  душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін-бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның  тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А. Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.

Ендеше, тәрбие — ауадай қажет. [3]

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде мұғалім бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз?

Егер мұғалім өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, оқушы мектепке келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып өссе, не жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына мұғалімнің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды. [4]

Тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты — өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды адамгершілікке, гуманистік жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. [5]

Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам — өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды.

Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:

  • еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу (күнделікті);
  • өмірін мәнді ұйымдастыру (тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы);
  • еңбекке құлшынысын арттыру;
  • өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;
  • отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
  • оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;
  • оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;
  • оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
  • оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
  • оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;
  • оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру.

Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.

Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтармен қамтамасыз етеді. Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұратын, қарым-қатынас жасайтын жағдайларын білуіміз керек. Ол үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет.[6]

Жаңа ғасыр тәрбиесінің баты міндеті —  жалпы адамзаттық құндылық арқылы ұлттық мәдениетті меңгере отырып, әлемдік  рухани ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау, ал негзгі мақсаты —  адамның жан дүниесіне кішкентай кезінен адамгершілік, имандылық сияқты қасиеттерді санасына ұғындырып, өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін рухани болмыс арқылы түсіндіре отырып тәрбиелеу. Оқушыларға  мектепте берілетін білім мен тәрбие орнықты әрі өзіндік ерекшелігі анықталған баланығң еркін дамуына жағдай жасалған (рухани, әлеуметтік) өз сипаты, заңдылығы, нәтижесі бар үздіксіз үрдіс болуы қажет.

Өмір салты,  рухани мұра, адамгершіліктің ұстанымдар адам баласының тіршілік құндылығымен ұштасып жатса, жинаған білімдері ақыл-ой көмегімен жүзеге асырылса руханилыққа қол жетпек. Ал руханилықтың өлшемі –адамгершілік, мәні – өмір сүру, шегі – табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету.

Адамгершілік – адамның рухани байлығы,  болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады.  Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарыда қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белігерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасты, көзқарасымен сипатталады.  Көрнекті педагог В. Сухомлинский  «Егер  балаға қуыныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» — дейді. Демек шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл  қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.[7]

Қорыта келгенде, халықтық педагогикадан бастау алып, осы дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Сондықтан тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай болуы шарт.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 13 маусым № 401 санды бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006 — 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы»,
  2. «Білімдідегі жаңалықтар» ақпаратты-әдістемелік журналы, №2 . 2006ж
  3. Мектептегі психология № 2. 2011ж
  4. Қазақстан мектебі. № 2. 2003ж
  5. ҚР Білім туралы заңы. Алматы шығармашылық педагогикасы 1999-№1-3-4
  6. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №1. 2011ж
  7. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №5. 2010ж