«Салауатты өмір сүру- уақыт талабы» тақырыбында өтетін диспут сабағы

122

«Салауатты өмір сүру- уақыт талабы» тақырыбында өтетін диспут сабағы.

Диспутқа       9 «А»,9 «Д», 9 «Ж» сыныптарының қыздары қатысады. Дене шынықтыру пәнін ден саулықпен , өмірмен   байланыстыра отырып, ден саулыққа зиянды заттарға ғылыми тұрғыдан түсінік беру, оқушыларды дене ойынға, спортқа  қызығушылығын арттырады. Алған білімдерін тұрмыста, өмірде қолдана білуге үйретеді.

Білім беру мақсаты:Оқушыларға тақырыпты оқып үйрету,алдынғы алған түсініктерін шыңдау,тереңдету, алған білімдерін өмірде қолдану даңғдысын қалыптастыру,дені сау болуға үйрету;

Дамыту мақсаты:Түрлі әдістердің көмегімен оқушылардың  жан –жақты ойлау қабілетін, өз білімін өзбетінше толықтыра алу қабілетін,  өзбетінше іздену қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында денсаулықты сақтауға , зиянды әдеттерден аулақ болуға, өз елін сүюге, өзара көмек және ұжымшылдыққа,ұқыптылыққа, нақтылыққа,жылдамдыққа ,уақытты сезінуге тәрбиелеу,пәнге деген қөзқарасты,білімге құштарлықты тәрбиелеу;

Сабақтың міндеті: Қазақстан халқының салауатты болашағы туралы алған білімдерін арттыру. Функционалдық сауаттылығын дамыту.

Пән аралық байланысы: Биология,математика,экология, қазақ тілі, георафия, химия;

Сабақ типі :Жаңа білімді меңгеру сабағы;

Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта, маркерлер, А4 форматтағы қағаз,

Қолданылған әдіс-тәсілдері: Топқа бөлу, әңгімелеу, сұрақ – жауап,иллюстрация;

Диспут  5 турдан тұрады:                                                                                                             І-тур  «Сәлемдесу,танысу, ұраны, эмблема»                                                                                   ІІ-тур  «Зиянды әдеттер туралы баяндама қорғау»                                                                     ІІІ-тур «Миға шабуыл сұрақтары»                                                                                                     ІҮ-тур «Блиц –турнир-мақал -мәтелдер»                                                                                        Ү-тур  «Тұлғаны танып біл…»

Қорытынды. Қазылар алқасына сөз беріледі.Топтарды марапаттау.

    Мұғалімнің сөзі: Жағымсыз әдеттер адамның қалыпты өмір суруіне ,тіршілігіне кедергі келтіреді, денсаулығына зиянын тигізеді. Жасөспірімдік кезеңге тән мұқтаждықтың  бірі-уақтының көп бөлігін бірге өткізетін құрдастарының тобымен бірге болу.Егер, өзіне назар аударуды батыл талап ете отырып, басқалардың айтқанын тыңдағысы келмеуі немесе берген уәдесін орындамау және т.б. әрекеттері құрдастарымен ара қатынасын қиындатады. Сондықтан, жасөспірімдер дұрыс шешім қабылдамай,темекі шегуге, ішімдік ішуге, есірткі пайдалануға бастайды. Бұларға тәуелділіктің жоғары болып кетуінен хабарсыз болады.

Адамда зиянды әдеттердің пайда болу себептері:

-бос уақыт өткізуден,тәрбиенің жоқтығынан;

-үлгі-өнеге көрмегеннен,кітап оқымағаннан;

-«есею,үлкен болу» дегенді дұрыс түсінбегеннен т.б.

Топқа бөлу. Диспутқа үш топ қатысады:

«Денсаулық»    — 9 «Д» сынып

«Болашақ»- 9 «Ж» сынып

«Салауат» — 9 «А» сынып

Ендігі сөз кезегі топ басшыларына беріледі:

І-тур  «Сәлемдесу,танысу, ұраны, эмблема»-мұнда топ басшысы топты таныстырып, ұранын  бірге айтады.

ІІ-тур  «Зиянды әдеттер туралы баяндама қорғау»- әр бір топ берілген тақырып бойынша баяндама жасайды.

9 «А» сыныбы «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында, 9 «Д» сыныбы «Денім сау болсын десең…» тақырыбында, 9 «Ж» сыныбы «Алкогольдің ағзаға әсері» тақырыбында баяндама жасайды.

ІІІ-тур «Миға шабуыл сұрақтары». Бұл турда мұғалім әр топқа жылдам сұрақтар қояды:                                                                                                                             1 топ                                                                                                                                1.Темекі құрамындағы ең улы зат? –никотин                                                                            2.Мас адам неге түзу жүре алмайды?- мишыққа әсер етеді                                                                                 3.Есірткінің қандай түрлері бар?

 

 

2топ                                                                                                                            1.Арақтың құрамындағы ең улы зат? –сивуш майы                                                       2.Темекі шеккен адам не үшін жөтеледі?-өкпеге зиянды                                                      3. «Есірткі гүлі» қайсы гүл? –жауқазын                                                                                   3 топ                                                                                                                   1.«Денсаулық үшін! » деп не ішіледі?                                                                                                                     2.Темекінің отаны?-Оңтүстік Америка                                                                    3.Есірткінің кең таралған түрі?-героин

Сергіту сәті

ІҮ-тур «Блиц–турнир, мақал-мәтелдер»-бұл кезеңде топқа парақ беріледі.Олар денсаулыққа ,спортқа тийісті мақал мәтелдерін жазады.

Ү-тур  «Тұлғаны танып біл…» -мұнда слайдпен Қазақстан толағайлары көрсетіледі.Оларды танып,қай спорт түрімен шұғылданатынын,жетістіктерін айтуға тиіс. Олар:

Қорытынды. Қазылар алқасына сөз беріледі.Әр топтың жиған ұпайлары айтылып,орын беріледі.Топтар марапатталады.

 

 

«Салауатты өмір сүру- уақыт талабы»  тақырыбында өтетін диспут сабағының бағалау парағы

р/с  Топтың аты

 

І ІІ ІІІ ІҮ Ү қорытынды
1 «Салауат»

9 «А»

2 «Денсаулық»

9 «Д»

3 «Болашақ»

9 «Ж»

 

Қазылар    алқасы:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________