Желілі жануарларды жіктеу. Қандауырша.

197

Сабақтың тақырыбы:  §53. Желілі жануарларды жіктеу. Қандауырша.

Мақсаты: 1.Білімділік:  Оқушыларды желіжануарлардың түрлерімен, ішкі құрылыстарымен, көбею ерекшеліктерімен таныстыру.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды желілерге құстар, балықтардың пайдасын білуге және оларды қорғауға тәрбиелеу.
  2. Дамытушылық: Оқушыларға Желілер типі және бассүйексіздер тип тармағының өкілі, желілерге тән белгілер, жайында білімін тереңдету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.    

Сабақтың түрі: зерттеушілік тұрғыдағы сабақ.

Сабақтың әдісі: тірек сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, интерактивті тақта.

 Пәнаралық байланыс: география, орыс әдебиеті.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Сәлемдесу, түгелдеу
  3. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
  4. Оқушылар назарын сабаққа аудару
  5. Үй тапсырмасын сұрау
  6. 1. Қазақстанда сирек және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрлері «Қызыл кітапқа» тіркелген?
  7. Ауыл шаруашылығын зиянын тигізетін бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?
  8. Бөгелектен қандай сонаның қандай айырмашылығы бар?
  9. Ауыл шаруашылығына қолданылатын әдіс әсерлі де тиімді болу үшін нені білу керек?
  10. Зиянды бунақденелілерді жоюдың қандай әдістері бар?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ.Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан , олар желілер деп аталған.

Желілер

 

Құрлықта      Топырақта     Ағаш басында мекендейді.

 

Желілерге жатады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ең кішілерінің дене тұрқы  0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар.

Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі  — тұйық.

Желілердің тип тармағы

 

Бассүйексіздер            Қабықтылар           Омыртқалылар

 

Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше  «эпи» — сырты, «дерма» —  тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік  — терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.

Асқорыту жүйесі  ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ  тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәршығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.

Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар  шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.

Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.

Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.

  1. Жаңа сабақты бекіту

Желілі жануарлардың өздеріңе тыныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсын жазып көрсетіңдер.

 

Желілердің өзіне тән белгілері Желілердің омыртқасыз жануарлармен  ұқсас белгілері
  1. Дене қуысының болуы 1. Денесі үш қабаттан тұрады
  2. Желісі бар 2. Денесі екі жақты симметриялы
  3. Қанайналымы – тұйық жүйелі 3. Жүйке түтігі бар
  4. Желбезек саңылаулары бар 4. Сырттай ұрықтанады
  5. Үй тапсырмасы:
  6. §53. Желілі жануарларды жіктеу. Қандауырша.
  7. Қандауыршаның ішкі құрылысының суретін салу.