Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.

178

Сабақтың  тақырыбы: Тіршілік үшін күрес және  оның түрлері.

Сабақтың мақсаты:  білімділік: оқушылардың  сұрыптау түрлерін  және  тіршілік  үшін  күрес  туралы  алған  білімдерін  жетілдіру; күрестің  рөлі  мен оның  себептерін анықтау  арқылы  талдап  түсіндіру;

дамытушылық: шығармашылық ізденістерін арттыру,бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;өзінің және жолдастарының білімін бағалай алу.

тәрбиелік:  түсініктер бойынша жергілікті  жануарларды  мысалға  ала  отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін,ұлттық өнерін насихаттау,Отанын сүюге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: сызба-кестелер,суреттер,Флипчарт,сұрақтар жазылған парақтар, бейнефильм «Тіршілік үшін күрес»

Түрі: аралас сабақ        Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа  даярлықтарын  тексеру; Сабақтың  әдіс-тәсілін анықтау үшін  тақтада сөз жасырылады — «Қызығушылықты оятады,ізденіс сипатына ие болады,жүйке жүйесін  демалдырады және ұйымшылдыққа  тәрбиелейді- ойын », тақырыбын  білу үшін  «Тіршілік үшін күрес» бейнефильмі көрсетіледі.

Сабақтың мақсатын қою және жоспарын айтып,жаңа  сабаққа ынталандыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Шығармашылық  тапсырма    

Оқушылар  өздеріне  берілген  тақырыптар  бойынша  дайындап  келген  суретті сызбаларын  түсіндіреді.

1 топ- «Табиғи сұрыпталу

2-топ- «Қолдан сұрыптау»

3-топ-«Тіршілік  үшін күрес»

2.Ізденген  жетер мұратқа.                                                                                                                           Топ  мүшелеріне сызба – кестелер таратылады.Онда тақырыпқа  сәйкес  суреттер  мен  сөздер  берілген.Топпен  ойлана  отырып, белгілі  бір  қорытындыға  келіп  мәтін құрастырып  баяндайды.Ұнаған  топтың  жауаптарын  өзара  бағалайды.

1-топ-«Тіршілік  үшін күрес»                                      2 топ- «Табиғи сұрыпталу

 

3-топ- «Қолдан сұрыптау»

 

 

Балалар  айтып  болған  соң  мұғалім  өзі  қорытындылайды.

1- кестеге қарасақ шегіртке саны артса ел экономикасының проблемасы болады.Күрт артуы қолайлы жағдайлардың туындауы:қоректің молдығы және жауынның аздығы.Шегірткені құрту үшін көптеген шаралар жүргізіледі.Көктем айларында қоймақалтаны бұзу,күзде жер аудару сөйтіп шегірткенінің санын азайту.

2- Ақбөкен жүйріктігінің арқасында жауынан қашып құтылады,алыс суатқа да әлділер жетеді,әлсіздері жыртқыштарға жем болады.Сөйтіп табиғаттың өзі сұрыптау жүргізеді. Бұл жерде сұрыптаушылар –жыртқыштар.Бұл қолайсыз табиғат жағдайлары болып табылса,ал сұлулық жыршысы Сәкен Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңін байқап отырсақ тіршілік иелеріне деген аяушылықтың белгісі,яғни адамның табиғаттың сұлу еркесіне жасаған жауыздығы бейнеленген.

3- Қазақтың құмай тазысы адамның мыңдаған жылдарға созылған сұрыптау нәтижесі. Қазақ халқының саятшылық өнерін насихаттай отырып,көшпелі өмір салтын басынан кешкен халқымыз табиғатпен мейілінше жақын болған.Табиғатты өз өмірінің бөлінбес сыңырына балап,табиғат тылысымын тереңірек таныса,өмірдің соғұрлым мәнді де, қызықты болатынын түсінген.Қолтұқымдарды алуға тазы итті,иттің басқа қолтұқым дарымен будандастырмаған.Тек таза тазы ит шығарып отырған.Бұл адамның жүргізген қолдан сұрыптауына байланысты.

ІІІ.Жаңа сабақ

  1. -«Тіршілік үшін күрес» — тірек сызбасымен жұмыс

Тіршілік  үшін  күрес

 

 

Түраралық                   Түрішілік               Сыртқы  ортамен

 

(Мысалдар келтіру)

  1. 1Жабайы табиғат» Суреттермен жұмыс.Күрес түрлері бойынша анықтау,түсіндіру.

 

 

 

 

ІV. Сабақты пысықтау.

А) Блиц турнир

Сұрақтарға  тез жауап  алу.Жасырылған сұрақтарды әр топ түстер бойынша таңдайды.

Қызыл түс:

1.Топтағы  біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес.

2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы

3.Жыртқыш пен құрбандық арасындағы күрес түрі.

  1. Бір түр дарақтарын алуан түрлі етіп өзгертуі.

Көк түс

1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.

2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.

3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.

4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.

Жасыл түс

1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.

2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.

3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.

4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.

1-топ 1-Түрішілік 2-Ламарк 3-Түраралық 4-Өзгергіштік

2-топ 1-Линней 2-Сұрыптау 3-Түрішілік  4-Биологиялық өркендеу

3-топ 1-Абиоздық 2-Дарвин 3-Эволюция 4- Биологиялық кері кету

Б) ҰБТ бұрышы.Тестілеуді дайын кілті арқылы тексеріледі.Өзара тексеріп, дұрыстайды.

1.Алғашқы эволюционист   А) Ж.Б.Ламарк  В)И.Дарвин  Д)К.Линней

2.Жаңа қолтұқымдар,іріктемелер жасайтын шығармашылық үрдіс.

А) әдістемелік В) санасыз  С) табиғи

3.Күтімнің ауысуына байланысты өзгеретін өзгергіштік

А) Жеке   В) Топтық  С) Комбинациялық

4.Эволюцияның  атасы

А) Ж.Б.Ламарк  В)И.Дарвин Д)К.Линней

5.Малдың еттілігін,сүттілігін арттыру

А)Табиғи сұрыпталу    В)Қолдан сұрыптау   С)Санасыз сұрыптау

6.Тұқым қуалайтын өзгергіштік

А)Жеке   В) Топтық  С) Комбинациялық

7.Жаңа формалардың түзілу процесінің негізгі принципі

А)Тұқым қуалау  В) Сұрыптау С) өзгергіштік

8.Раушангүлдің жабайы тегі

А) Раушан  В) Жүзім С) Итмұрын

9.Үздіксіз жүре беретін сұрыптау түрі

А) Қолдан  В)Жеке  С) Табиғи

10.Бұғылардың негізгі азығы:

А)Арктикалық қына В)Кладония С)киіз қына

Биология пәнін таңдамаған оқушыларға тіршілік үшін күрес түрлерін анықтау үшін 10 сұрақ.

1.Жануарлар арасындағы мекенжай үшін талас.

2.Араластырып еккен әртүрлі өсімдік дақылдарының бірі жақсы,екіншісі нашар дамуы.

3.Бунақденеліліер мен құстардың өзара қатынасы.

4.Шөл жерде өсетін өсімдік жапырағының тікенекке айналуы.

5.Құстрдың ұя салатын орны үшін таласуы.

6.Өсімдік жапырақтарының өте шырынды болуы.

7.Шалғынды жердің өсімдіктерінің біркелкі дамымауы.

8.Сыртқы орта жағдайы біркелкі блсада ағаштардың біркелі болып өспеуі.

9.Өсімдіктің айналаға жағымсыз иісті бөліп шығаруы.

10.Жыртқыштар мен жемтіктерінің өзара қатынасы.

 

VІ. Үйге тапсырма 11,12 параграфтарды оқып келу.»Тіршілік үшін күрес» тақырыбына өз ортаңмен,өмірмен тығыз байланыстыра шығарма жазып келіңдер.

 

VІІ. Бағалау.Әр топ  жетекшісі  балалардың  жауап парақтарына  белгілегендері бойынша  баға  береді.

Оқушының  АЖ Шығармашылық жұмыс Сызба-кестемен жұмыс Суреттермен жұмыс Блиц турнир қорытынды