«Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні. Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршілік заңдарының жетекші рөлі.

83

Сыныбы:   11 “б”

Сабақтың тақырыбы:  «Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні. Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршілік заңдарының жетекші рөлі.

 Сабақтың мақсаттары.

Білімділік: Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктерін, олардың өмірі мен шаруашылықтағы мағызы, мекен ету орталықтары жайында білімін кеңейту, тереңдету.

 Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдарды  пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен білім алып, тақырып мағынасын ашуға,ой түйіндеуге, адамның ғылыми тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызбалар, дүниежүзілік карта

Сабақтың  пәнараалық байланысы: тарих, география, әдебиет, медицина саласы

Сабақтың типі. Білім мен дағдыны қалыптастыру

 Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: эвристикалық және түсіндірмелі қозғау салу, сұрақ- жауап әдістері

Сабақтың кілт сөзі. «Адамды адам еткен – еңбек»

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

  • Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп, зейіннін сабаққа аудару
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
  • Класс оқушыларын топқа бөлу

ІІ. «Ой сергіту» шарты бойынша үй тапсырмасын сұрау

  • «ежелгі адамдар» тақырыбын талдау
  • Ертедегі адамдар» тақырыбын талдау
  • І«Осы заманғы адамдар» тақырыбын талдау

Берілген тапсырмаларды орындағаннан кейін, 3- топқа сұрақтар беріледі.

1.Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін ата?

2.Рудиментті мүшелер деген не?

3.Атавизм деген не?

4.Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады?

5.Адам эволюциясындағы әрбір кезеңнің адамдарының тұрмыс – салт ерекшеліктерін ата?

  1. Адам эволюциясы кезеңдерін ретімен атап, дене құрлысындағы ерекшеліктерді ата?

Үй тапсырмасын пысықтағаннан кейін,  жаңа сабақтың жоспары мен мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам нәсілдері
  2. Нәсілтану ғылымы
  3. Әлеуметтік дарвинизм

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі.

Үш нәсілдің суреттерін көрсетіп, сол туралы не білетіндіктерін сұрау арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы адам деп аталады. Бұз атаудан адамның басқа организмдерден ақыл – ой, сана арқылы ажыратылатыны айқын байқалады.

Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер» терминін енгізді.

  1. Негроидтық нәсіл : шашатары бұйра, қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал – мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады.
  2. Европоидтық нәсіл: Ұзын бойлы, шашы ұзын салалы, әрі ,ашық терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды, жұқа ерінді болып келеді.
  3. Монголоидтық нәсіл. Шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді.

Моноцентризмдік тұжырым.

Гректің «monos» «бір» деген мағынаны біліреді.

Латынның «Centrum»  «орталық» деген сөзді білдіреді.

Полицентризмдік тұжырым

Гректің  «Polys» деген мағынаны біліреді.

Әлеуметтік дарвинизмге байланысты сұрақ беріледі.

  1. Матералистік көзқарас деген не?
  2. Идалистік көзқарас деген не?

Жаңа сабақты қорытындылау үшін кесте толтырылады.:

 

Нәсілдер Ерекше белгілері Таралған жерлері

 

Сабақ қорытындыланады.

ІҮ. Бағалау.

Ү.Үйге тапсырма: А,Б, С деңгейлік тапсырмаларды орындау.