Бүгінгі білімім – ертеңгі байлығым

Алғашқы әскери дайындық.

Сайыс сабақ.  

Тақырыбы:  Бүгінгі білімім – ертеңгі байлығым

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың білім деңгейін, білімділігі мен алғырлығын арттыру.

  1. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын,ептілігін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  2. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Тәрбиелік мақсаты:Елін, жерін, халқын сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, шығармашылық өз бетінше іздену.

Сабақтың эпиграфы: Білім алу – батылдық, оны толықтыру даналық, ал шебер қолдана білу – өнер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Армысыздар, құрметті  ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп  Ш.Уәлиханов,  «Ғылыми майданның жауынгері тек үнемі іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтпаев атамыз айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жастар екені даусыз.

Ендеше  осы мақсатта өткізгелі отырған  сыныптан тыс сайыс сабағымызға   қош келдіңіздер.

Білімімен тәнті етеді тектілер,

Мұратыңа білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салыңдар.

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойын ойнап көріңдер.

Сайысқа 11 және 10 сынып командалары қатысады.

 

І. Әр топ ұраны мен тобын таныстырады.

«Батыр» тобының ұраны:   «Ерлік – ел мұраты»

Батырлар танылады даңқыменен,

Батыр боп бабалардың салтыменен,

Қарсылас командалар жеңе алады,

Білімпаз батырлықтың қалпыменен.

 

«Өнер» тобының ұраны:  «Өнер алды – қызыл тіл»

Құлақ салып тыңдап ал,

Өнер деген жұмбақ бар.

Шеттерінен қырағы команданың ұланы,

Өнерімен өрге өрлеп,биік шыңға шығады.

ІІ. « Мақал айтсаң, жол көрсеттің, мәтел айтсаң жанымды жайландырдың» демекші келесі кезек мақал – мәтелді жалғастыру:

Мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады, командалар мақал-мәтелді ары қарай жалғастыру керек.

ІІІ. «Өнерпаздар сайысы.

Әр команда өздерінің өнерлерін көрсетеді.

ІV. «Білгенге маржан, білмегенге арзан» атты сайысымызды бастаймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдіден шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.

  1. ҚР ҚК қай жылы құрылды? (1992 ж 7 мамыр)
  2. ҚР ҚК бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
  3. Халық қаhарманы Мұхтар Алтынбаевтың әскери атағы? (армия генералы)
  4. Б.Момышұлының әскери атағы кім? ( гвардия полковнигі)
  5. Калашников Автоматы оқжатарының сыйымдылығы? (30 оқ)
  6. Калашников автоматының калибрі қанша? (5,45 мм)
  7. Бірінші дүниежүзілік соғысы қай жылы басталды? (1914 ж)
  8. Калашников автоматы қай жылы шықты? (1947 ж)
  9. ҚР Төтенше жағдайлар Министрі кім?
  10. ҚР ҚК әскери жарғыларын ата? (саптық, тәртіп, ішкі қызмет, гарнизондық және қарауылдық жарғы)
  11. Құрлықта генерал-майор, ал теңізде кім? (Контр-адмирал)
  12. ТОЗ-8 винтовкасының калибрі қанша?     (5,6 мм)
  13. ҚР ПРезиденті Әскери антты қай жылы бекітті? (1992 ж 25 тамыз)
  14. Жалауларды зерттейтін ғылым қалай аталады? (геральдика)
  15. Ротаның тәуліктік нарядының қаруы? (сүңгі-пышақ)
  16. Қарсыластың адам күшін жоюға арналған жеке қаруы? (Калашников Автоматы)
  17. Саптық адыммен жүргенде аяқ жерден қанша көтерілу керек? (15-20 см)
  18. Саптық адыммен жүргенде минутына қанша адым жасалады? (110-120)
  19. Бұл сауытталған шынжыр табанды машина зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Қалай аталады? (ЖҰМ)
  20. Бұл қазақ қаhарманды украйнада «Вася» деп атаған. Ол кім? (Қ.Қайсенов)
  21. Офицердің табельдік қаруы? (тапанша)
  22. «Дарабоз» атанған батыр кім? (Қабанбай)
  23. Абылай ханның ту ұстаушы үш батыры кімдер? (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы бөгенбай, Шапырашты Наурызбай)
  24. Жаппай жою қарулары қалай аталады? (Ядролық, химиялық, биологиялық)
  25. Жарылғыш әрекетті жаппай жою қаруы қалай аталады? (Ядролық қару)
  26. Зардап шеккендерді іздеудің кинологиялық әдісі деп нені айтады? (арнайы үйретілген иттерді пайдаланып іздеу)
  27. Табиғи төтенше жағдайларға нелер жатады? (жер сілкінісі, қар көшкіні, су тасқыны,ормандағы өрттер т.б.)
  28. Мерзімді әскери қызметке шақыру жасы? (18-27 жас)
  29. Қарауылдың саны неге байланысты болады? (постылар санына)
  30. Автоматқа шайқас алдында кигізіледі, қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет ететін не?  (сүңгі-пышақ)
  31. Калашников автоматының жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы қанша? (3,6 кг)
  32. ХХІІ қысқы Олимпияда қай күні, қай жерде басталды? (07.02.14.Сочи)
  33. ХХІІ қысқы Олимпиядаға қанша мемлекет қатысты?
  34. ХХІІ қысқы Олимпиядаға қатысқан Үржарлықтарды ата?  (Диас Кенешов, Ердос Ахмадиев, )
  35. ХХІІ қысқы Олимпияда қанша медаль алдық?
  36. 02.14 ж ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы қалай аталады? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
  37. Жолдауда Қазақстан неше дамыған мемлекеттердің қатарына кіру жоспарланған?

 

  1. Әр топтан екі оқушы шығып уақытқа газтұмылдырық (противогаз) және жеке қорғаныш толымын (ОЗК) киіп жарысады.

VІ. Қорытындылау:

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар»деген бабам,

Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз дей отырып

«Бүгінгі білімім – ертеңгі байлығым» атты  сайыс сабағымызды  аяқтаймыз.