ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері.

149

Сабақтың тақырыбы: ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру.                                                                                                                                     .                                               Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта,бейнефильм                                                Сабақтың барысы:                                                                                                                            а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә)Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7мин.                                                                                        1)ҚР Заңы бойынша ҚК-ді толықтырудың қандай түрлері бар?                                                    2)Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?                                                                                                                     3)Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.                4)Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?                              5)ҚР ҚК-інде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?                                                                                                                                    б) Негізгі бөлім – 25 мин.
ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік. Қазақстан аумағында әскери істің даму тарихы. Ұлы Отан соғысы батырлары. ҚР-ның ҚК әскерлерінің жауынгерлік дәстүрлерін қалыптастыру.
ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері.
Жауынгерлік дәстүрлер – бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құлық нормалары
ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлеріне: өз мемлекеті мен халыққа берілгендік, агрессорларға деген өшпенділік; өз күшіне сенімділік; армия мен флотқа сүйіспеншілік; әскери антқа, әскери бөлімнің жауынгерлік туына және әскери борышқа берілгендік; ұрыста жаппай ерлік көрсету; мықты әскери жолдастық, командирді құрметтеу және оны ұрыста қорғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіпті нығайтуға жоғары қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті сақтауға, саяси білім деңгейін жоғарылатуға үнемі ұмтылу; ТМД жауынгерлерімен жауынгерлік ынтымақтастық, егемен демократиялық мемлекетті қорғауға дайындық жатады.Дәстүрлер бір сағатта және бос орында пайда болған жоқ. Қазақ халқының үш мың жылдан астам бай тарихы бар, халықпен бірге жаңа дәуірдің басында-ақ А. Македонский әскерлеріне күйрете соққы беріп, ұлы басқыншының шығысқа қарай жылжуын тоқтатқан.
VІІІ ғасырда араб және қытай басқыншыларының Қазақстан жеріне қоныстанған мемлекеттерді бағындыру әрекетінен түк шықпады.Х111 ғасырдан бастап түрік тайпалары түрік-моңғол империясы құрамына кірді. Тарих деректері айғақтағанындай, Шыңғысхан әскерлерінің сол қанатын жауынгерлік өнері мен батылдығы үшін даңққа бөленген қазақ халқының ата-бабалары – түркілер құрған, ал олардың қолбасшылары қарсыласқа тұтқиылдан, тылда және қапталға бойлай еніп шабуыл жасай алумен ерекшеленетін.1466 жылы құрылғанынан бастап, 530 жыл өмір сүрген Қазақ хандығы Орталық Азия гегемоны болып табылды, ал көршілерді шебер қолбасшылар бастаған қазақ атты әскерінің әскери қуатын сыйлауға және олармен есептесуге мәжбүр етті.Жоңғар басқыншылары қазақ мемлекетіне қарсы агрессия бастай отырып, қанқұйлы да күшті жауларға күйрете соққы берген тең емес шайқастарда жеңіске жеткен қазақ жауынгерлерінің күші мен қуатын мойындады, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, т.б. батырлар есімін азиялықтар да, одан тыс жердегілер де жақсы білді.
Қазақтар әрқашан епті де ержүрек жауынгерлер бола білді, олар жорықтық ұрыстың барлық ауыртпалығы мен азабын аттың үстінде жүріп көтере білген. Сондықтан да Аманкелді Иманов, Бекболат Әшекеев және т.б. көптеген әскери басшылардың болуы заңды да.1918-20жылдары Қазақстан аумағында: 4атты әскер бригадасы, 4атты эскадроны, 4жаяу әскер полкі, 8қарауыл ротасы және т.б. бөлімшелер болды. Олар Азамат соғысына белсене қатысты.Азамат соғысынан кейін Қазақстан аумағында Орта Азия және Түркістан әскери округі әскерлері орналасты.
Біздің ҚК-іміздің ерлік тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың батырлығында толық және айқын аңғарылады. Қазақстаннан майданға 1млн 200мың адам кетіп, оның 600 мыңнан астамы оралған жоқ. Олар Отан үшін, біздің болашағымыз үшін өздерінің қымбат өмірін қиды. Қазақстандықтардың көрсеткен ерлігі мен теңдесі жоқ табандылығы туралы талай жазылды. Әсіресе Мәскеу түбіндегі 28-гвардияшы-панфиловшылардың аңызға айналған ерлігін атап айтқан жөн.
Біздің ҚК-іміздің жас жауынгерлері ардагерлердің лайықта ізбасарлары болды және неміс басқыншыларымен шайқаста өздерін мәңгі даңқа бөледі. Олар, аты аңызға айналған адамдар – екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары – Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов және Кеңес Одағының Батырлары – Н.Әбдіров, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы және көптеген басқа адамдар тек тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ.
Соғыс ардагерлері Қ.Қайсенов, С.Нұрмағамбетов, Н.Тайыпов Республиканың жоғарғы марапат белгісі – «Халық қаhарманы” атағына ие болып, “Алтын жұлдыз” белгісін алды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның ішінде 497 қазақстандықтар бар, оның 97-сі қазақ; 110 қазақстандық үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.
Соғыс жылдарында республика аумағында көптеген әскери-оқу орындары жұмыс жасады. Солардың бірі – Алматы атқыштар-пулеметшілер училищесі 1940жылы маусым айында ашылды. Училищеде барлығы 6333офицер куәлігі берілді, сонымен бірге курсанттар бригадасынан 7001 қатардағы сарбаз бен сержант аттанды.
Алматының 22-ші әскери-авиация мектебі 662, 991, 992 авиаполктері құрамында соғысқан командир, инструктор-ұшқыш, инженер-техник мамандарын және түнде шабуылдайтын ұшқыштар дайындады.
1942жылдың ақпанынан 1943жылдың сәуіріне дейін Атырауда жаяу әскер училищесі жұмыс істеді. Соғыс кезінде Қазақстанға орталықтан көптеген училищелер көшірілді. Кеңес Одағының маршалы Б.М.Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Тулы жаяу әскер училищесі 1941жылдың күзінде Семейге көшіп келді. 1943жылдың маусымына дейін 2725 адамды оқытып шығарды. 1944 жылы сәуірде Тамбовқа қайта оралды.
1941жылдың қарашасынан 1945жылдың ақпанына дейін Талғарда Рязань атқыштар училищесі орналасты. Ол 1943жылдың наурыз айынан бастап, 141офицерді дайындап шығарды.
Қостанайда орналасқан Сталинградтың Қызыл Тулы ұшқыштар және әскери десанттық мамандар дайындайтын әуе училищесі 244 ұшқышты оқытып шығарды.
Харьков обылысынан келген Чугуев әскери әуе училищесі Оңтүстік Қазақстанға – Шымкентке, Жамбылға, Сайрамға, Арысқа орналасты. Соғыс жылдары 3228 ұшқыш дайындады.Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі 1941 жылы 26қазанда Қызылордаға көшіп келді. Онда 4097 әуе маманы даярланды.
Алматыға Мәскеудің жоғарғы шекара мектебі мен Харьков Ішкі істер халық комиссиараты училищесі көшіп келді. Қазір осы училищенің базасында ҚР Шекара әскерлерінің институты құрылған.
Сонымен, барлығы біздің республиканың аумағына 1941-45 жылдары 27 әскери-оқу орындары орналасты. 1941-45 жылдары бұл училищелерде 16мың офицер, 10500 сержант оқып, 10мыңнан аса түрлі маман дайындалып, майданға аттандырылды.
Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрі қазіргі уақытта да дамып келеді. ҚРҚК құрамына Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған бірнеше дивизиялар кіреді. Олардың ішінде біздің елімізден тыс жерде құралған Уман гвардиялық дивизиясы бар. Орденді гвардиялық дивизияның даңқты жауынгерлік жолы туралы Ұлы Отан соғысы жылдарында ол қатысқан Мәскеу түбіндегі шайқас, Сталинград, Курск шайқастары, Корсунь-Шевченко, Уман-Боташанск операциялары, Будапешт шайқасы және Вена операциясы арқылы білуге болады. Дивизияның 8 жауынгері Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. 11-ші дәрежелі Суворов ордені Уман дивизиясы атағына Корсунь, Кишинев және Вена полктерінің атақтары қосылды. Гвардияның жауынгерлік туына полктердің наградалары: Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницкий ордендері қосылды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, бұл дивизияға құрметті атақ – Қарасай батыр аты берілді.
Гвардиялық құрама – ҚР ҚК –індегі жалғыз оқу орталығы болып табылады. Онда 10-нан астам мамандықта жауынгерлерді даярлайды. Қазақстан армиясының генералдары мен көптеген офицерлері әскери басшы ретіндегі өз қалыптасуларын нақ осы дивизияда өткізді.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:                                                                                       1.Жауынгерлік дәстүр ұғымының мәні неде?                                                                  2.Қазақстан аумағындағы әскери істің даму тарихы туралы не білдіңдер?                   3.Даңқты батырларды атаңдар, олардың ерлігі туралы баяндаңдар.                            4.Өздерің білетін Ұлы Отан соғысының батырлары туралы айтыңдар                                     5.Соғыс жылдарындағы Қазақстан аумағындағы әскери оқу тарихы туралы не білесіңдер?    г) Бейнефильм.

 

    1-слайд патриоттық сурет      

    2-слайд  Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар:

  1. ҚР Заңы бойынша ҚК-ді толықтырудың қандай түрлері бар?
  2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?
  3. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.
  4. Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?
  5. ҚР ҚК-інде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?

3-слайд

27.09.2013

 

           ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері.

  1. ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік
  2. Қазақстан аумағында әскери істің даму тарихы.
  3. Ұлы Отан соғысы батырлары.
  4. Қазақстанда соғыс жылдарында ашылған әскери оқу орындары.

 

4-слайд
Жауынгерлік дәстүрлер – бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен мінез- құлық нормалары.

 

5-слайд

Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай,Райымбек батырлардвң суреттері

 

6-слайд

Ұлы Отан соғысы,батырлардың суреттері

 

7-слайд

Қазақстанда соғыс жылдарында ашылған әскери оқу орындары.

 

1940 жылы маусым айында Алматы атқыштар-пулеметшілер училищесі ашылды. Училищеде барлығы 6333офицер куәлігі берілді, сонымен бірге курсанттар бригадасынан 7001 қатардағы сарбаз бен сержант аттанды.

Алматының 22-ші әскери-авиация мектебі 662, 991, 992 авиаполктері құрамында соғысқан командир, инструктор-ұшқыш, инженер-техник мамандарын және түнде шабуылдайтын ұшқыштар дайындады.

1942жылдың ақпанынан 1943жылдың сәуіріне дейін Атырауда жаяу әскер училищесі жұмыс істеді. Соғыс кезінде Қазақстанға орталықтан көптеген училищелер көшірілді. Кеңес Одағының маршалы Б.М.Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Тулы жаяу әскер училищесі 1941жылдың күзінде Семейге көшіп келді.

1943жылдың маусымына дейін 2725 адамды оқытып шығарды. 1944 жылы сәуірде Тамбовқа қайта оралды.
1941жылдың қарашасынан 1945жылдың ақпанына дейін Талғарда Рязань атқыштар училищесі орналасты. Ол 1943жылдың наурыз айынан бастап, 141офицерді дайындап шығарды.
Қостанайда орналасқан Сталинградтың Қызыл Тулы ұшқыштар және әскери десанттық мамандар дайындайтын әуе училищесі 244 ұшқышты оқытып шығарды.
Харьков обылысынан келген Чугуев әскери әуе училищесі Оңтүстік Қазақстанға – Шымкентке, Жамбылға, Сайрамға, Арысқа орналасты. Соғыс жылдары 3228 ұшқыш дайындады.
Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі 1941 жылы 26қазанда Қызылордаға көшіп келді. Онда 4097 әуе маманы даярланды.
Алматыға Мәскеудің жоғарғы шекара мектебі мен Харьков Ішкі істер халық комиссиараты училищесі көшіп келді. Қазір осы училищенің базасында ҚР Шекара әскерлерінің институты құрылған.

Сонымен, барлығы біздің республиканың аумағына 1941-45 жылдары  27 әскери-оқу орындары орналасты. 1941-45 жылдары бұл училищелерде 16мың офицер, 10500 сержант оқып, 10мыңнан аса түрлі маман дайындалып, майданға аттандырылды.

 

8-слайд

  1. Жауынгерлік дәстүр ұғымының мәні неде?
  2. Қазақстан аумағындағы әскери істің даму тарихы туралы не білдіңдер?
  3. Өздерің білетін Ұлы Отан соғысының батырлары туралы айтыңдар.
  4. Соғыс жылдарындағы Қазақстан аумағындағы әскери оқу тарихы туралы не білесіңдер?

 

9-слайд   Қазіргі еліміздегі әскери оқу орындары туралы бейнекөрініс.