«Бүгінгі шәкірт – ертеңгі Отан қорғаушы»

 

Батыс  Қазақстан облыстық , Орал қаласындағы  М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп интернатының  алғашқы  әскери дайындық  пәнінің  мұғалімі Сүлеев  Жұмабай  Кәкімұлы

Сыныптан тыс шараның  тақырыбы:

«Бүгінгі шәкірт – ертеңгі Отан қорғаушы»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды ұйымшылдық, ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
  2. Оқушылардың дене тәрбиесінің дамуын жетілдіруге бағыттау.
  3. Оқушының денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.

Өткізілетін жері: мектептің спорт залы.

Пайдаланатын құралдар: екі балға, шегелер, канат, противогаз, гимнастикалық мат, спорттық формалар, 6 кубик, сыпырғыш, әуе шарлары, 2 конверт, оқтар, 4 «мина», т.б.

Жоспар

  1. Ашылуы
  2. Теориялық бөлім
  3. Конкурс, эстафеталар
  4. Көрініс көрсету
  5. Қорытынды

Барысы

  1. Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Бүгінгі Қазақстан тәуелсіз мемлекет, өз армиясы, флоты бар. Өз қарулы күштерін үнемі нығайтып отырады. Қазақстан мемлекетінде өз Отанын абыроймен қорғаған батырлар аз болған жоқ. «Жылдам болғың келсе-жүгір, күшті болғың келсе-жүгір, ақылды болғың келсе-жүгір»- деген сөздер тегіннен тегін айтылмаған. Архимедтің өте үлкен спортшы, әрі ғалым болғаны бізге мәлім.

Мүғалім

— Бүгінгі біздің жарысымызға 2-3 жылдан кейін армия қатарына баратын жастар қатысады. Қазір біз оларды залға шақырамыз, олар:10-11 сынып оқушыларының командалары.

ҚР әнұраны орындалады.

Әділқазы мүшелері таныстырылады.

  1. Жарыс, девизбен танысу, команданы таныстыру. Армияда ұйқыдан оянуға 45 секунд беріледі. Біз қалай орындар екенбіз.
  2. «Рота, тұрыңдар» эстафетасы. /Спорт формасын киіп, орнына барып тұру/.
  3. Миналау және минадан тазарту. Екі мина макетімен жұмыстану. Осы жерде каратистер көрініс көрсетеді. «Ер азамат тек қаруды ғана емес, балғаны да мықты етіп ұстай білу керек» көрініс.
  4. «Ағаш шеберлері» жарысы. Балға, шеге, противогазбен жұмыс. Противогаз киіп, шеге қағу.
  5. «Спецназ» әзірлеу тәжірибесі.
  6. Автомат магазинін бұзу, құру. 4 адам қатысады.

Көрініс «Тазалық-денсаулық кепілі» казарманы тазалау.

  1. «Солдаттар тазалықты сүйеді» сыпырғыш, кубиктермен жұмыс.
  2. Әзіл-сықақ эстафетасы. Төрт аяқтап, теннис шарымен ойнау.
  3. «Гладиаторлар».
  4. Канат тарту.

Қорытынды.

Мұғалім: Бүгінгі мерекеміздің қонақтарына, қатысушыларына рахмет айтамыз. Отан қорғаушы, форма киген адамнан да, жоғары тұрады. Себебі, олар адамдарға күнделікті қамқорлық жасайды. Сондықтан да, біздің денеміз шымыр болып, дене тәрбиесімен айналысуымыз керек.