Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

94

Сабақтың тақырыбы: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

 

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды атыс жүйесімен және атыспен маневр жасауға үйрету.

Дамытушылық: шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту, өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тқрақтылықты қалыптастыру, мергендікке баулу.

Тәрбиелік: сабырлыққа, жауапкершілікке дағдыландыру, сыни көзқарас қалыптастыру,елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

  1. Уақыты: 45 минут.
  2. Өткізілетін орны: АӘД кабинеті
  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
  4. Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  10 минут.

  • жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.
  • жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.
  • мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы

жайлы айтыңдар.

     б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады.

Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан қарсыластың бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі аймағындағы нысаналар тобын ату.

Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болып бөлінеді.

    Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді.

Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.

Бойлата ату бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс.

Бөлімшенің атыс құралдарын, командир жоспарымен, жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігін ескере отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтиды.

   Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады.

 

 

Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ-дәрінің болуымен анықталады.

Атысты басқаруды ыңғайлы ету  үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.

Атыс маневрі дегеніміз  өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру.

Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып қарсыласты жоюы қажет.

Бөлімшелер маневрі қарсыластың әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай – ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.

    Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.
   Айналып өту — қарсыластың тылы мен қапталына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимыл арқылы жүргізіледі.Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.

Бастамшылдық дегеніміз кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу.

Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамшылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамшылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу — әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады.    в) Қорытынды бөлім – 12 минут.         

Сұрақтар мен тапсырмалар:

—     ұрыстық атыс түрлері қандай?

—     атыс жүйесі дегеніміз не?

—     атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылады?

—     қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды?

—     атыспен маневр жасау дегеніміз не?

—     бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?

—     шабуылда және қарама-қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?

—     ұрыста бастамшылдық не үшін қажет?

—     кенеттілікке қалай қол жеткізуге болады?

Үй тапсырмасы : Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Оқушылардың білімін бағалау.