Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.

69

Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.

 

          Мақсаты:

1.Жарықшақты қол гранаталарының құрылысы мен  таныстыру лақтыру тәсілдерін оқушыларға үйрету және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

  1. Граната түрлеріне қарай сипаттамаларын білу, негізгі бөліктерімен механизмдерінің жұмысын  меңгерудегі білімін дамыту.
  2. Патриоттық сезімін арттыру елін, Отанын қорғауға дайын болуға, батылдыққа, ержүректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа  сабақ.

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауаптар т/б.

Өткізілетін орны:  АӘД кабинеті.

Көрнекілігі: Оқу — жаттығуға  арналған қол гранаталары сызба нұсқалары, плакаттар т/б

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Взвод командирі сапқа тұрғызады, әскери оқытушыға рапортын береді.

Сәлемдесу. Оқушылардың тазалығына көңіл бөлу.  Тізім бойынша тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Жарықшақты қол гранаталары неге арналған?

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде  және қарулануында  қол гранаталарының қандай түрлері бар?

3) РГД-5 жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиетін атап беріңдер?

4) Гранаттың бөліктерімен механизмдерінің жұмысы жайлы айтып беріңдер?

III. Мақсат қою кезеңі:

1) Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдерін оқушыларға үйрету .

2) «Гранаттарды дайындау», «гранатпен-ат»  дайындықтарына машықтандыру.

 

V ) Жаңа сабақты түсіндіру.

      Гранаттарды лақтыру  келесі  тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану (гранатты жарақтау  және орналасу) мен гранатты лақтыру . Жаттығу сабақтарында  ұрыстық гранаттарды  лақтыру  кезінде  болат дулыға киіледі.

Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайындау!»пәрмені бойынша , ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі.

Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен  металл қалпақшасын алады немесе тығынды  корпус түтігінен  бұрап шығарады. Содан кейін  сол қолмен гранатты ұстап тұрып  оны оң қолмен сөмкенің  ұясынан шығарып тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып шегіне дейін бұрап енгізеді. Гранат лақтыруға дайын.

Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру түрлі жағдайларда  жүргізіледі: түрегеліп тұрып,тізерлеп тұрып,  жатқан қалпында , сондай-ақ (ЖҰМ)жаяу әскердің ұрыс машинасынан, танкіден,БТР және жаяу әскер ретік қозғалыста  тек шабуыл гранаттары, гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскелең шөп, сым темір және т/б кедергілер болмайтындай жер таңдалады.

Гранатты лақтыру «Гранатпен –ат!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Жарықшақты қол гранатын  лақтыру үшін :

1.тығынды бұрап алу

  1. тұтандырғышты алу,
  2. тұтандырғышты бұрап тығу.

Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру алдындағы іс -әрекет:

  1. ағытқыш интеркті граната корпусына басу,
  2. сақтандырғыш мұрындық ұштарын ию,
  3. сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алу .

 

Бір орнында тұрып граната лақтыру кезінде – нысанаға тура қарап, гранатты оң қолда , ал қаруды сол қолда ұстап тұрып,  сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады. Оң аяқты  тізеден бүгіп , денені оңға бұрып, қол  төменге және артқа  доға бойынша  гранатпен сермеу жүргізіледі,  лақтыру кезінде  дененің  салмағын сол аяққа  түсіріп, қаруды артқа  ұстайды.

Тізерлеп граната лақтыруда —  гранатты оң қолда , қаруды сол қолда  ұстап тұрып , сақтандырғыш  мұрындықты жұлып алады. Денені артқа  бере және оны оңға бұрып, гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып, иықтың үстінен лақтырады да , қимыл соңында дереу сол аяққа еңкейеді.

Жатқан қалпында граната лақтыру- кезінде  қаруды жерге қойып, гранатты оң қолға алады. Сол қолмен  сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң  аяқты  біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гранатты құлаштап лақтырады. Оң аяқты  түзете , нысанаға қарай  кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады: қаруды алып, атысқа оңтайланады.

Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін – қаруды топыраққа  қалқаға қойып, гранатты  оң қолға алып, сақтандырғыш мұрындықты  жұлып алады; оң аяқты мүмкіндігі болғанша  артқа қояды. Белмен еңкейіп, екі аяқтыда  сәл бүгіп , гранат ұстаған қолды, шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты  нысанаға лақтырады да  ізінше орға , оқпанаға жасырынады.

Гранатты  лақтыру кезінде  ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай ауытқиды да, соққышқа  энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірмен  капсюль- тұтандырғышты  жарады. Капсюль- тұтандырғыштан шыққан  от баяулатқышты  тұтатады және одан өтіп  капсюль – детонаторға  беріледі. Капсюль- детонатор жарылып,  гранаттың  жарылығыш  зарядын жарады. Гранаттың  корпус жарылып,  тұтандырғыштың  жарықшақтары жан –жаққа  ұшырайды.

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру:

  • Үйренуші болат дулыға кию керек.
  • Гранаталар мен тұтандырғыштарды оқтауда алдында тексеру керек,  ақаулықтар байқалса командирге  хабарлау керек.
  • Бірнеше гранаталар лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылғаннан соң кемінде 5 секунд  өткенен кейін лақтыру  керек.
  • Қол гранаталарын лақтыру ауданының радиусы  кемінде 300 метр жерді қоршау керек.
  • Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаталарды  лақтыру кезінде  офицер  жетекшілігі және т/б бөлімше командирі шешеді.
  • Гранаталармен тұтандырғыштар беру орны 25м  қашықтықта жабдықтау керек.
  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
  • Жарықшақты қол гаранатын лақтыру қалай жүргізіледі?
  • Түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатты лақтыру тәсілдері қалай орындалады?
  • Лақтыру үшін гранаттың жарақталуы туралы айтыңдар?
  1. Үйге тапсырма беру:_____________________

Қол гранаталары  және оларды лақтыру тәсілдері туралы түсінігін айтып беру.

Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы, журналы, плакаттар, т/б.

VII . Сабақты қортындылау      

1) Сабақтағы  жаңа тақырып туралы  түсінігін тексеру,  сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту.

2) Оқушыларды бағалау.

3) Оқушылармен әскери қоштасу.

YIII. Бағалау.