Сандарды және шамаларды салыстыру.Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер

211

Сабақтың тақырыбы: Сандарды және шамаларды салыстыру.Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер.

Білімділік мақсаты:Сандарды разрядтарға жіктеу арқылы салыстыру. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруға машықтандыру. Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: тапсырмалар,

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ

№ Математикалық диктант.

А) екінші кластың 908 бірлігі және бірінші кластың 70 бірлігі бар.  ә) екінші кластың 24 бірлігі және  бірінші кластың 9 бірлігі бар. Осы сандарды қосылғыштық разрядтарға жікте.

Өз беттерімен жұмыс істеу. № 3, 27-бет

Мыңдар класы Бірліктер класы Санның оқылуы
840 048
Тоғыз жүз сексен мың төрт жүз
Сегіз жүз төрт мың сегіз жүз қырық
400 008
Сегіз жүз мың төрт
4 084
Сегіз мың сегіз жүз төрт

 

Топпен жұмыс:     Тапсырмалар:

І-топ. 3 м * 3000 см

300 дм * 3000 см

ІІ-топ 35●100*350

30000:100*3 ● 100

ІІІ-топ. 4 м 5 дм 3 см *407 см

5 кг 708 г * 5700 г

№ 7 Мұғалім мен оқушы  арасындағы сұрақ-жауап арқылы орындау. Кері есеп құрастыру.

Мектепте 30 мұғалім, 450 оқушы бар. Мұғалімдердің оқушылардан нешеуі кем?

№ 8 Жарыс ұйымдастыру. «Кім тез?» ойыны

а 10 100 1000 10000 100000
а●10
а:10
а+10
а-10

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?

Үйде: № 6