Азаматтық қорғаныс – жалпымемлекеттік қорғану іс-шаралары және оның міндеттерінің жүйесіндегі құрам-бөлік, шаруашылық нысандарын (оқу орындары) азаматтық қорғаудың ұйымдастыру құрылымы, әскери емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі және жабдықталуы

214

  Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қорғаныс – жалпымемлекеттік қорғану іс-шаралары және оның міндеттерінің жүйесіндегі құрам-бөлік, шаруашылық нысандарын (оқу орындары) азаматтық қорғаудың ұйымдастыру құрылымы, әскери емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі және жабдықталуы

 

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұғындыру.

 

  1. Уақыты: 45 мин.

 

  1. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

 

  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ журналдары.

 

  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

 

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.

  • Жазық тік бұрышты координаталар дегеніміз не?
  • Тікбұрышты (шақырымдық) координалық тор дегеніміз не?
  • Картада шаршы бойынша пункттің орны қалай көрсетіледі?
  • Берілген мысалдар бойынша картадағы нүкте координаталарын анықтаңдар.

 

б) Негізгі бөлім – 22 мин.

 

 Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы. Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын

 

Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.

АҚ-тың негізгі міндеттері:

1). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті факторлардың әсерін болдырмау.

2). Бастырмалатқан соққылардың нәтижелігін бәсеңдету мен қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.

3). Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын анықтау.

4). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою.

Бірінші міндеттің шешілуі мына жолдармен жүргізіледі:

  • дұшпанның жаппай жою қаруын, аса қуатты қаруды және басқа да қару түрлерін қолдануға дайындалуын дер кезінде анықтау.
  • техногендік және табиғи сипаты бар қауіпті факторлар әсерінің қауіп-қатерін болжау;
  • халықты жаппай жою қаруының, техногендік және табиғи сипаты бар қауіпті факторлардың әсерінің қауіпі жайында ескерту;
  • халыққа радиоактивті,химиялық, биологиялық зақымдану мен қауіпті факторлар жайында хабарлау.

Екінші міндеттің орындалуы былайша жүзеге асырылады:

  • халықты қорғану құралдарымен және оларды дер кезінде қолданумен қамтамасыз ету;
  • түрлі фортификациялық құрылымдарды (баспаналық тез құрылатын қорғаныс құрылымдарын, радиацияға қарсы баспаналарды) қолдану арқылы;
  • радиациялық және химиялық қауіпті объектілерді елді мекендерден тыс жерде орналастыру мен белгіленген санитарлық нормаларды қадағалау арқылы;
  • сейсмологиялық қаупі жоғары аудандарда тұрғын үйлер және өндірістік мекмелерді қазіргі құрылыстың нормалары мен талаптарына сай салу арқылы.

Жою қарулары мен қауіпті факторлар әсері зардаптарының анықталуын болжамдау, жағдайды бағалау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, шабуылдың зардаптарын жою және объектілерді қалпына келтіру үшін қажет мәлімет алу мақсатында барлау және бақылау жүргізу жолымен АҚ-тың барлық күштері мен құралдары қолданылады.

Дұшпан соққыларының қираған объектілер мен қауіпті факторлар әсерін жою кезінде халықтың қалыпты өмір жағдайларын құру мақсатында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды:

  • жаппай жою қаруы қолданылған ошақта лектік жолдардың салынуы;
  • халықты қауіпті аудандардан шығару;
  • мемлекеттік басқару органдарының, электршаруашылық объектілерінің, сумен жабдықтаудың, көпірлердің т.б. жұмыстарын қалпына келтіру;
  • жаппай жұқпалы аурулар ошақтары пайда болған жағдайда – құтқарушымен оңашалық-шектеу шаруаларын (карантин, обсервация) жүргізу;
  • материалдық қорды толықтыру;
  • техника мен ғимараттарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
  • сумен жабдықтау мен тамақтану орындарын ұйымдастыру;
  • АҚ пен ТЖ агенттігінің объектілік құрылымдары арқылы халықтың санитарлық өңдеуден өтуін жүргізу.

АҚ жүйесіне – шаруашылық объектілер, зауыттар, мекемелер, оқу орындары кіреді. Шаруашылық объектілерінің АҚ басшысы кәсіпорынның, мекеменің немесе оқу орнының директоры болып табылады, ол өзінің бұйрығымен АҚ штабын тағайындайды. АҚ штабының бастығы болып оқу бөлімінің меңгерушісі тағайындалады, ол штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауапты.

Оқу орындарында келесі қызметтер ұйымдастырылады:

  • құтқару командалары;
  • өрт сөндіру командалары;
  • қоғамдық тәртіп сақтау командалары;
  • санитарлар жасақтары.

Құрылымдардың командирлері болып оқытушылар тағайындалады.

Оқу орындарындағы АҚ-тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.

 

в)  Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Азаматтық қорғаныс дегеніміз не және ол қандай міндеттерді шешеді?
  • Объектілердегі Азаматтық қорғаныс қалай ұйымдастырылады?
  • Объектілерде қандай құрамалар құрылады және олардың атқаратын міндеттері қандай?
  • АҚ негізгі міндеттерін шешу үшін не істеуі керек?