Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы.

109

 

Сабақтын тақырыбы: Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы.

 

Сабақтын мақсаты: Білімділік: Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы, азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылар бойында адалдық, шыдамдылық, қырағылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтын беру әдісі: әңгімелеу, баяндау, пікір алысу.

Сабақтын уақыты: 45 минут

Орыны: алғашқы әскери дайындық кабинеті.

Сабақ көрнекілігі: АӘД оқулығы, Үнтаспа жазбасы, интерактивті тақта, сызбалар.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру сәті.

Сыныптағы взвод командирінің рапортын қабылдау.

2 Жаңа сабақ тезистері:

Азаматтық қорғаныс-  жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының (жаппай жою қаруының, аса қуатты қарудың т.б. қару түрлерінің), сондай-ақ техногендік және табиғи сипаттың негізгі факторларының халық пен объектілерге әсерін әлсірету үшін Азаматтық қорғаныс функциялары. Төтенше жағдайлар агенттіне, заңды тұлға болып табылатын әскери емес құрылымдарға жүктелген.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері:

1)Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті факторлардың әсерін болдырмау.

2)Бастырмалатқан соққылардың нәтижелілігін бәсеңдету мен қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.

3)Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын анықтау.

4)Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою.

Бірінші міндеттің шешілуі мына жолдармен жүргізіледі:

  • Дұшпанның жаппай жою қаруын, аса қуатты қаруды және басқа да қару түрлерін қолдануға дайындалуын дер кезде анықтау;
  • Техногенді және табиғи сипаты бар қауіпті факторлар әсерінің қауіпті қатерін болжау;

Екінші міндеттің орындалуы бойынша жүзеге асырылады:

  • Халықты қорғану құралдарымен және оларды дер кезінде қолданумен қамтамасыз ету;
  • Түрлі фортификациялық құрылымдарды (баспаналық тез құрылатын қорғаныс құрылымдарын, радиацияға қарсы баспаналарды) қолдану арқылы;

3 Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

2.Ол қандай міндеттерді шешеді?

3.Объектілердегі Азаматтық қорғаныс қалай    ұйымдастырылады?

4.Объектілерде қандай құрамалар құралады?

5.Олардың атқаратын міндеттері қандай?

4 Қорытынды.     ТЕСТ

Азаматтық қорғаныс

1-нұсқа

    1.Мектептегі азаматтық қорғаныс жасақтарын атаңыз?

   а.Радиациялық химиялық барлау постысы, өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық пост, құтқару тобы;

  б. Өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық пост, құтқарутобы;

  в. Радиациялық химиялық барлау постысы, өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық пост;

  2 Қазіргі заманғы жою құралдарына нелер жатады?

 а Ядролық қару, химиялық қару, әдеттегі зақымдау құралдары;

  б. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық қару;

  в. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық

қару,әдеттегі зақымдау құралдары;

   3 Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңыз?

 а.Екпінді толқын, өтпелі радиация, радирактивті зақымдану, электромагниттік импульс;

 б. Екпінді толқын,сәуле шашу, радирактивті зақымдану, радиациялық толқын;

 в. Соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация,радиоадтивті зақымдау,электромагниттік импульс;

    4 Улағыш заттар қалай топтастырылады?

 а.Жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ, тері іріңдікәрекетті УЗ, тұңшықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ, тітіркендіргіш әрекетті УЗ, психимиялық әрекетті УЗ;

 б. Жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ, тері іріңдікәрекетті УЗ, тұңшықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ, тітіркендіргіш әрекетті УЗ;

в. Тері іріңдік әрекетті УЗ, тұңшықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ, тітіркендіргіш әрекетті УЗ, психимиялық әрекетті УЗ;

  5Адамдардың зақымдау үшін қандай ауру қоздырғыштар қолданылады?

а.Вирустар, риккетстер, бопалар, микробтар;

б. Бактериялар, бопалар, вирустар, микроорганизмдер;

в. Бактериялар, вирустар, риккетстер, бопалар;

                                   2-нұсқа

 1.Ұжымдық қорғаныс құралдарын атаңыз?

а.Типтік паналар, радиацияға қарсы тасалар, қарапайым тасалар;

 б. Типтік паналар, биологиялық тасалар, қарапайым тасалар;

в. Паналар, соққыға қарсы паналар, радиацияға қарсы паналар;

  1. Механикалық күштің сыртқы әсерінен тіндердің тұтастығына бұзылуы не деп аталады?

а.Қан кету             б. Жара                 в. Зақым

  1. Противогаз маскасының өлшемі қалай таңдалады?

а.63см дейін-1, 63.5-65.5см-2,  63.5-65.5см-3, 68.5-70.5см-4, 71-  -5,

б. 63см -0,63.5-65.5см-1, 63.5-65.5см-2, 68.5-70.5см-3, 71-денжоғары-4,

в. 63см дейін- 2, 63.5-64.5см-3, 63.5-65.5см-4, 68.5-70.5см-5, 71-денжогары-6, 

4  Өртегіш қару қалай жіктеледі?

а.Мұнай өнімдері негізіндегі өртегіш қоспалар, метандарылған өртегіш қоспалар , термит және термитті құралдар, әдеттегі және сілтілі металдар, сондайақ алюминий триэтилені негізіндегі ауада өздігінен тұтанатын өртегіш қоспалар;

б. Мұнай өнімдері негізіндегі өртегіш қоспалар, метандарылған өртегіш қоспалар, метандарылған өртегіш қоспалар, термит және

термитті құралдар, әдеттегі және сілтілі

металдар;

в. Металдандырылған өртегіш қоспалар, метандарылған өртегіш қоспалар , термит және термитті құралдар, әдеттегі және сілтілі металдар, сондайақ алюминий триэтилені негізіндегі ауада өздігінен тұтанатын өртегіш қоспалар,

5  Қазіргі заманғы жою құралдарына нелер жатады?

а. Ядролық қару, химиялық қару, бактериялогиялық қару;

  б. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық қару;

  в. Ядролық қару, химиялық қару,бактериологиялық

қару,әдеттегі зақымдау құралдары;

Кілті

1-нұсқа                                         2- нұсқа

1а                                                  1а

2в                                                          2б

3в                                                          3б

4а                                                          4а

5в                                                          5в

 

5   Бағалау

6   Үйге тапсырма:

    1.Мәнжазба”Азаматтың-қорғаныс мемлекеттік қорғалу шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі”

2 Мәтін 213-216 бет бойынша

3  №3 жазбаша

 

 

Ерлік сабағы.

Тақырыбы: Өшпес ерлік иелері.

Ерлік сабағының мақсаты: оқушыларды әкелер мен аналардың ерлігі рухында тәрбиелеу. Олардың ерлік жолдарымен таныстыру, үлгі ету.

Көрнекілігі: видеоматериал, ақындардың өлеңдері, Мәншүк Мәметованың, Шолпан Рахметованың суреттері. « Өшпес ерлік иелері» кітап көрмесі.

Сабақ ауызша журнал формасында өтеді.

Ауызша журнал төмендегідей беттерден тұрады:

1-бет

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова

2-бет Отты жылдардың жауынгері Шолпан Рахметова.

3-бет

Ерлерге қарап сап түзейміз.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.ІҚазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

ІІ.Мұғалім:Біз қандай боламыз?

Оқушылар:Біз әдепті боламыз?

Айтқан тілді аламыз

Күнде оқып сабақты

Мұғалімді қуанта аламыз.

Мұғалім:біз қандай боламыз?

Оқушылар:біз әдепті боламыз

Айтқан тілді аламыз.

Ата-ананы қуантып,

Үнемі бестік аламыз

Мұғалім:Бүгін біздің сабағымыз Ұлы Отан соғысынына ерлік көрсеткен апаларымыз Мәншүк Маметова мен өзіміздің Хромтау ауданынан соғысқа кеткен ,соғыста Отанымызды қорғап ,елге аман оралып,бейбіт өмірде де ерен еңбектің үлгісін көрсеткен апамыз Шолпан Рахметоваеға арналады.

Сабақ ауызша журнал түрінде өтеді.

1-бет:Қазақтың батар қызы Мәншүк Маметова.

Журналдың бірінші бетінің мақсаты:1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысында от жалынды жылдарда өшпес ерлік көрсеткен апамыз Мәншүк Маметованың ерлігін оқушыларға өнеге ету.

Оқушы:  Қ.Мүсірепов. Мәншүк апай

Сонау жылы жер-көкті

Соғыс бұлты торлаған

Сонда Мәншүк апамыз

Жаудан елді қорғаған

Үстінде сұр шинелі,

Бас киімі –болатын

Мәншүк апай күн-түні

Жауға оқты боратқан

Таңғалдырған әлемді

Ерлігімен ғажап тым

Мәншүк апай-әйгілі

Батыр қызы қазақтың.

Оқушы:Мәншүк 1922 жылы туған.Мәншүктің шын аты-Мәнсия.Мәншүкті анасы еркелетіп «Моншақ» деп атаған.1941 жылы Мәншүк Мәскеуде өтетін физкультура парадына дайындалды.Мәскеудегі парад соғыс басталып кеткендіктен өтпей қалды. Мәншүк соғыс басталғанда медицина институтының студенті еді.Мәншүк 1942 жылдың күзінде өзі сұранып ,майданға аттанды.Мәншүк соғыста пулеметші болды.Мәншүк 1943 жылы қазанның 15-інде ерлікпен қаза тапты.

Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданында ескерткіш тұр.Отан соғысының батыры ,қазақтың қаһарман қызы Мәншүктің аты мәңгі жасайды.

Оқушы:Алматыдағы №28 мектеп Мәншүк Маметованның атында .Мәншүк сол мектепті бітірген.Оның әкесі Ахмет дәрігер болған.Мәншүктің анасы Әмина ұстаз еді.Мәншүк тәртіпті,тапсырманы уақытында орындайтын ұқыпты еді.От жүректі,батыр жауынгер болатын, жауынгерлер оны «Біздің Мәншүк» деп, жақсы көретін.

Оқушы:Батыр Мәншүк.Х.Өтегалиева.

 

Оқушы:Қос жұлдыз.Т.Молдағалиев

 

Кітапханашы:Кітап көрмесімен таныстырады.

2-бет І..Отты жылардың жауынгері Шолпан Рахметова.

Журналдың екінші бетінің мақсаты жерлесіміз батыр  ана Шолпан Рақметованың өмір жолымен таныстырып, өнеге ету.

Мұғалім:Елбасына күн туғанда елін қорғауға Ақтөбе облысынан 500 қыз аттанған екен. Содан тек үш қыз ғана еліне аман оралады.Міне,осы Ұлы Отан соғысының қатаң жылдарында ерлік көрсеткен апамыздың бірі- өзіміздің жерлесіміз Шолпан Рақметова.

ІІ. «Отты жылдардың жауынгері Шолпан Қожамуратқызы Рақметова» атты 11-сынып оқушылары дайындаған видеоматериал көрсетіледі.

ІІІ.1.Шолпан Рақметова туралы материал жинақтап, оның туған жері Тассай аулында өлкетану мұражайын ұйымдастырған Роза Нұржанова сөз сөйлейді.

2.Шолпан Рақметова туралы газет беттерінде көптеген мақалалар жазған Қазақ тілі қоғаманың төрайымы М.Жұмагалиева әңгімелейді.

  1. Шолпан Рақметова туралы жазылған Р.Ілиясованың кітабымен кітапханашы таныстырады.

3-бет.Ерлерге қарап сап түзейміз.

Журналдың үшінші бетінің мақсаты- бүгінгі ұрпақ-оқушылар апалардың өлмес ерлігін, бастан кешкен тәжірибе мен келешекке деген талпынысын,жарқын арманын мұра етіп,елін,туған жерінің тарихын біліп,құрметтеп өсетін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау.Оқушының бойында Отанына деген сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Мұғалім:

Алдынғы жауынгер апалардың жастық дәурені от кешкен жылдар мен бүгінгі оқушылар өмір сүріп отырған бақытты күндердің арасында жарты ғасырдан астам кезең жатыр. Бүгінгі оқушылар бақытты  болашақ үшін күресіп, өз өмірлерін «жаным-арымның садағасы» деп қиған әкелер мен ағалардың, аналар мен апалардың өмір күрес жолың ерлігін мұрат тұтып,олар істеген істін үлгі-өнеге алып өседі.

1 оқушы: «Біз бейбітшіл ұланбыз».атты Ж.Өмірбектің өлеңінің оқиды.

2-оқушы: «Отан» өлеңі.

 

Қорытынды.

 

Пайданылған әдебиеттер:

  • «.Қазақстан мектебі» журналы №5 2008ж
  • « Тәрбие құралы» журналы №3 2007ж
  • « Мұғалім және заң» журналы №9 2008ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіркеу формасы

  1. Мұқашев Асқар Шәріпұлы
  2. Отансүйгіштік тәрбие – басты мақсат
  3. Хромтау ауданы, Ақжар қазақ мектебі
  4. ———-
  5. Білім беру саласында адамгершіл, азаматты-патриоттық тұлға қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақжар қазақ орта мектебі

 

Алғашқы әскери дайындық пәні. 10- класс

 

Сабақтын тақырыбы: Автоматты бөлшектеу және жинақтау

 

 

 

Өткізген мұғалім:   Мұқашев  А.Ш.

 

 

 

 

                                               Ақжар селосы 2010 жыл

 

 

Сабақтын мақсаты: Білімділік: Автоматтың тағайындалуы, бөлшектеу және жинақтау, әскери ерекшеліктері мен қауіпсіздік шараларымен таныстыру

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: “Калашников”автоматының ерекшелігін, құрылымын білгізе отырып, ұрыста пайдалану қасиеттері жоғары әрі кеңінен танымал екендігіне көз жеткізу

Сабақ түрі Аралас(комбинацияланған)

Сабақтың беру әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, пікір алысу, интерактивті әдістер.

Сабақтың уақыты: 45 минут

Көрнекілігі: Бағалау парағы, бейнефильм, интерактивті тақта, “Калашников”автоматы, деңгейлік тапсырмалар, оқулық.

Сабақ құрылымы:

1 Ұйымдастыру бөлімі(3мин) сабақ мақсаты мен міндеттерін қою.

2  Үй тапсырмасын тексеру (10мин)

3  Жаңа материалды оқу, үйрету, түсіндіру(15мин)

4  Бекіту және жаңа сабақты бұрынғы материалмен байланыстыру, деңгейлік тапсырмалар(14мин)

5  Сабақты қорытындылау. Бағалау(1мин)

6 Үйге тапсырма беру(2мин)

 

Сабақта қолданылатын технологиялар: Ақпараттық оқыту технологиясы,          Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов оқыту технологиясы.

 

Өткізілетін орыны: Алғашқы әскери дайындық кабинеті

 

Формасы: сыныптық, топтық, жекелей.

 

 

Сабақтың

құрылымы

Уақыты Міндеттері  Әдіс тәсілі Көрнекілігі Мұғалімнің

әрекеті

Оқушының

Іс әрекеті

Күтілетін

Нәтиже

Ұйымдастыру

бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

1)Саптық даярлық бойынша сапта тұра білу және бір орында немесе адымдау кезінде жан жағына бұрыла білуге және мәлімдеме беруге үйрену.

2)Сабақ жоспарымен мақсаты мен таныстыру

 

 

Көрсету

   

Амандасу рәсімі. Отыздың бөлімшелерінің сапқа тұруын, сыртқы формаларын, сабаққа даярлығын тексеру

 

Отыздың бөлімшелері екі қатарға сапталып, лейтенант жолдасқа мәлімдеме береді:

Жолдас лейтенант, 10 сыныпта 18 оқушы бар.Тізім бойынша18,  үшеуі белгілі себеппен жоқ. Қалғандары сапта тұр. Сынып бастапқы әскери дайындық сабағына дайын! Мәлімдеме беруші отыздық командирі Умаров Ахмет.

 

 

Оқушылар сапқа тұру әдістері мен қозғалыс техникасын меңгереді. Уақыт өлшеміне байланысты ептілікке, шапшандыққа тәрбиеленеді.

 

 Үй тапсырмасын  тексеру

 

 

 

 

 

10

 

Өткен тақырып  бойынша білімін тексеру

 

Тест

 

Тест тапсырмалары

 

 

Кілт:

1-нұсқа

1 а, 2б, 3а, 4а, 5в,

2-нұсқа

1а,2б,3в,4а,5а,

 

Мұғалім

Тест тапсырмаларын  таратады

 

Тест тапсырмалары:

1-нұсқа

1.          5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы бөлімшенің қаруы болып табылады?    а) дербес қару; б)атқыштар  в)пулемет

2 Оқтың салмақ орталығын ұшу кезінде сызатын қисық сызығы … деп аталады.  а)ату құбылысы;  б)траектория; в)көздеу сызығы;

3 Автоматтың ұңғысымен бірге орналасқан бөліктерін анықтаңыз. 

  а)Ұңғы қорабы, көздеу құрылысы, дүмбітапаншалық тұтқа;               б)Ұңғы қорабы, дүмбі, шетмойын, магазин, тапаншалық тұтқа;        в)Ұңғы қорабы, көздеу құрылғысы, шетмойын;

4 Қарудың әр түрлі оқтары үшін ең алыс қашықтыққа ұшу бұрышы шамамен неше градусқа тең?  

    а)35 градус  б)38 градус  в)45 градус 

5 Атқыштық көзінен көздеуіш ашасының ортасымен қарауыл төбесі арқылы өтетін сызық не?                а)көтерілу сызығы; б)кездесу нүктесі; в)көздеу сызығы;

2-нұсқа

1 … автоматты бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы каналын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.                                               а)ұңғы;  б)газ поршенімен бекітпе жақтауы;  в)ұңғы қорабы;

2  … бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдынғы жағдайы қайтаруға арналған.                                             а)газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы;  б)қайтарма механизм;  в)бекітпе;

3  АК-74 автоматында оқтың бастапқы жылдамдығы нешеге тең?    а)725м/с        б)715м/с        в)900м/с

 

 

4 Автомат мына негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады.

а)ұңғы, ұңғы қорабының қақпағы, газ паршенімен бекітпе жақтауы , бекітпе, қайтарма механизм, соққышағытқыш механизм, шетмойын, магазин, сүңгі пышақ;                                                        б) ұңғы, газ поршенімен бекітпе жақтауы , бекітпе, қайтарма механизм,ұңғы жапсырмасымен газ түтігі, соққыш ағытқыш механизм, шетмойын, магазин, сүңгі пышақ;                                                        

5  АК-74 автоматында магазиннің сыйымдылығы қанша?

а)30 оқ           б) 35оқ              в)40оқ

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз білімін тексеріп, өз өзіне баға бере алады және білімін пысықтайды

 

 

 

Жаңа сабақ

   

Тақырып бойынша бейнефильмді көрсете отырып, түсіндіру, автоматты бөлшектеу және жинақтауды көрсету

 

 

Көрнекілік әдісі , түсіндіру, көрнекілік.

 

Бейнефильм. «Калашников автоматы»

 

Мұғалім түсіндіреді

 

Оқушылар тындайды, көреді.

 

Оқушылардың белсенділігі артады, теорияны практикамен ұштастыруға үйренеді.

 

Бекіту

1) Теорияны

меңгеру кезеңі

   

Оқыта үйрету ойындары арқылы тақырып бойынша білімін бекіту

 

Оқыта үйрету ойындары.  Оқулықпен жұмыс.

 

 

Парақ қағаздар,оқулық, мәтін «КАЛАШНИКОВ автоматы» қарындаш, интерактивті тақта, тапсырмалар

 

Сынып 4 топқа бөлінеді.Әр топтың әрбір мүшесі өзіне берілген тапсырма, тақтадағы суреттер бойынша түсінігін айтады.

ЖОСПАРЫ: 

Автоматты бөлшектеу:

1. Оқжатарды бөлектеу;

2. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу;

 1-топ;

3. Сүмбіні алу;

4. Автоматтан ұңғылық тежеуіш компенсаторын бөліп алу;

5. Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу;

6. Қайтармалы механизмді бөліп алу;

7. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу;

2-топ;

8. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу;

9. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін бостып алу;

    Автоматты бөлшектеуден кейін жинастыру реті:

1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу;

3-топ;

2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу;

3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу;

4. Қайтармалы механизмді қосу;

5. Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу;

6. Шүріппені ұрыстық қайырмасынан босатып, сақтандыргышқа қою;

4-топ;

7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш компенсаторды қосу;

8. Сүмбіні қосу;

9. Пеналды дүм ұясына салу;

10. Оқтарды автоматқа қосу;

“Негізгісін таңда”оқыта үйрету ойыны ,  оқулықтағы  “Автоматты бөлшектеу және жинақтау” тақырыбы бойынша мәтіннің негізгі мағынасын құрайтын жолдардын астын қарындашпен сызып қою.

 

Оқушылар мәтіннен негізгі деп есептейтін жолдардың астын берілген тақырыптары бойынша астын сызады.

 

Өз ойын қысқаша тұжырымды баяндауға, оқулықпен жұмыс жасап, тақырыптың ең негізгісін мәтіннен ажырата білуді меңгереді.

 

2)

 

Практикалық   кезең

 

 

     

Сиқырлы сандықшадағы сұрақтар :

1.Автоматты бөлшектеу

2.Автоматты жинақтау

 

“сиқырлы сандықша”оқыта  үйрету ойыны. Мұғалім бағалау парағымен және ойын тәртібімен таныстырады. Сиқырлы сандықшада жаңа сабақ бойынша сұрақтар болады.

 

Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады.

Теориялық білімін практикада көрсете білуге дағдыланады.
 

Қорытын ды.   Бағалау.

   

Оқушылардың өз білімін бағалау парағы бойынша дұрыс анықтай білуге , өз өзіне деген сенімділігін арттыру

 

Ынталан  дыру әдісі

   

Мұғалім тақырып бойынша алған білімдерін айқындайды.

 

Оқушылар бағалау парақтары бойынша өз  біліміне баға береді.

 

Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырады, алдағы сөйлеген балалардың жауабын тындауға үйренеді.

 

Үйге тапсырма

   

Тақырып бойынша өз мүмкіндіктеріне қарай тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмысқа төселдіру шығармашылық қабілетін арттыру.

 

Өзің таңда

   

1.Оқулық бойынша тақырыпты пысықтау , мазмұнын түсіндіру.

2.Автоматты ретімен бөлшектеу және жинақтау бойынша суреттерін салып, түсініктемесін жазу

3.“Калашников және  калашников автоматы жобасын қорғау

 

Үй тапсырма сын күнделік теріне жазып алады

 

Мүмкіндікдеңгейіне, қызығушылы ғы , ынтасына қарай үй тапсырмасын өз бетімен таңдауға үйренеді. Шығармашы лық қабілеті артады.