Заттарды санау. Разрядтар және кластар. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер

253

Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау. Разрядтар және кластар. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Разрядтар және кластар ұғымын пысықтау, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару.

  1. Дамытушылық:

Ой -өрісін дамыту, өз  бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;

  1. Тәрбиелік:

Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.  Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: аралас

Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, қайталау;

Сабақтың  көрнектілігі:  ИНТЕРАКТИВТІК тақта, оқулық, слайдттар, кірпінің суреті, жемістер.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,

Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.

ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.

Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.

ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.

І. Жаңа сабақ.

Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.

Ендеше хатты оқиық.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек

Күз келді, бірақ  жемістерді жинап үлгермей жатырмын.

Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші,  балалар!!!

Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге?

Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз.

ІV. Жаңа тақырып

Бүгінгі біздің тақырыбымыз Сандар нумерациясы.

Тақтаға назар аударамыз.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мұғалімнің көмегімен 3-тапсырма орындалады. 1 оқушы тақтаға қалғандары дәптерге орындап, тексереді.

Ондықты бірліктермен: 10=9+1             10=8+2 т.б

100=99+1

100=80+20

100=10●10 т.б

1 жүздік мыңды ондық мыңдармен 100000=10000+90000 т.б

№ 4 жарыс ұйымдастырылады.

10●10=100                       10●100=1000

100●10=1000                    100●100=10000

1000●10=10000               1000●100=100000

№ 5

100:10=10                            1000:10=10

10000:10=100                      100000:10=1000

1000:10=100

10000:10=1000

1-слайд. «Контейнер» ойыны. Натурал сандарды контейнерге жинастыру. Оқушыларды кезекпен шығару.

Сандар: 5, 200, 254, 100, 1000, 589,   5

2

2) Математикалық диктант:

А) ең кіші екі таңбалы сандыжаз: 10

ә) ең үлкен үш таңбалы санды жаз: 999

Б) ең үлкен екі таңбалы санды жаз: 99

Жұппен жұмыс істеу: Жазғаннан кейін оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін тақтаға қарап тексереді.

2-слайд.  Жауабы: 10, 999, 99

  1. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру.

Есепте:

І-қатар                                    ІІ-қатар                          ІІІ-қатар

4+6                                             10+4                             3*2

40+60                                          100-60                        30*2

400+600                                      1000-600                    300*2

4 мың +6 мың                            10 мың -60 мың         3 мың * 2

40 мың + 60 мың                      1 млн-600 мың           30 мың *2

400 мың + 600 мың                   100 мың – 60 мың     300 мың *2

(Оқушылармен жарыс ұйымдастыру. Қай қатар тез шығарады. Бір-бірден тақтаға шығып орындайды)

  1. Өз беттерімен жұмыс.

Салыстыр:

72000*700●100

380● 100*38000

40● 10*40● 100

9 м7 дм 0 см * 97 дм

20●  100 см * 20 м

3 м 0 дм 7 см * 370 см

  1. Сергіту сәті
  2. Оқулықпен жұмыс. 19-бет, 9-тапсырма.

Есепте:

  1. Шығармашылық тапсырма:

6-слайд. Ең үлкен бір таңбалы , ең үлкен екі таңбалы және ең үлкен үш таңбалы сандардың қосындысы мен ең кіші төрт таңбалы санның айырмасысының мәнін тап.

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?