«Дифференциялдық есептеулер»

 

 

 


Түсінік хат

 

 

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы қоршаған әлемнің заңдылықтарын оқып-үйренуде математика негізгі аппарат және өзіндік құрал ретінде рөл атқаратын іс-әрекет салаларын таңдаған оқушыларға арналған. Математиканы оқытуда қарастырылатын қандайда бір нақты жағдаяттың математикалық моделін құру және тұжырымдау нақты процестер мен құбылыстарды зерделеуде пайдаланылады.

11 сыныпқа арналған математика курсы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге мүмкіндік береді.Дифференциалдық есептеулер оқушының математикаға деген ықыласын оятуға, қызықты есептерді шешу арқылы жаңа әдіс-тәсілдермен, идеялармен таныстыру арқылы математика жөніндегі түсінігін, математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

 


Мақсаты:

 

Функцияның туындысы, аргумент, функция, функцияның анықталу облысы, нүктедегі шегі мен үзіліссіздігі ұғымдарын және функция мен аргумент өсімшесі, туындының анықтамасын, туындыны табу ережелерін тереңдете беру. Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсіндіру. Туындының қолданылуына дифференциалдық есептеу формулаларын практикада пайдалана білу. Есеп шығаруда білім-білік дағдысын жетілдіру.

 

 

 

Міндеті:

 

  • Туынды ұғымын кеңейте отырып туындыларды табу ережелерін, туындыны табу формулаларын оқушы жадына қалдыру, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
  • Туындыны физикалық, геометриялық мағынасын ашу, жуықтап есептеу, жанаманың теңдеуі формуласын қорытып шығару, оларды есеп шығаруда қолдану.
  • Туындыны функцияны зерттеуге қолдануға үйрету. Дифференциалдық теңдеулер теориясына сүйене отырып есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
  • Оқушының шығармашылық ойлауы ақпаратқа сыни көзқарасы, ізденушілік қабілетін қалыптастыру.

 

 

Сабақ тақырыбыСағат саныМерзіміСабақ түріӘдебиеттерЕнгізулер
1Функция. Функция түрлері, қасиеттері, графигі

Туынды туралы ұғым

1Жаңа білімді меңгерту сабағы
2Туынды туралы ұғым. Туындының анықтамасы, функцияның туындысы2Лекция сабақДидактикалық материалдар, 10 сынып, Алгебра және анализ бастамалары.
3Есеп шығару1Қосымша материалдармен жұмыс
4Функция графигіне жүргізілген жанама1
5Есеп шығару1«Жұлдызды сағат» сабағы
6Функцияның үздіксіздігі және шекке көшу туралы ұғым1
7Туындыны табу ережелері. Дифференциялдаудың негізгі формулалары1Қайталау сабағыРеферат жаздыру
8Есеп шығару

 

1Реферат талдау сабағы
9Математикалық индукция әдісін қолданып туындыны есептеу.1Семинар сабақ
10Есеп шығару1Есеп шығару жаттығу сабағыТест жинағы 2010 жыл
11Туындының физикалық және геометриялық мағынасы2Интеграциялық сабақОқушыларға тапсырма беру
12Есеп шығару2Электронды оқулықпен жұмыс №1,№2
13Лагранж формуласы, формуланы есеп шығаруда қолдану1Конференция сабақ
14Есеп шығару1
15Күрделі функцияның туындысы1Эвристикалық тапсырмалар (зерттеу)
16Есеп шығару2Жарыс сабақ «Брэйн ринг»
17Тригонометриялық функциялардың туындысы1
18Есеп шығару1Леция сабақ Консультация сабақ (Көмек сабағы)Задачи по алгебре и началам анализа для 10-11кл. 

Реферат жазу

19Тригонометриялық функциялардың мәнін жуықтап есептеу1
20Есеп шығару1Реферат жазу
21Туынды функцияны зерттеуге қолдану. Функцияның өсу және кему белгілері1Лекция сабақ
22Сындық нүктелер. Функцияның экстремумдері1Электронды оқулықпен жұмысСызба схемалар
23Есеп шығару2Тест жұмысын алу
24Функцияны зерттеуге туындыны қолдану, графигін салу. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері2Практикалық жұмыс
25Есеп шығару3Сынақ сабағы
26Қорытындылау1Тексеру және бағалау сабағы

 

 

 


Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Алгебра және анализ бастамалары. Авторлары: Әбілқасымова А.Е, Шойынбеков К.Д, Есенова М.И, Жұмағұлова З.А
  2. Алгебра және анализ бастамалары Авторлары:. Колмогоров А.Н, Абрамов А.М, Дудницын Ю.П, Ивлев Б.М
  3. Алгебра және анализ бастамалары. «Есептер жинағы» Авторлары: Әбілқасымова А.Е, Жұмағұлова З.А
  4. Алгебра және анализ бастамалары «Дидактикалық материалдар» Авторлары: Әбілқасымова А.Е, Жұмағұлова З.А
  5. Задачи по алгебре и анализа для 10-11 классов Авторы: Саакян С.М, Гольдман А.М, Денисов Д.В