3 -орыс сыныбына арналған «Тіл дамыту» курсының бағдарламасы

177

3 -орыс сыныбына арналған «Тіл дамыту» курсының бағдарламасы

Түсінік хат

 

Бұл бағдарлама «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік стандарты» (2002 ж) сай түзетілген негізгі бағдарлама көлемінде алатын білімдерін бір жүйеге түсіре отырып, әрі қарай тездетуді көздейді.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы керек. Бұл үшін олар тұрмыста жиі қолданылатын сөздерді игеріп, қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін біліп, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануға тиіс.

Қоғамның ертеңі болашағы  жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы.  Қазақ тілін үйрену мен үйретудің маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл  болғандықтан, орыс тілді сыныптарда   қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек.

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.

Тіл дамытудың  негізі — оқушылардың сөздік қорын  байыту  және  сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді  неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаның мақсаты:

 

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге, қазақша сөйлеуге жаттықтыру.

 

 

 

Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:

  1. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
  2. Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал – мәтін. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.
  3. Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу.
  4. Граматикалық тұлғаларды мәтінді оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу.
  5. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
  6. Жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже

Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже:

Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерген, сөз ішінде дұрыс айта білетін, дұрыс жаза алатын, сөздерді орфоэпиялық нормамен  айтуға жаттыққан,  мәтіннің мазмұнын  баяндайтын,  қазақша сөйлеуге жаттыққан,   қазақ тілінде өз ойын жазбаша білдіре алатын, тілі дамыған тұлға қалыптасады.

 

 

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет,  тарих

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тіл дамыту»   курсы бойынша бағдарлама 

  • орыс сыныбы

Аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат

 

Тақырыбы Сағат
1 «Балалар мен  ғалым» әңгімесі 2
2 Аударма жұмысына төселдіру 1
3 С.Көбеев «Екі соқа» әңгімесі 1
4 Практикалық жұмыс 1
5 Нәтиже сабақ 1
6 С. Көбеев «Сауысқан мен қарға» әңгімесі 1
7 Сөз және сөз тіркесі 2
8 Тіл дамыту сабағы 1
9 Граматикалық жаттығулар орындау 1
10 «Алдар Көсе мен бай баласы» аңыз әңгіме 2
11 Мәтінмен жұмыс 1
12 Зат есімдерді қайталау 1
13 Нәтиже сабақ. Сөйлесу үлгілері 1
14 Жазба жұмысы (суреттер бойынша әңгіме). Қатемен жұмыс 2
15 «Арыстан күшігін асыраған мысық» ертегі 2
16 Сөздік жұмысы 1
17 Мәнерлеп оқу 1
18 А. Бақтыгереева «Мұғалім апай» 1
19 «Өжеттер әні» Е.Елубаев 1
20 Сенің кім болғың келеді? 1
21 «Жеті атасын білмеген жетім» 1
22 Нәтиже сабақ 1
23 Сен нені жақсы көресің? 1
24 Менің отбасым 1
25 Талдау жұмысы 1
26 Сын есімдерді қайталау 1
27 Аударма жұмысы 1
28 Т. Молдағалие «Менде үлкен боламын» 1

 

 

 

 

 

 

 

29 Мақалдар 1
30 Жұмбақтар 1
31 Жаңылпаштар 1
32 «Жарыс жалғасады» ертегі-жаңылпаш 1
33 Жазба жұмысы (шығарма) 1
34 Қатемен жұмыс 1
35 Сен не үйрендің? 1
36 Қысқы демалысым 1
37 Наурыз мейрамы 1
38 Анашым (өлең құрастыру) 1
39 Аударма жұмысы 1
40 Өткенді қайталау 1
41 Тазалық — саулық негізі 1
42 Ас — адамның арқауы 1
43 Практикалық жұмыс 1
44 Сөздік диктант 1
45 Қатемен жұмыс 1
46 Мәтінмен жұмыс 1
47 Бала тілі — бал 1
48 Көктем 1
49 Көктем табиғаты 1
50 Бау – бақшадағы жұмыстар 1
51 Малдың төлдері 1
52 Мен төлді бағамын 1
53 «Қошақаным қайда екен?» өлеңі 1
54 Қызықты ойындар 1
55 «Хан талапай»  ойыны 1
56 Мен не білемін? 1
57 Жаз  мезгілі 1
58 Жазғы кеш 1
59 Өткенді қайталау 1
60 Ойынды жаза білесін бе? (мазмұндама) 1
61 Қатемен жұмыс 1
62 Тестік жұмыс 1
63 Қайталау 1

 

 

Барлығы: 68 сағат

 

 

 

Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:

 

  • сөздерді дыбыстық құрамына қарай талдау;
  • дауысты дыбыстарды, дауыссыз дыбыстарды айыра білу;
  • сөздегі буындар санын анықтау;
  • әліпбидің қатарын жаттау;
  • сурет мазмұнын қазақша айтуға жаттығу;
  • орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре білу;
  • мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;
  • тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;
  • жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;
  • мәтін бойынша сұрақ қоя білу;
  • мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдылану;
  • мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқу;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу;
  • тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;
  • түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе  білу;
  • тапсырма шарттарын түсініп орындау;
  • шағын өлең, мақал, жұмбақдарды жатқа айту;
  • жаңылпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну;
  • шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу;
  • сауатты жаза білуге дағдылану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Қ.Амзеева, В. Қуанышбаева «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.
  2. М. Алимбаев «Әрі оқу, әрі ойын» Алматы 2001 ж.
  3. Ө.Әлімгереев, А.Нұрғалиев «Сырымның шешендік сөздері» Алматы 1994 ж
  4. З. Бейсембаева, А. Сатбекова «Септік жалғаулары» Алматы 1997 ж.
  5. Г.К. Досмамбетова «Книга для учителя казахского языка» Алматы 2002 ж.
  6. Қазақ жұмбақтары Алматы 1993 ж.
  7. Қазақстан халықтарының ертегілері Алматы 1996 ж.
  8. Қазақша – орысша ықшам сөздік. Алматы 2000 ж.
  9. Ж. Мәжитқызы, С. Дүйсебаев «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.
  10. Түсіндірмелі сөздік