5-сыныптарға арналған математикалық үйірменің жұмыс бағдарламасы «Қызықты математика»

 

 

 

С.Ғаббасов атындағы қазақ жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

5-сыныптарға арналған математикалық үйірменің жұмыс бағдарламасы «Қызықты математика»

 

Математика пәнінің мұғалімі Тоқыжанова Шолпан Қасымқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013

 

 

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

  1. Түсінік хат    3бет

 

  1. Күтілетін нәтиже                                                3бет

 

  1. Үйірме сабақтарының құрылымы 3бет

 

  1. Үйірме жұмысын өткізудің негізгі формалары 4бет

 

  1. Үйірменің оқу-тақырыптық жоспары. 4бет

 

  1. Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі.       6бет

 

  1. Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі. 6бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

Үйірме жұмысының мақсаты:  оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,олардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Үйірме жұмысының міндеттері:

 

  • Математикалық білімге қызығушылығын арттыру
  • Ой-өрісін кеңейту
  • Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
  • Тапқырлыққа тәрбиелеу ;
  • Математиканың өмірмен байланысын көрсету.

 

Үйірме 34 оқу сағатына есептелген.

 

Математикалық үйірменің жұмыс жоспарын құру төмендегідей принциптерге негізделген:

 

  • Оқу материалын тереңдету.
  • Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру
  • Математика тарихынан мағлұматтар беру
  • Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін есептерді шешу

 

Күтілетін нәтиже:

 

  • Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек.
  • Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу.
  • Логикалық есептерді шеше білу.
  • Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу.
  • Математикалық ой-өрісін кеңейту.
  • Математикалық білімін толықтыру.
  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу.

 

      Үйірме сабағының құрылымы:

 

  • Баяндама 5-10минут (математика тарихы бойынша, математик-ғалымдар туралы,қазіргі заманғы математиканың даму тарихы туралы, адам өміріндегі математиканың орны туралы және т.б..).
  • Қиындығы жоғары есептер шығару.
  • Қызықты есептерді шешу.
  • Олимпиадалық есептерді шешу.
  • Оқушылардың әртүрлі сұрақтарына жауап беру.

 

Үйірме жұмысын жүргізудің негізгі формалары:

 

  1. Тақырыптық аралас сабақтар:
  • Мұғалімнің немесе оқушының баяндамасы;
  • Белгілі бір тақырыптағы есептерді өздігінен шешу;
  • Есептерге талдау жасау;
  • Қызықты есептер,тапқырлыққа берілген есептерді,математикалық софизмдерді шешу,математикалық ойындар ойнату;
  • Оқушылардың сұрақтарына жауап беру;
  • Үй тапсырмасы.

 

  1. Түрлі конкурстар ұйымдастыру:
  • Математикалық карусель.
  • Математикалық шабуыл, хоккей, футбол.
  • Математикалық турнир, эстафеталар.
  • Математикалық викториналар.
  • Ауызша немесе жазбаша олимпиадалар.

 

3.Оқушылардың рефераттарын тыңдау;

4.Топпен  математикалық газет шығару:

  1. Аудандық ,аймақтық олимпиада тапсырмаларын талдау, қатемен жұмыс жасату.
  2. Әртүрлі тақырыптағы есептер шығару.

7.Үй тапсырмасына талдау жасау.

8.Математикалық модельдер жасау.

  1. 9. Есептер құрастыружәне оны шешу
  2. Математикамен байланысты көркем шығармалардан үзінді оқу.
  3. Математикадан видеофильмдер, кинофильмдер, диафильмдер көру.

 

           Математикалық үйірменің бағдарламасы

р/сМазмұныМерзімі
1Сан сұраққа саяхат 
2Математика тарихынан ескілікті есептер 
3Қазақтың қулық есептері 
4Құюға арналған есептер 
5Математикалық фокустар 
6Соңынан шығарылатын есептер 
7Математикалық олимпиада 
8Өткелден өту есептері 
9Ертегі есептер 
10Сіріңке шиімен есептер 
11 «Алгорифм» газетін шығару 
12Газеттегі есептерді шешу 
13Қарандаш және  қағаз 
14«Барлық», «Кейбір» және  кері жору ұғымдары 
15Таразыға тарту есептері 
16Әзіл есептер 
17Логикалық сипаттағы есептер 
18Арифметикалық викторина 
19Комбинаторика есептері 
20Таңдау әдісі 
21Геометриялық викторина 
22Кроссвордтар, сөзжұмбақтар 
23 «Қызықты математика» газетін шығару 
24«Шеңбер» тақырыбы бойынша есептер 
25 «Табиғат және математика» экскурсия 
26Кенгуру-2011 есептерін шығару 
27Малахит-2012 есептерін шешу 
28Олимпиада есептерін шешуге презентациялар жасау 
29Олимпиада есептерін шешуге презентациялар жасау 
30Жылдам есептеу тәсілдері. 
31Математикалық ойындар 
32Жұптық,симметрия. 
33 «Адам өміріндегі симметрия» презентация жасау 
34Қорытынды. Үйірме жұмысы туралы презентация жасау

 

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі :

.

 

 

  • Қызықты математика. Джанабердиева С.А. – Алматы: Әрекет-П, 2009.
  • Математические кружки в школе.5-8 классы/А.В. Фарков.-М.:Айрис-пресс,2007.
  • Власова Т.Г. Предметная неделя математики в школе. Ростов-на-Дону: «Феникс»

.

 

Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

 

.

  • Математика тарихын оқыту-білімді ізгілендіру тәсілі. Г.Қ.Нұр.-Ақтау, 2009
  • Математический тренинг. Развитие комбинационной способности: книга для учащихся5-7кл./ М.И .Зайкин. М.:Гуманит из-во Центр ВЛАДОС,1996г.
  • В царстве смекалки./ Е.И. Игнатьев.-М.:Наука. Главная редакция Ф-М литературы 1979г.
  • Тысяча и одна задача по математике: Кн.: для учащихся 5-7 кл./ А.В.Спивак.-М.: Просвещения,2002г.
  • Математические олимпиады в школе, 5-11кл./А.В.Фарков.-М.: Айрис-пресс,2004г.
  • Задачи на резанье./М.А.Евдокимов.М.:МЦНМО,2002Г.
  • Как научиться решать задачи./Фридман Л.М.-М.:Просвещение,1989г.