«Кәрімтану» факультативі /5-6-7 сыныптарға арналған/

 

«Кәрімтану» факультативі

/5-6-7 сыныптарға арналған/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі: Қасымбекова А.И.

 

 

 

 

Кәрім Мыңбаев орта мектебі

Қарағанды облысы, Нұра ауданы,

Кәрім Мыңбаев ауылы

 

2013 ж.

Түсінік хат

 

Қай заманды алып қарасақ та, сол заманның өзіне сай талаптары бар. Ол талаптар әр елдің ұлт болашағы үшін құралған. Бұл өмір заңдылығы және ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Оны өзгертуге ешкімнің де құқығы жоқ. Себебі ол біздің тарихымыз.

Кәрім Мыңбаевтың еңбектері жаратылыстану ғылымдары үшін  ерекше орын алатын үлкен мұра. Оған себеп  қазақ елінде тұңғыш биолог, доктор дәрежесіне дейін жетіп, ұланғайыр зерттеулері ұлтымыздың рухани әлеміндегі қайталанбас ғажайып асыл қазынасы іспеттес.

К.Мыңбаевтың өмірі мен еңбектері турасында қалам тербеп, ой толғаған қалам иелерінің саны молығу үстінде. Әйтсе де Кәрім Мыңбаев мұрасын ғылыми негізде танып бағалау жұмысы көбінесе мерейтойлар тұстарында қарқындай өрістесе де, қалған уақыттарда үзіліп қап жататыны – бүкпесіз шындық.

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

Осы бастаманы біз де мектеп оқушыларына «Кәрімтану» курсын оқыту арқылы жалғастыруды жөн деп тауып, арнайы басты тақырыптарды қамтып, бағдарламасын жасадық. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

 

 

 

Мақсаты:

Ғасыр талабына сай,тарихын білетін,Отанын қастерлейтін

заманауи тұлға қалыптастыру

 

Міндеттері:

  • Кәрім Мыңбаевтың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
  • Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру
  • Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту
  • Сан қырлы талант табиғатын ашу;

 

      Күтілетін нәтиже:

  1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
  2. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншіліктері қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.

 

Курстың мазмұны мен құрылымы

(Барлығы 34 сағат,аптасына 1 сағат)

 

Кіріспе (1 сағат)

Оқушыларды курстың мақсат міндеттерімен таныстыра отырып,өздерінің кәрім аталары туралы не білетіндерін ортаға салу

«Кәрім Мыңбаевтың өмірбаяны» (2 сағат)

Ғалымның өмірбаянымен танысу

Кәрім Мыңбаев(1906 – 1948) – (15.8. 1906, қазіргі Қарағанды облысы Нұра ауданы Ивановкаауылы – 30.9.1948, Алматы) – қоғам қайраткері, ғалым, биология ғылым докторы (1944),Қазақстан Академиясының корроспендент мүшесі (1946). Орта Азия мақта-ирригация интернатын бітірген (1932). 1932 – 36 жылы Қазақ ауыл шаруашылық интернатында жәнеАлматы селекция станциясында ғылыми-педогокикалық жұмыстарда болды. 1936 – 42 жылы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зертттеу институтында (Ленинград) аспирант, академик Н.И.Вавиловтың жетекшілігімен кандидаттық, докторлық диссертация қорғап, сол институттың каучукты өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1942 – 44 жылыҚазКСР Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, 1944 жылдан өмірінің соңына дейін Бүкілодақтық ауыл шаруашылғы академиясы Шығыс бөлімшесінің (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесінің Төралқасының төрағасы болды, Қазақ ауыл шаруашылық интернатында өсімдіктер селекциясы және генетикасы кафедрасын, ҚазМУ-де дарвинизм кафедрасын басқарды. Сондай-ақ оның басшылығымен Алматы облысы Жамбыл ауданында тәжірибе танабы мен Ақмола облысындағы Шортанды ауыл шаруашылық тәжірибе станция ұйымдастырылды. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Мыңбаев көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Дәнді дақылдар, оның ішінде бидайдың өнімділігін арттыру үшін оны тек суармалы жерлерде ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарының тәлімі жерлерінде де егуге болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ Мыңбаев Қазақстанда қант қызылшасымен кендірді биологиялық-селекциялық жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым болып саналады. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Алматы облысы Жамбыл ауданындағы бір ауылға және Алматы қаласындағы көшеге Мыңбаев есімі берілген.

«Бетпақдаланы Жаннатдалаға айналдыруды армандаған Кәрім Мыңбаев» (2 сағат)

Табиғат байлықтарын топтау.Оларды тиімді пайдалану жолдары.Қазақ станның табиғи байлықтары.Туған өлкенің табиғи байлықтары.Кәрімнің бетпақдалаға экспедициясы

Мектеп музейіне саяхат (1 сағат)

Мектеп мұражайына саяхат жасай отырып  оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың санасына адамгершілік, рухани байлық, еңбек, патриоттық,туған елін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, әдет ғұрпы мен салт дәстүрін құрмет тұтатын эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына ықпал жасау.

— Мұражайды рухани, мәдени орталыққа айналдыра отырып, оқушылардың патриоттық рухын ояту;

-тарихи жәдігерлерді сақтау, құрметтеуін қалыптастыру;

-ғалымның  өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер жинақтау;

-тарихи- мәдени мұраларды қастерлеу арқылы мектебімізде білім мен тәрбие беруді ұштастыру мен дамыту;

Кәрім —  Қазақ биология ғылымының көшбасшысы  (1 сағат)

Оқушылар тоқа шежіресін іздеп таба отырып, ңалымның өмірінен хронологиялық кесте құрады,өз беттерінше іздене отырып, өзіндік көзқарасы, бейімділігі, болмысы қалыптасады;

Кәрім Мыңбаев — Туған жер қамқоршысы (1сағат)

Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы.Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы.Минералды тыңайтқыштар мен басқадай химикаттардың топыраққа әсері. Қазақстан Республикасының Жер тура лы заңы.Топырақ эрозиясы және оның түрлері. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары. Жер байлықтарын мелиорациялау және тиімді пайдала ну жолдары.Шөлдердің ұлғаю проблемасы.Жергілікті жердің топырақ байлықтарын пайдаланудағы проблемалар.кәрімнің аграрлық саладағы белестерімен танысу

Оқушылар шығармашылығы (1 сағат)

Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстар арқылы берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Оқушылар бұл сабақта кәрім аталарына арнап өлең шығарады.

Кәрімтану кеші (1 сағат)

Іздестіру жұмыстарына оқушыларды қызығушылықпен қатысуына мүмкіндік жасау, аса жауапкершілікпен қарауын,ерекше ынтазарлықпен кірісуіне көңіл бөле отырып, дарындылықтарын айқындау.

Кәрімтанушылар  (10 сағат)

Кәрім Мыңбаев туралы зерттеу жүргізген ғалымдар еңбектерімен танысу. Оқушылар ізденістері(баяндама, реферат)тыңдау

Кәрім Мыңбаевтың еңбектері  (14 сағат)

Ғалымның еңбектері жайлы мағлұмат беру. Әр оқушы бойында өзіндік көзқарасты, бейімділігті, болмысты  қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

 

  1. « Егемен Қазақстан», 7- бет, 6 қаңтар, 2006 жыл
  2. « Орталық Қазақстан»,  9- бет, 4 наурыз , 2006 жыл
  3. « Орталық Қазақстан», 7- бет,  12 қаңтар , 2006 жыл
  4. Мағауия Сатыбалдин  «Кәрімнің атына кір келтірмейік»
  5. Еламан Шаханов «Алаштың ардақтысы-Мыңбаев»
  6. Махмет Темірұлы «Нұрадан ұшқан ақиық»
  7. «Табиғат арашашысы», Сарыарқа. — 1997. — № 2. — 6-7 б.

8.«Көксағыздыөңдеужолдары»Советтік

агрономия,1941жыл

9.«Көксағыздың өнімділігін көтеру» Қолжазба,1941ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-6-7 сынып «Кәрімтану» арнаулы курсы

Аптасына 1 сағат, барлығы – 34

 

 

Сабақтың тақырыбыСағат саныкүні
1Кіріспе. Кәрімтану курсы1
2-3«Кәрім Мыңбаевтың өмірбаяны»2
4-5«Бетпақдаланы Жаннатдалаға айналдыруды армандаған Кәрім Мыңбаев»2
6Мектеп музейіне саяхат1
7Кәрім —  Қазақ биология ғылымының көшбасшысы1
8Кәрім Мыңбаев — Туған жер қамқоршысы1
9Оқушылар шығармашылығы1
10Кәрімтану кеші1
Кәрімтанушылар

 

11Алаш арманшылы

 

1
12Ұмтылмас бейне1
13Кәрімнің атына кір келтірмейік1
14Алаштың ардақтысы-Мыңбаев1
15Нұрадан ұшқан ақиық
16Кәрімнің қадірін біліп жүрміз бе?1
17Мыңбаев1
18Бетпақдаланың бағын ашқан1
19Табиғат арашашысы1
20Оқушылар ізденістері(баяндама, реферат)1
Кәрім Мыңбаевтың еңбектері
21Көксағыздың клондық әдісі1
22Көксағызды қалай ірі тамырлы қылып, өсіруге болады?1
23Вегетативті көбейтудің кейбір артықшылығы1
24Вегетативті көбейту әдістері1
25Клондаудың ішкі морфологиялық өзгергіштігі және көксағыздың құрамындағы каучук.1
26 Көксағыздың өсіру тәртібіне байланысты өнімі.1
27Көксағызды өңдеу жолдары1
28Көксағызды кіші түптерімен отырғызу1
29Бетпақдала шөлі1
30Көксағыз тұқымын жинау уақытының көксағыз бойыда, каучуктың көбеюіне әсері.1
31Көксағыздың өсуіне байланысты өзгергіштігі.1
32Тұқым сапасын жақсартудың негізгі жолдары1
33Ауылшаруашылық өсімдіктерін селекциялаудың бағыты мен міндеттері1
34Кәрімтану көрмесі1