«Жеті қазына»

97

 

Таңдаулы курс:   «Жеті қазына»

                              Қазақ әдебиеті   5-6 сынып

 

Түсінік хат

Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Міне, сондықтан оның тәрбие-тәсілдері өте көп.

Сонымен қатар оқушылар әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп ізденудің арқасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге-тағылым, дін-діл, жөн-жоралғы, ілім-білім, тәлім-тәрбие, тылсым-табиғат, тариқат-тәбәрік және де деректер мен дәйектер хақында мол мағлұмат алып, білім көкжиегін кеңейтеді деп сенемін.

Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.

5-6 сынып оқушылары өз халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен тереңірек таныса отырып елін-жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып тәрбиеленері хақ. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

 

Курстың  мақсаты:

1.Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру;

2.Халық мұрасы болып табылатын рухани құндылықтар – ұлтымыздың айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту;

3.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру;

4.Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру;

5.Оқушылардың өзіндік білім алуын жүзеге асыру;

Курстың міндеттері:

1.Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін арттыру;

2.Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту;

3.Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

4.Ұлттық құндылықтарды таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;

5.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

6.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

7.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

 

І.Мазмұндық бөлім.

Курстың мазмұны

Республикамызға кеңінен танымал жерлес этнограф-ғалым, сатирик С.Кенжеахметовтің «Жеті қазына» /жиған-терген/ атты кітабы халқымыздың сан ғасырлық дәстүр-салтын насихаттаған туынды. Біз қолға алып отырған таңдаулы курс осы кітап негізінде жасалды.

Халқымыздың ырым-тыйымдары, жөн-жоралғысы, тағылым-өнегесі, әдет-ғұрып ишаралары, нақыл сөздері, ұлттық тағамдары мен киімдері жайлы мағлұмат курс бағдарламасында қарастырылған. Сондай-ақ, қазақта әр саладан тұңғыш шыққан қайраткерлер жайлы да түсінік берілмек.

ІІ.Нормативті бөлім.

«Жеті қазына» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

Сабақ реті Тараулар Сағат саны Оның ішінде
теориялық практикалық өзіндік жұмыс
І Салт. Дәстүр. Әдет. Ғұрып. 8 7 1
ІІ Халық айтса – анық айтады 7 6 1
ІІІ Білімдіден шыққан сөз 6 5 1
ІV Қарашаңырақ (халық мәдениеті мен этнографиясы) 5 4 1
V Тарихтан тәбәрік 5 4 1
Қайталау 1 1
VІІ Сынақ 2

 

         ІІІ.Ақпараттық әдістемелік бөлім.

Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары: лекция, семинар, конференция, дебат, ойталқы, кіріктірілген сабақ, саяхат сабақ, қойылым сабақ.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

1.Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.

2.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.

3.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.

4.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде  «тапсырылды» деп бағаланады.

5.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».

        

         Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.

Оқушылар білуге тиіс:

-салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды;

-өнеге-тағылым, жөн-жоралғыны;

-тағылымдық сөздердегі әдеби-эстетикалық ғибратты;

-халық мәдениеті мен этнографиясының өзіндік ерекшеліктерін.

 

Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

-өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;

-әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;

— берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба жасай білуі және салыстыра отырып баға беруі.

 

Әдебиеттер:

1.Кенжеахметов.С. «Жеті қазына» — Алматы: «Ана тілі» ЖШС 2001.

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журналдары

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары.