Геометрияның элементтері

62

Сабақтың тақырыбы: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен ажырата білу, олардың қасиеттері, периметрін және ауданын есепте, оларды салу, әріппен белгілеу)

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету, периметрін және ауданын есептеуді пысықтау)
  2. Дамытушылық:

Ой -өрісін дамыту, өз  бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;

  1. Тәрбиелік:

Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың  типі: қайталау

Сабақтың  әдісі: қайталау;

Сабақтың  көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар,

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-слайд Балалар, бүгін бізде сабақ, қызықты өтеді деп ойлаймын.

Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.

ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік тілеу

ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 6-тапсырма.

І. Жаңа сабақ.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сендермен 2-слайд

ІV. Жаңа тақырып

3 -слайд Бүгінгі біздің тақырыбымыз Геометрияның элементтері

Мұғалімнің басшылығымен 2-тапсырма орындалады.

  1. кесінділер: ЕД
  2. түзулер: АВ,СА
  3. сәулелер: СЕ,МС
  4. үшбұрыштар: СКЕ,КМВ
  5. төртбұрыштар: СДАО, МДЕК

4-слайд өз беттерімен жұмыс

№3   А, В, С, Е ,Д, К  нүктелерін белгіле. Оларды кесінділермен тізбектей қос. Шыққан көпбұрыштың атауын жаз.

5-слайд  №4  Ауызша түсіндіріп, тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын табу.

6-слайд 5. Ойын «Кім тез?»

ені ұзындығы ауданы
2 см 3 см ?см
2 см 6 см ?см
2 см  12 см ?см
2 см Х см ?см

 

  1. 7-слайд Дәптермен жұмыс Қабырғасының ұзындығы 3 см шаршы сыз. Әріптермен белгіле. Ауданың және периметрін тап.

      8-слайд V. Сергіту сәті.  Көз жаттығуын жасау

9-слайд Есепте, тексер

401 ● 2 – (543+177)

796+203-330 ● 3

3●240-910 :5

916:4+(176+245)

10 –слайд   «Тез есептеп үйрен» ойынын ұйымдастыру.

(400●2+200-1000)+(50●2:2:20:5)-(900:9:100-300●2:600)

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?

VІІ. Бағалау

11 слайд.   Үйге тапсырма: 12бет, №7