«Экология негіздері» Бағдарламасы 9- сынып

258

«Экология негіздері» Бағдарламасы 9- сынып

Аптасына 1 сағат жылына 34 сағат

Түсінік хат

«Экология негіздері» таңдау  пәні бағдарламасы 9-сынып оқушыларына арналған. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат.

Бұл бағдарламаның биология негізгі курсына қосымша бағдарлама болып табылады.

Мақсаты: 9-сыныпта биология пәні бойынша экология бөлімдеріндегі білімдерін кеңейтуге, дамытуға  және болашақта бейінді курстарға бағыттау мақсатында құрастырылды.Бұл бағдарлама бойынша экология негіздері бойынша теолриялық білімді практикада пайдалан білуге байланысты сарамандық сабақтар және экологиялық есептеулерді жүргізу енгізілді.

Мынандай міндеттерді жүктейді:

  • Экология негіздері бойынша білімдерін, дүние танымдарын кеңейту
  • Оқушылардың экология ғылымына  көңіл бөліп  шығармашылықпен ізденуіне және   қоршаған орта экологиялық мәселелерге зерттеп, зерделеуге, ҚР Заңнамасындағы экологиялық баптарды  білулеріне экологиялық тәрбие беруге тәрбиелейді.
  • Жергілікті жердің экологиялық жағдайларына баса назар аударуға
  • Әртүрлі экологиялық жобаларға қатысуды

Оқушылардың міндеттері:

  • Қоршаған орта жағдайларының ластану себептерін танып –білуге
  • Жер қабаттарының биологиялық, географиялық ерекшеліктерін білуге
  • Қазақстанның табиғи су қорларын
  • Сирек кездесетін дәріліу өсімдіктерді табиғат аясында танып білуге
  • Жергілікті жердің экологиялық проблемаларын білуге
  • Қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін
  • Экологиялық есептеулерді сауатты жүргізу
  • Өсімдіктермен жануарлардың экологиялық топтарын ажырата білуге
  • Кеппе шөптермен жұмыс жасай білуге
  • Топсеруен кездерінде табиғатта өздерін ұстай білуге

Сабақты өткізу формалары: лекция, семинар, сарамандық, сұрақ -жауап

 

Құрастырушы: «Семей қаласының №37 гимназиясы»КММ биология пән мұғалімі Архыматаева Арай Жаксылыковна

 

 

 

 

 

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

 

Тақырыптың атауы Сағат

саны

өткізілетін күні
1 Экологияға кіріспе 1
2 Экология ғылымы, қалыптасу кезеңдері, экологиялық зерттеулер, бағыттар 1
3 Ағзалардың негізгі мекен ету ортасы 1
4 Ғаламдық экологиялық проблемалар 1
5 Экологиялық проблемалардың түзілу себебі. Антропогендік факторлар 1
6 Қоршаған орта жағдайы, ластануы 1
7 Климаттың өзгеруі 1
8 Шикізат қорларының сарқылуы 1
9 өндірістік, энергетикалық факторлар 1
10 Демографиялық жағдайлар 1
11 Халық санының артуы, қалалардың санының өсуі, қоршаған ортаға әсері 1
12 Ауыз су тапшылығы 1
13 Биологиялық алуан түрліліктен айырылу 1
14 Жерлердің шөлге айналуы 1
15 Биосфера туралы Вернадский ілімі 1
16 Географиялық қабық туралы түсінік 1
17 Литосфера жер бедерінің өзгеруі 1
18 Атмосфера – ауаның ластануы 1
19 Су –биосферадағы тіршілік негізі 1
20 Сарамандық сабақ: Табиғаттағы зат айналымы схема 1
21 Қазақстанның табиғи суларының ластануы, болдырмау жолдары 1
22 Топырақ эрозиясы. Қазақстан топырағының экологиясы 1
23 Топырақтың химиялық заттармен ластануы болдырмау шаралары 1
24 Сарамандық жұмыс: Топырақ түрлері, химиялық құрамы 1
25 Өсімдік экологиясы 1
26 Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер экологиясы 1
27 Жануарлар экологиясы 1
28 Жануарлардың көптүрлілігі. Сирек кездесетін немесе біржола құрып бара жатқан жануарлар 1
29 Қызыл кітап 1
30 Табиғи байлықтар. Тиімді пайдалану 1
31 Қазақстанның экологиялық проблемалары 1
32 ШҚО. Семей аймағының экологиялық жағдайлары. Семинар сабақ 1
33 Өлкенің экологиялық жағдайы 1
34 Жинақтап қорытындылау 1