Шамалар және оны өлшеу

Сабақтың тақырыбы: Шамалар және оны өлшеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Сандардың  ондық жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесінің арасындағы байланысты және өлшем бірліктерін түрлендіруді пысықтау

  1. Дамытушылық:

Ой -өрісін дамыту, өз  бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;

  1. Тәрбиелік:

Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың  типі: аралас

Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, қайталау;

Сабақтың  көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар,

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-слайд Балалар, бүгін бізде сабақ, қызықты өтеді деп ойлаймын.

Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.

ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік тілеу

ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 10-тапсырма.

І. Жаңа сабақ.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сендермен саяхатқа барамыз. Астана қаласы ұнайды ма? Ендеше Астана қаласына қонаққа барамыз. Ол үшін тапсырмалар орындаймыз.

2-слайд

ІV. Жаңа тақырып

3 -слайд Бүгінгі біздің тақырыбымыз Шамалар және оны өлшеу

Мұғалім айтып тұрады, ал оқушылар кезекпен тақтаға шығып, жазады.

647, 640, 607, 600

4-слайд 2. Математикалық диктант.

А) 895, ә) 777, б) 805, в) 770, г) 700 Әр санда барлығы неше жүздік, неше ондық және бірлік бар екенін айтқызу. (Оқушылар бір-бірін тексереді)

  1. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру. Бір ғана цифрді пайдаланып, үш таңбалы неше сан жазуға болады? Сол санды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз. (Мысалы: 222=200+20+2 деп жазулары мүмкін)

5-слайд 4. Интерактивтік тақтадағы суреттерді қарап сұрақтарға жауап беру:

Мыналарды өлшегенде қандай өлшем бірліктерін пайдаланған қолайлы?

А) қарындаш, ә) үстел, б) қаладан ауылға дейінгі қашықтық,

В) спорт алаңы, г) қапқа салынған қант, ғ) дәрі, д) машинадағы жүк

6-слайд 5. Ойын «Не артық?»

Грамм, сантиметр,  килограмм, тонна, центнер

Тапсырма: 1-қатар: ұзындықты өлшеу бірліктерін жазыңдар, ал 2-қатар: масса бірліктерін жазады.

  1. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.

7-слайд Әр қатардағы  келесі санды алдыңғы саннан қалай шығарып алуға болады?

1        2      3      4      5       6     7       8      9        10

10     20    30     40    50     60    70    80    90      100

100   200  300   400  500   600  700  800  900    1000

      8-слайд V. Сергіту сәті.  Көз жаттығуын жасау

  1. Есеп шығару. Жұппен жұмыс істеу.

Пияз-100 кг

Картоп-3 есе артық

Картоп-?

Шешуі: 100*3=300 кг

Жауабы: Асханаға 300 кг картоп әкелінді.

(Есепті шығарып болған соң, бір-бірін тексеріп, қатесін түзейді)

9-слайд 8. Шығармашылық жұмыс:

Х

—————

—  21

:   8

*  5

+  7

———-

10 –слайд   9. «Тез есептеп үйрен» ойынын ұйымдастыру.

42—:6—  -2—-●2—  -1—●5—:45—?

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма? Астана қаласы ұнады ма?

VІІ. Бағалау

11 слайд.   Үйге тапсырма: 6 бет № 5