Химиядан «Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару» қолданбалы курсы бойынша 10 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспар

176

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы

Қазақстан жалпы орта мектеп мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

Химиядан «Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару» қолданбалы курсы бойынша 10 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспар

 

 

 

 

Химия пәнінің мұғалімі-Амирханов Шынықұл

 

 

 

 

 

 

2011 жыл

Химиядан «Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару» қолданбалы курсын оқытуға түсінік хат

Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын ЖОО-на түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-на түсем деуші абитуриенттерге және студенттерге типтік есептерді көптеп шығарту қолға алынуда.

Күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз, егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса.Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген.Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады.Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.

Төмендегі ұсынылып отырған курс 9 тараудан тұрады. Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

1-тарау (4 сағат) Моль. Мольдік масса. Мольдік көлем. Заттың эквиваленттік массасы ұғымдарына есептеулер;

2-тарау (4 сағат) Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер;

3-тарау (4 сағат) Әрекеттесуші заттардың артық-кем алынғанын анықтауға есептеулер;

4-тарау (4 сағат) Күрделі заттардың элементтік құрамын анықтау мен заттың формуласын табуға есептеулер;

5-тарау (4 сағат) Қоспаларға арналған есептеулер;

6-тарау (2 сағат) Құрамында қоспасы бар заттар қатысуына байланысты есептеулер;

7-тарау (4 сағат) Химиялық реакциялардағы өнім шығымын анықтауға есептеулер;

8-тарау (6 сағат) Ерітінділердің сапалық құрамдарын анықтауға есептеулер;

9-тарау (2 сағат) Курс материалдарын жинақтап қорытындылау

 

Сабақтың тақырыбы Сағат саны Оқушыларда қалыптасатын дағдылар
1-тарау.Моль, мольдік масса, мольдік көлем ұғымдарына есептеулер

(4 сағат)

1-2 Зат массасы бойынша моль санын,бөлшектер санын, моль саны бойынша зат массасын, көлем бойынша моль санын, бөлшектер санын және массасын табуға есептеулер 2 Ұғымдар арасындағы байланыстылықтарды пайдалана отырып есептеулер жүргізе білу
3-4 Заттың эквивалентін, эквиваленттік массасын табуға есептеулер 2 Жай және күрделі заттардың эквиваленттерін, эквиваленттік массаларын және реакция теңдеулері бойынша заттардың эквиваленттік массаларын табуға есептеулер жүргізе білу
2-тарау. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер (4 сағат)
1(5) Әрекеттесуші зат мөлшері бойынша түзілген өнімдердің  зат мөлшерлерін, массаларын табуға есептеулер 1 Реакция теңдеулері бойынша қарапайым есептеулерді  жүргізе білу
2-3

(6-7)

Тізбек бойынша бастапқы заттың массасы негізінде соңғы өнімнің массасын табуға есептеулер 2 Тізбектегі әрбір реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массасын табуға есептеулер жүргізе білу
4 (8) Әрекеттесуші заттардың эквимолярлы массаларын табуға есептеулер 1 Реакцияға түсуші заттардың бір-бірімен қалдықсыз әрекеттесе алатын мөлшерлерін табуға есептеулер жүргізе білу
3-тарау.Әрекеттесуші заттардың артық-кем алынғанын анықтауға есептеулер (4 сағат)
1(9) Әрекеттесуші заттардың массалары бойынша толық реакцияға түсетінін анықтауға есептеулер 1 Есептеулер жүргізу арқылы аз алынған затты анықтай білу
2 (10) Қышқыл тұз түзе жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеулер 1 Бейтараптану реакциясы бойынша қышқыл тұз түзілуге қажетті реагенттердің массаларын, зат мөлшерлерін есептеулер жүргізу арқылы анықтай білу
3(11) Орта тұз түзе жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеулер 1 Бейтараптану реакциясы бойынша қышқыл тұз түзілуге қажетті реагенттердің массаларын, зат мөлшерлерін есептеулер жүргізу арқылы анықтай білу
4(12) Массалық үлестері мен ерітінді массалары белгілі ерітінділер арасындағы реакция теңдеулері бойынша есептеулер 1 Толықтай реакцияға түсетін заттың массасын, түзілген өнім массасын есептей білу
4-тарау.Күрделі заттардың элементтік құрамын анықтау мен заттың формуласын табуға есептеулер (4 сағат)
1(13) Күрделі заттардағы элемент атомдарының массалық үлестерін және массалық үлестері бойынша заттың формуласын табуға есептеулер 1 Элемент атомдарының массасы бойынша пайыздық үлестерін және керісінше формуласын табуға есептеулер жүргізе білу
2(14) Заттардың қарапайым және молекулалық формулаларын табуға есептеулер 1 Заттың салыстырмалы тығыздығы мен ондағы элемент атомдарының массалық үлестері бойынша қарапайым және молекулалық формулаларын табуға есептеулер жүргізе білу
3-4

(15-16)

Жану өнімдері бойынша есептеулер 2 Жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын табуға есептеулер жүргізе білу
5-тарау.Қоспаларға арналған есептеулер (4 сағат)
1(17) Бастапқы қоспадағы компоненттердің массаларын, массалық үлестерін түзілген газдың көлемі бойынша есептеулер 1 Математикалық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешуді білу
2(18) Түзілген газ көлемі бойынша бастапқы қоспадағы компоненттердің мольдік қатынастарын табуға есептеулер 1 Математикалық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешуді білу
3(19) Берілген реагентпен таңдамалы әрекеттесетін қоспа құрамын анықтауға есептеулер 1 Қопадағы реакцияға түсетін компонент бойынша есептеулер жүргізуді білу
4(20) Массасы белгісіз қоспа құрамын анықтауға есептеулер 1 Түзілген өнімдер бойынша есептеулер жүргізе білу
6-тарау. Құрамында қоспасы бар заттар қатысуына байланысты есептеулер

(2 сағат)

1-2

(21-22)

Қоспадағы компоненттердің массалық үлестерін және массаларын табуға есептеулер 2 Берілген реакция өнімі бойынша бастапқы қоспадағы компоненттердің массаларын, массалық үлестерін анықтауға есептеулер жүргізе білу
7-тарау. Химиялық реакциялардағы өнім шығымын анықтауға есептеулер

(4 сағат)

1(23) Түзілген өнімнің массасы және практикалық шығымы бойынша әрекеттесуші заттардың массаларын, көлемдерін анықтауға есептеулер 1 Өнімнің белгілі массасы және практикалық шығымы негізінде реагенттердің массаларын, көлемдерін есептей білу
2(24) Газ қоспасындағы компоненттердің көлемдік үлестерін табуға есептеулер 1 Өнімнің шығымы бойынша газ қоспасындағы компоненттердің көлемдік үлестерін есептей білу
3-4

(25-26)

Реакция өнімдерінің шығымын есептеу 2 Өнімнің массасы бойынша оның практикалық шығымын есептей білу және керісінше
8-тарау. Ерітінділердің сапалық құрамдарын анықтауға есептеулер (6 сағат)
1(27) Ерітінді көлемі, тығыздығы, еріген заттың массалық үлесі бойынша есептеулер 1 Ұғымдар арасындағы байланыстылықтарды пайдалана отырып есептеулер жүргізе білу
2(28) Ерітінділерді сұйылтуға есептеулер 1 Әртүрлі концентрациялы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу
3(29) Ерітінділердің концентрацияларын арттыруға есептеулер 1 Әртүрлі концентрациялы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу
4(30) Молярлық концентрацияға есептеулер 1 Әртүрлі концентрациялы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу
5(31) Нормалдық концентрацияға есептеулер 1 Концентрацияның бір түрінен басқа түріне ауысуға есептеулер жүргізе білу
6(32) Ерітінділердегі жүретін реакция теңдеулеру бойынша есептеулер 1 Реакция теңдеулері бойынша әртүрлі типтік есептерді шығара білу
9-тарау. Курс материалдарын жинақтап қорытындылау (2 сағат)
1-2 (33-34)

 

Курс материалдарын жинақтап қорытындылау 2 Оқушылардың алған дағдыларын қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Беляева И.И., Сутягина Е.И., Шелепина И.А. «Задачи и упражнения по общей и неорганической химий». Москва «Просвещение» 1989 ж.

2.КузьменкоН.Е:, Еремин В.В. «2500 задач по химии с решениями». Москва «Оникс 21 век», «Мир и образование» 2002 ж.

3.Врублевский А.И. «1000 задач по химии с цепочками превращений и      контрольными тестами» Минск ООО «Юнипресс» 2003 ж.

4.Момынов Ө. «Органикалық химиядан шығарылған есептер жинағы» Шымкент, 2006 ж.