«Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды МАБ-ға дайындау»

Математика сабақтарында

жаңа ақпараттық

технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл

 

 

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1) «Егеменді елдің тірегі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді.»

2) «Математика сабақтарында жаңа ақпараттық

технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау»

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша

қабілетті елу елдін қатарына енуі үшін:

білімді де зерделі, жан-жақты дамыған

дарынды, қабілетті ұрпақ керек» .

Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты

халыққа жолдауынан.

 

«Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды

МАБ-ға дайындау»

 

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемелкеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауындағы «Оқыту үрдісінде –ақпараттық технологияларды білім беру сапасын жақсартуда қолданысаясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудамын.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.

Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

  1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;

Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;

Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны оқушыға беру процесі.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану,Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру;  Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:

Сабақта ақпараттық  технологиялар құралдарын қолдану;

Практикалық шараларды анықтап,жүзеге асыру;

Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа ақпараттық технология құралдары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын.Ол оқушылардың интеллектін,логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.

Математика  пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай,оқушының ойын дамытып,эмоциясына,сезіміне қозғау салады.Өзіне қажетті мазмұын мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап,өз бетінше ойланып,шешім қабылдауға дағдыланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталды.Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:

1.Білім,білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2.Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3.Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

4.Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

5.Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

6.Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Ақпараттық инфрақұрылымның дамуы ақпараттық технологиялардың барлық салаларға енуі оқушылардың жан-жақты  білім алуына жағдай жасайды.

Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады.Әртүрлі сызбаларды көрсетуде мысалы-«» тақырыбында жылдамдық түрлі-түрлі сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар,сызғыш,транспортир,қажетті кескін суреттерді тез тауып сызып қолдануға болады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.

Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан  тереңдетіп оқыту сабақтарында қосымша бай-материал көздерін ізденіп қолданамын.Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал іздеп қана қоймайды,әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді.

Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.

Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Саналы да сапалы білім алған оқушы   ұлт келешегі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін,сырын меңгерген,құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ,мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп,дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді,ал сабақ сапасын арттыру-барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып,білімге ынтасын төмендетері сөзсіз.Сондықтан өз жұмысымда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге,бұған оқушыларды тартып,олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды міндет етіп қойдым.

«Білім туралы» заңның 41 бабында мұғалімнің міндеттерін көрсететін норма анықталған. Заңның осы бабына сәйкес мұғалім оқыту нәтижесінде оқушының алатын білімі мемлекеттің білім стандарты талаптарын төмен болмауына қол жеткізуге міндетті.Ал, тәжірбие көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай нәтижеген қол жеткізуге кепілдік бермейді.Сол себепті қазіргі білім жүйелерін технологиялау педагогикалық практиканың жаңа,болашағы мол бағыты деп есептеліп отыр.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа

Енді, осы тақырып негізінде және өзімнің негізгі проблемалық тақырыбым негізінде, осы бағытта жасаған жұмыстарымның үлгісі ретінде жыл бойы мектебімізде өткізілген сабақ жоспарларын ұсынып отырмын.

    ІІ. Негізгі бөлім

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сандардың нумерациясы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Сандардың нумерациясы жайында түсінік беру. Мың көлеміндегі сандарды  оқу, жазу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірлеуін, бірліктер класын қайталау.

  1. Дамытушылық:

Ой -өрісін дамыту, өз  бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;

  1. Тәрбиелік:

Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.  Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: аралас

Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, қайталау;

Сабақтың  көрнектілігі:  интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар, кірпінің суреті, жемістер.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,

Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.

ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.

Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.

ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.

І. Жаңа сабақ.

Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.

Ендеше хатты оқиық.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек

Күз келді, бірақ  жемістерді жинап үлгермей жатырмын.

Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші,  балалар!!!

Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге?

Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз.

ІV. Жаңа тақырып

Бүгінгі біздің тақырыбымыз Сандар нумерациясы.

Тақтаға назар аударамыз.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Балалар, біз үшінші сыныпта мың көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды, үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу мен көбейтуді  өткенбіз. Мысалы:

562+56

687-57

682:2

154*4 (мұғалім тақтаға шығарып, оқушылардың естеріне түсіреді)

1-слайд. «Контейнер» ойыны. Натурал сандарды контейнерге жинастыру. Оқушыларды кезекпен шығару.

Сандар: 5, 200, 254, 100, 1000, 589,   5

2

2) Математикалық диктант:

А) ең кіші екі таңбалы сандыжаз: 10

ә) ең үлкен үш таңбалы санды жаз: 999

Б) ең үлкен екі таңбалы санды жаз: 99

Жұппен жұмыс істеу: Жазғаннан кейін оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін тақтаға қарап тексереді.

2-слайд.  Жауабы: 10, 999, 99

  1. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру.

Салыстыр:

І-қатар                                      ІІ-қатар                                      ІІІ-қатар

384 * 385                                  749 * 649                                     865 * 845

600 * 598                                  758 * 738                                     400 * 398

2м 3дм 5см * 235 см                3 м 2 дм 4 см *324 см             4 м 3 дм  2 см  *  432 см

(Оқушылармен жарыс ұйымдастыру. Қай қатар тез шығарады. Бір-бірден тақтаға шығып орындайды)

  1. Ауызша талдап, содан кейін дәптерге сандарды кему ретімен өз беттерімен жаздырту.

3-слайд.

А) Кестедегі сандарды қалдырылып кеткен цифрларын ата. Осы сандарды кему ретімен жаз.

жүздіктерондықтарбірліктерСанның оқылуы
538Бес жүз отыз сегіз
53Бес жүз отыз
58Бес жүз сегіз

ә) Кестедегі сандарды оқы және  осы сандарды өсу ретімен жаз. Олардың әрқайсысында әрбір разрядтың неше бірлігі бар екенін айтып бер.

жүздіктерондықтарбірліктерСанның оқылуы
3-разряд бірліктері2-разряд бірліктері1-разряд бірліктері
347
300
407

4-слайд. Есте сақтау! Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты құрайды. Оны бірліктер класы дейді.

  1. Сұрақтарға жауап беру:

а) 999 неше таңбалы сан? Осы санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар?Оңнан солға санағанда  бірінші орында 9 саны нені білдіреді? Екінші орындағы 9 саны ше? Үшіншідегі ше?

ә) 999 кім разряттық қосылғыштарға жіктеп жазып береді?

Б)  999+1 тең неше болады?

5-слайд.

Мың –екінші кластың, яғни мыңдар класының бірлігі.

  1. Сергіту сәті
  2. Оқулықпен жұмыс. 5-бет, 8-тапсырма.

Есеп шығару.

«Жетісуда» — 300 оқушы

«Сарыарқада» — одан 100 оқушы артық

«Сарыарқада» -?

Шешуі: 300+100 =400

Жауабы: «Сарыарқада»  400 оқушы демалды.

  1. Шығармашылық тапсырма:

6-слайд. Сандарды жалғастырып айт:

890, 895, 900…..

  1. Топпен жұмыс № 9 5-бет.

7-слайд. 1-бағанды  І-топ орындайды

7 м =…..см

7 жүзд. =  …. бірл.

7 дм = …см

7 онд.  =   … бірл.

2 -бағанды  ІІ-топ орындайды

600 бірл. = … жүзд

600 см = ….м

600 см = …. дм

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?

Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.

Слайд «жемістер»

Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.

Күз келіп  жемістерді  жинасын.

VІІ. 8-слайд.

Үйге тапсырма: 5 бет № 10