Анықтама

42

Анықтама

 

Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. Жеке адамдарға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы т.б.) қалыпты қағаздарға толтырылып, мекеме басшысының қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМА № 124

 

Осы анықтама «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің 8 «Б» сынып оқушысы Мұхаметжанова Айгүлдің осы мектепте оқитынын растау үшін берілді.

 

Анықтама  2007 жылдың қыркүйек айына дейін жарамды.

 

 

«№30 орта мектеп» ММ директоры                      қолы                             Сағымбаев  М.А.

Мөр орны

 

15.09.2006.

 

 

 

АНЫҚТАМА № 125

 

Осы анықтама Қасенова Айгүл Мұратқызына 2000-2006 жылдары «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс істегенін растау үшін берілді.

 

Анықтама  талап етілу орнына көрсету үшін берілген.

 

«№30 орта мектеп» ММ директоры                        қолы                        Таңатаров М.А.

Мөр орны

 

15.09.2006.

 

  • тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
  1. Анықтамалар кімге беріледі?
  2. Не үшін беріледі?
  3. Қайда тапсыру үшінберіледі?
  4. анықтама кімнің атынан беріледі?

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаХабарландыру
Келесі жазбаЖеделхат